Войти на сайт Регистрация

Сызу 9 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

Сызу пәні

9-сынып

 

Тақырып мазмұны Сағат саны Міндетті

 

графикалық

жұмыстар

Мерзімі
Теория Практика Барлығы
Кіріспе

 

1 сағат

Сызу пәні. Сызбаның дамутарихы 1   1    
Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және сызбадағы геометриялық салулар

 

9 сағат

Сызу аспаптары, материал-дары және жабдықтары 1   1    
Стандарттар туралы ұғым.

 

Масштабтар. Сызбаны оны

Шектейтін сызықпен және

Негізгі жазумен безендіру.

Сызба сызықтары

1 1 2 Сызық түрлері  
Графикалық жұмыс № 1   А4 пішімі  
Сызба қаріптері. Сызбаларға

 

өлшемдерді түсіру

1 1 2 Сызба қаріптері  
Графикалық жұмыс № 2      
Перпендикуляр түзу салу.

 

Түзу кесінділерін бөліктерге

бөлу. Бұрышты салу және тең бөліктерге бөлу

1   1    
Шеңберлерді тең бөліктерге

 

бөлу

1   1 3, 6, 4, 8, 5, 10-ға  
Графикалық жұмыс № 3   А4 пішімі  
Сызықтардың түйіндесулері 1 1 2 А4 пішімі

 

Ішкі және сыртқы түйіндесулер

 
Проекциялау әдістері

 

8 сағат

Проекциялау. Центрлік және параллель проекциялау. Тік бұрыштап проекциялау 1 1 2    
Аксонометриялық проекция-ларды алу және салу (фронтальдиметриялық және изометриялық проекциялар) 1 1 2    
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциялары 1 1 2 А4 пішімі, текше ішіндегі овалдың изометриясын салу  
Техникалық сурет 1 1 2    
Геометриялық денелер мен модельдердің проекциялары

 

12 сағат

Нәрсенің геометриялық пішіндерін талдау 1   1    
Геометриялық денелердің сызбалары 1 2 3 6 қырлы призма, цилиндр және т.б.  
Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясы 1 1 2    
Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу 1 1 2    
Берілген екі көрінісі бойынша нәрсенің үшінші көрініс салу. Тесігі мен ойығы бар геомет-риялық денелер проекциясы 1 1 2 А4 пішімі, нәрсенің пішімі-нің өзгеруі  
Геометриялық дене беттерінің жазбалары 1 1 2    
Кескіндер – көріністер, қималар және тіліктер

 

12 сағат

Сызбада көріністердің орналасуы. Жергілікті көріністер 1 1 2    
Қима және оны орындау 1 1 2 А4 пішімі, қарапайым қиманы орындау  
Қарапайым тілікті белгілеу және орындау 1 1 2 А4 пішімі, қарапайым қиманы орындау  
Күрделі тіліктер 1 1 2    
Көрініс пен тілікті біріктіру 1 1 2    
Тіліктерді аксонометриялық проекцияда салу 1 1 2 А4 пішімі, аксо-нометриялық тілік  
Машинажасау сызбала-ры туралы жалпы мағлұмат

 

14 сағат

Бұйымдар туралы жалпы түсінік. Тетіктерді біріктіру тура-лы жалпы мәліметтер 1   1    
Бұранданы кескіндеу және белгілеу 1   1 А4 пішімі, жұмыс сызбалары  
Тетіктерді біріктіру сызбалары (ажырайтын біріктіру) 1 1 2    
Тетіктерді біріктіру сызбалары (ажырамайтын біріктіру) 1 1 2    
Құрастыру сызбалары туралы жалпы мәлімет 1 1 2    
Қарапайым құрастыру сызбаларын оқу 1 1 2    
Бөлшектеу 1 1 2 А4 пішімі, жұмыс сызбалары  
Эскиздердің атқаратын қыз-меті және оның орындалуы 1 1 2    
Құрылыс және топогра-фиялық сызбалардың элементтері

 

6 сағат

Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері (ғимараттың қасбеті, жоспары, тілігі). Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілер 1 1 2    
Қарапайым құрылыс сызба-ларын оқу 1 1 2    
Топографиялық сызулардың элементтері 1 1 2    
Графикалық редактор-дың негізгі жұмысы

 

4 сағат

Компьютердің графикалық программалары туралы түсінік 1 1 2    
Графикалық редакторда сызбаны орындау   2 2 Қарапайым тіліктің сызбасын орындау  
Қорытынды   2 2    
Барлығы 38 30 68    

 

 

 

 

 

     Сабақ № 1                                                                                                                                                                                 Тақырыбы: «Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы»

  Мақсаты: Өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды.Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру. Сызбаның даму тарихымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:  Сызбаның даму тарихымен танысады және техникалық білімдерінің қажеттілігін түсінеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдістері:              түсіндіру, сұрақ- жауап

Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, жұмыс дәптері

                                                   Сабақтың барысы

  Мұғалім: Қазіргі өндірісте сызбаның маңызы зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетікбөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдарын құрастырады.

Сонау ерте замандарда адамдар жер бетіне, тастарға жабайы аңдардың, болашақ құрылыстардың суреттерін бейнелеген. Кейінірек осы сияқты кескіндерді күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың сыртына бейнелеу орын алатын болған. Алғашқыда сызбалар көз мөлшерімен қолмен салынды. Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқа да нысандарды салу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды.

Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады.

ХҮІІІ ғасырда сызбалар аса ұқыптылықпен, түрлі түсті бояуларды пайдалану арқылы орындалды. Бұл сызбаларда нәрселердің шартты тіліктері жасалды және оларда нәрсенің материалының түріне байланысты тіліктердің орындары әр алуан түстермен бояу арқылы берілді. И. И. Ползунов пен И. П. Кулибиннің сызбалары бұл өнертапқыштардың нәрсенің дәл проекциялық сызбасын салу саласындағы танымдық қабілеттерінің жоғары болғандығын көрсетеді. (5-6 сурет, И. Кулибиннің арқалы көпірінің жобасы және И. Ползуновтың бу машинасы құрылысының схемасыныуң суреттері көрсетіледі).

Сызбаларды орындау тәжірибесі ХХ ғасырдың басында жетілдіре түсті. Елдерді индустрияландыру, машина жасау мен басқа да өнеркәсіптің пайда болуы, жаңа зауыт фабрикаларды салу ісінің жандануы сызбаларды кеңінен қолдану мәселесін алға қойды (7-сурет, жеңіл автомобильдің сызбасын көрсету).

Сызу дегеніміз сызбаларды орындау мен оның оқу ережелерін баяндайтын пән. Сызуды тек қана мектепте емес, сонымен қатар училищелерде де, колледждерде де, университеттерде де оқып үйренеді. Сызбаны, көбіне, информация беретін графикалық құрал деп айтады. Сызу математика, геометрия пәндермен байланысты.

Сызба дегеніміз  — нәрсенің немесе ол жасалатын, бақыланатын, орнатылатын және жөнделетін бөліктердің графикалық кескінін қамтитын құжат. Сызбалар бойынша құрасшылар тұрғын үйлер, фабрикалар, зауыттар, жолдар және тағы басқа инженерлік нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар, станоктар, турбиналар жасайды және т. Б.

Оқушыларға сұрақ қойылады:

Сызу нені зерттейді?     Сызба деген не?      Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?

Өзіндік жұмыс: Сұрақтарға жауап жазу.

Бағалау. Сұрақ-жауап арқылы

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 2                                                            

Тақырыбы: «Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сызу аспаптарын пайдалану тиімді жолдары. Стандарттар. Пішімдер.»

Мақсаты: Оқушыны сызбаны рәсімдеудің жалпы ережесімен таныстыру және сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру. Аспаптармен жұмыс істеп, үйрену, стандарттар туралы ұғым алып, масштабпен жұмыс істеп үйрену.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істеп дағдыланады, стандарт және масштабты қолдана біледі.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:              практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат А4

                                                   Сабақтың барысы 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы сызу тарихын қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Сызбаларды орындау үшін әрқайсысыңда аспаптармен жабдықтардың жиынтығы болу керек.

Сызғыштар. Ұзындығы 250-ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз.

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданады. Олардың біреуінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 45º-тан, ал екіншісінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60º және   30º.

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін.

Даярша. Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтыңы даярша деп аталады. Соның ішінде шеңберсызар (циркуль), өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, тушьпен бастыру үшін рейсфедер, ұзартқыш, ине және графит өзектері.

Қағаз. А4 пішіміндегі формат қолданады. Сызбаныкез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды.

Пішімі  А1: ұзындығы – 841 мм,  ені – 594 мм.

Пішімі  А1: ұзындығы – 594 мм,  ені – 420 мм.

Пішімі  А1: ұзындығы – 420 мм,  ені – 297 мм.

Пішімі  А1: ұзындығы – 297 мм,  ені – 210 мм.

Өшіргіш. Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарайқатты, жұмсақ, қаттылығы орташа қарындаштар деп бөлінеді.М,  2 М,  3М –жұмсақ, ТМ қаттылығы орташа,

Т қатты. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.

Стандарт дегеніміз өндірістің барлық салаларындағы конструкторлық құжаттарды орындау мен безендірудің бәрыңғай ережелерін тағайындайтын нормативтік құжат. Олардың кейбіреулеріне әлі күнге дейін МЕСТ 27456-90 деп жазылады, ол мемлекеттік стандарт, тіркеуге алынған өнімге берілген нөмірді және стандарт бекітілген мерзімді көрсетеді.Стандарттаудағы сапаның негізгі көрсеткіші , өнімдің сенімділігі мен шыдамдылығы.

Мектепте негізінен қабырғаларының өлшемдері 297 х 210 мм болатын А4 пішімін пайдаланады.

Шектейтін сызықтар сол жағынан 20 мм , үстінен, төменнен, оң жақтан 5 мм және төменгі оң жақтан негізгі жазу орналасады.

  1.  Жұмыс орнын ұйымдастыру және сызба құралдарымен жұмыс істеудің ұтымды әдістерімен танысады. Қарындашпен, шеңберсызармен жұмыс істеу әдістерін жаттығу арқылы үйренеді.
  2. Бекіту.  Бақылау сұрақтары
  1. Қарындаштарға қатысты қандай талаптар қойылады?
  2. сызба құрал-жабдықтарының жиынтығын атаңдар.
  3. Практикалық жұмыс. 30, 45, 60, 135 бұрыштар тұрғызу, бір-біріне параллель сызықтар жүргізу, диаметрі 10, 15, 40, 60 мм шеңбер салу.
  4. Бағалау.
  5. Үй жұмысы. Практикалық тапсырманы бітіру.

 

 

Сабақ № 3                                                            

Тақырыбы: «Сызба сызықтарының түрлері»

Мақсаты: Оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстыра отырып, сызықтарды ажыратуға және дұрыс сызуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істей отырып сызықтардың түрлерін сызады

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:              практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  компьютер, слайд, сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат А4

                                                   Сабақтың барысы 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Нәрселерді сызбада кескіндеу үшін жазылуы мен жуандығы әр түрлі сызықтар қолданады. Негізгі жуан тұтас, тұтас жіңішке, тұтас ирек, штрих, штрихпунктир жіңішке, жіңішке қос нүктелі штрихпунктир, үзік сызық.

Бірақта пайдаланатынымыз тек 4 түрі, олар төмендегі кестеде көрсетілген.

Сызба сызықтарының түрлері

 

Похожие статьи:
Әліппе, Ана тілі, Дүниетану, Еңбекке баулу, Математика — 1 сынып Алматыкітап баспасы ОМЖ орта мерзім жоспарлары

Әліппе, Ана тілі, Дүниетану, Еңбекке баулу, Математика — 1 сынып Алматыкітап баспасы ОМЖ орта мерзім жоспарлары

Әліппе  1-сынып   Р/с Р/с     Тақырыптар Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары Сағат саны Мерзімі Күтілетін нәтиже Оқытуда...
Бейнелеу өнері 1 сынып күнделік сабақ жоспарлары «Атамұра» 34 сағат

Бейнелеу өнері 1 сынып күнделік сабақ жоспарлары «Атамұра» 34 сағат

1-сынып Бейнелеу өнері Алматы «Атамұра»   34 сағат Сабақ жоспарлары   Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған...
Қазақ тілі, Математика, Дүниетану, Еңбекке баулу, Әдебиеттік оқу 1-сынып ОМЖ Орта мерзім жоспарлары Атамұра

Қазақ тілі, Математика, Дүниетану, Еңбекке баулу, Әдебиеттік оқу 1-сынып ОМЖ Орта мерзім жоспарлары Атамұра

Қазақ тілі 2-сынып Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан   Р/с Р/с     Тақырыптар Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары Сағат...
Қазақ тілі, Математика, Дүниетану, Еңбекке баулу, Әдебиеттік оқу 3-сынып ОМЖ Орта мерзім жоспарлары Атамұра

Қазақ тілі, Математика, Дүниетану, Еңбекке баулу, Әдебиеттік оқу 3-сынып ОМЖ Орта мерзім жоспарлары Атамұра

      Қазақ тілі 3-сынып Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан   Р/с Р/с     Тақырыптар Оқып-үйренудің...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
КРАТКОСРОЧНОЕ КТП ОМЖ ОРТА ПЛАНЫ ПОУРОЧНЫЕ СРЕДНЕСРОЧНОЕ ксп ссп ҚМЖ