» » Қазақ тілі 11 сынып ҚМЖ орыс сыныптарына

Қазақ тілі 11 сынып ҚМЖ орыс сыныптарына

29 октябрь 2016, Суббота
2 897
0

Қазақ тілі Мұғалім: Уақыты: 03.09.15 Кабинет:21
Сабақтың атауы Сөз мәдениеті және шешендік өнер туралы ұғым
Мақсаты Сөз мәдениеті және шешендік өнер туралы ұғымды қалыптастыру
Көрнекілігі Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

 

Қызығушылықты ояту

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру
«Сөз мәдениеті және шешендік өнер» Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау
Қызығушылықты ояту(10 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/
Шешендік өнер дегеніміз не?
Сөз мәдениеті дегенді қалай түсінеміз?
Монолог,диалог,полилог деген ұғымдарды даралап көрсету.
Оқулықтағы 2 жаттығуды дәптерге орындату
«Шешеннің сөзі — шамшырақ» атты ойтолғау жаздыру Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беруОқулықтағы жаттығуларды топтарда бөліп орындау
Мағынаны тану
Ой толғаныс БББ кестесі

 

Білемін Білдім Білгім келеді
     
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма «Шешен тіл шешер сан істі» тақырыбына шығарма жазып келу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу Күнделіктеріне жазады
           

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі Мұғалім:С.Өсербаева Уақыты: 03.09.15 Кабинет:21
Сабақтың атауы Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік
Мақсаты Ұлттық шешендік өнер туралы түсінікті қалыптастыру
Көрнекілігі Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

 

Қызығушылықты ояту

Шешендік сөздер туралы мәлімет беру.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері — атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.

 

Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен — би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан — саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен — билердің) атынан айтады. Осындай әдеби — халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсіреп шешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т. б. деп атау қалыптасқан.
Би атауы — әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.
Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз — ел — жұрттың әдет — ғұрпын, салт — дәстүрін, өткен — кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан — жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы — қырлы мінез — құлықтарды айтқызбай – ақ доп басатын, ғылым — білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.
Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына “Ізбасты”, “Байұлы”, “Жәнібек батыр”, “Жиренше шешен” тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған “даналық әліппелерін” енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде – ақ білген.
Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі — М. Әуезов болса, 30 — жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады
Одан кейін қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген ғалым Әмина Маметова. Ол өзінің “Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны” кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың аттарынан айтылатын сөздердің әдеби мәнін толығырақ анықтай түседі. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:

Мағынаны тану
Ой толғаныс 1. Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2. Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3. Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4. Дау — жанжалдардың бітімін екі – ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы Екі жақты күнделік

 

Менің ойым
Кітапта жазылған

 

 

 

 

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Комментарии: