» » Сауат ашу 1-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Сауат ашу 1-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

22 апрель 2018, Воскресенье
1 588
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» .............................................................................................. 4
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 15
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 19
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 24
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................................ 24
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 35
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 42
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 49
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................................ 49
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 59
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 67
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 74
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................................ 74
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 81
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 89
3
1-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.1.1.Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз, сөйлем) анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңда.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?
Шешуі: ( )
Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша ұрсаң да сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.
Бұл не?
Шешуі: ( )
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Бұл не?
Шешуі: ()
• Жұмбақтың шешуін қандай сөздер немесе сөйлемдер арқылы табуға болады? Түсіндір.
• Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- жұмбақтардың шешуін табады;
- жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды;
- жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырады.
4
Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін) атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Өлеңде не туралы айтылған? Белгіле ()
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
- мәтінге сәйкес суретті белгілейді.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Ұ. Есдәулетов)
5
Бөлімше1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты
1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Балалар қайда келді?
•Әжесі Әлиядан не сұрады?
•Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсың? Өз ойыңмен бөліс.
•Жұпта бір-біріңе мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Дескриптор
Білім алушы - мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; - сұраққа қатысты өз ойын айтады және түсіндіреді; - мәтінді жүйелі мазмұндайды.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады. Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба алмады. Әжесі Әлиядан:
- Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
- Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан шықпайды,- деді Әлия. 6
Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты
1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрациясы бойынша болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп,мәтіннің мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Әңгіме құрастыр.
Қамқорлық
Дескриптор
Білім алушы
- оқиғаның соңын болжап айтады;
- бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
7
Бөлімше 1.5. «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс
қолдану»
Оқу мақсаты
1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сыпайы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Тірек сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап бер.
Тірек сөздер:
Не деу керек?
Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын, Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай. Сен де шықтың, көршіңді Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек?
Осы келген бетіңде, Допты қудың жарыстың, Көшенің сол шетінде, Кезікті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді?
Добын апар Назардың,Деді ағаң бармадың. Тапжылмадың, сазардың, Аға тілін алмадың. Сен қай сөзді айтпадың?
Әжең сенің түскі асқа, Қант-кәмпит салды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?
Үй артында қоқысты, Жатқан көптен үйіліп. Тазалайды қарт кісі, Белі зорға иіліп. Не дегенің жөн еді?
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңнің мазмұнына сәйкес сыпайы сөздерді атайды.
Кешіріңіз
Рақмет
Рұқсат па?
Жарайды
Көмектесейін
Сәлем
8
Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты
1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емесқұралдарды, дауыс ырғағын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда
Жұптық жұмыс
Үлгіге сүйеніп, диалог құрастырыңдар. Бір-бірің туралы ақпарат жинаңдар.
•жасы;
•ата-анасы;
•отбасындағы адам саны;
•сүйікті ойыншығы;
•сүйікті ойыны т.б.
Досыңды сыныпқа таныстыр. Таныстыру кезінде басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолдан.
Дескриптор
Білім алушы
- жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;
- жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;
- тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды, ым-ишараны қолданады.
- Сенің атың кім?
- Менің атым – Марғұлан.
- Сен неше жастасың?
- Мен алты жастамын.
- Сен ше?
- ....
9
Бөлімше 1.7. «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты
1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінге қатысты пікірін айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін кім/не туралы?
•Мәтіннің қай бөлігінде күлкің келді?
•Мәтін саған ұнады ма? Ұнамады ма? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты көзқарасын айтады;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде Айдарға ілесіп мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады. 10
Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
11
Бөлімше 1.9. «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс дыбыстау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты/дауыссыз)ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі заттарды ата. Сөзде неше дыбыс бар? Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк түспен боя.
Дескриптор
Білім алушы - суреттегі заттарды атайды; - сөздегі дыбыс санын анықтайды; - дауысты дыбыстарды анықтайды - дауыссыз дыбыстарды анықтайды.
12
Бөлімше 1.9. «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды
•Сөздердің мағынасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңда. Не байқадың? Өзгерген дыбыстарды ата. Сөздердің мағынасын түсіндір.
•Өзің бірнеше мысал келтіріп айт.
Дескриптор
Білім алушы:
- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды;
- сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- өздігінен мысал келтіреді.
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР
АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ – ШӨЛ
ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ
13
Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөзді буынға бөледі
•Сөздегі буын санын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айт. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- буынды сызбамен көрсетеді;
- сөздегі буын санын анықтайды.
14
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сызбамен берілген сөзді және сөйлемдерді оқиды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөздер мен сөйлемдер құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы:
- сызбаға сәйкес сөздер айтады;
- сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып, оқиды.
15
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді оқы. Суреттермен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
- сөздерді мағынасына қарай сәйкес суреттермен байланыстырады.
ша-на
тау-лар
та-ға
нан
қо-ша-қан
пар-та
16
Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере
білу»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу, қойылған сұраққа жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
•Сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша бір-біріңе сұрақ қой. Жұбыңның сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- иллюстрацияның мазмұны бойынша сұрақ қояды:
- сұрақтарға жауап береді;
- сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс қояды;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды.
17
Бөлімше 2.9. «Дыбыс пен əріпті тану жəне ажырату»
Оқу мақсаты
1.2.9.1. Əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен сəйкестендіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріпоқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді оқы. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады?
Сол әріпті қоршап сыз.
Дескриптор
Білім алушы - сөздерді дұрыс оқиды; - көп нүктенің орнына тиісті әріпті анықтайды.
18
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 3.3. «Жоспар құру»
Оқу мақсаты
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінге жоспар құруда суреттер мен сызбалардықолданады
•Мәтінге ат (тақырып) қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Үлгі бойынша мәтінге жоспар құр.
Үлгі:
1
2
3
4
•Мәтінге ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі;
- мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп көрсетеді;
- мәтінге ат қояды.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.
Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ басталды. 19
Бөлімше 3.4. «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты
1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіндегі ақпаратты сурет/сызба/ белгілер арқылытүсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Балалардың атын салғансуреттерімен байланыстырып сыз. Бос орынға автор салған суретті сал.
Дескриптор
Білім алушы
-кейіпкерлердің салған суреттерін анықтайды;
-бос орынға әңгімелеушінің салған суретін салады.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі. Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін салыпты. Мен мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп қойдық.
20
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу жəне орынды қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заттың аты мен санын білдіретін сөздердіажыратады және дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына санын қосып айт.
Дескриптор
Білім алушы - заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады; - заттың санын білдіретін сөздерді ажыратады; - заттардың атауын санымен байланыстырып айтады.
21
Бөлімше 3.10. «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.2 Тəуелдік жəне жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрысқолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айт.
•Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
... оқушысың.
... дәптерім.
Дескриптор
Білім алушы
- сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
22
Бөлімше3.11. «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.11.1 Сөйлемді бас əріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлем жазуда бас әріп пен тыныс белгілеріндұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Сөйлемді сызба түрінде жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен
жазып көрсетеді;
- сөйлемді бас әріптен бастап жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
23
2-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,сөйлем) анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Мәтінде қанша сөйлем бар?
•Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің негізінде сызба бойынша сөйлем құрастырады;
Менің Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста.
Мен оны өте жақсы көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет салуды үйретіп жүрмін.
Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол мені жақсы көреді.
24
Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін)атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін не туралы?
•Мәтінге сүйеніп, құстарды сипаттап айт.
•Суреттерге мұқият қара. Суреттің астына құстың атауын жаз.
_______________________ ________________________
Дескриптор
Білім алушы
-мәтіннің не туралы екенін атайды;
- құстарды сипаттап айтады;
- құстардың атауын жазады.
Ұзақ пен қарға
Ұзақ пен қарғаны ажырата аласың ба? Ұзақтың денесі қарғадан кіші. Түсі қап-қара. Тек мойын тұсы сұр. Ұзақ - жыл құсы.
Қарғаның бүкіл денесі сұр түсті. Ал басы, мойны және қанаттары қара түсті. Қарға - отырықшы құс.
25
Бөлімше 1.3. «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты
1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда. Суреттердің ретін тауып, нөмірле.
Екі әтеш
(Ертегі)
Ертеде бір шал мен кемпірдің екі әтеші болыпты. Бір күні кемпір оларға жем шашады. Әтештер жемді жей бастайды. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр әтешті қайта-қайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алады. Содан соң екеуі төбелесе кетеді. Олар бір-бірімен таласып жатқанда, көрші үйдің балапандары келіп, жемнің бәрін жеп қойыпты.
•Суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
26
Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп, мәтінніңмазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастыр. Оқиға немен аяқталуы мүмкін?
Дескриптор
Білім алушы - суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды; - тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады; - сөйлемдердің құрылымын сақтайды; - өз ойын жүйелі жеткізеді.
27
Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс
қолдану»
Оқу мақсаты
1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сыпайы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сурет бойынша диалог құрастыр. Сыпайы сөздерді қолдан.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сұрақтар құрастырып, диалогке түседі;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында сыпайы сөздерді орынды қолданады.
28
Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты
1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емесқұралдарды, дауыс ырғағын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Кім қайда барады?
Жұптық жұмыс
•Өлеңнің мазмұнын диалог түрінде әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы - өлеңнің мазмұны бойынша диалог құрастырады; - диалог барысында сөйлеу мәнерін сақтайды, ым-ишараны қолданады.
- Атай, қайда барасыз?
- Немереме базардан
Қауын, қарбыз әкелем.
- Әжей, қайда барасыз?
- Немереме қыздардан
- Сағыз сұрап әперем.
- Ағай, қайда барасыз?
- Балам жақсы көретін
Қарап жүрмін күшік мен.
- Апай, қайда барасыз?
- Балам қыста киетін
Іздеп жүрмін ішік мен
- Бала қайда барасың?
- Алаңқайға барамын,
Доп ойнауға жарадым! (Е. Өтетілеуұлы)
29
Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінге қатысты пікірін айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін не туралы?
•Құс неліктен ұясына қонбады?
•Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды?
•Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.
Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя тауып алды. Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып шиқылдай бастады.
Бір кезде балапандардың енесі ұшып келді. Бірақ ұясына қонбай, балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның қасынан кетіп қалды.
30
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Жұпта әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- мәтінді жүйелі әңгімелейді;
31
Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс дыбыстау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты жәнедауыссыз) анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді мұқият тыңда. Сөздегі әр дыбыстың дауысты немесе дауыссыз екенін анықтап, сәйкес белгіні көтер.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздегі дауысты дыбыстарды анықтап, сәйкес белгімен көрсетеді;
- сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтап, сәйкес белгімен көрсетеді.
32
Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды
•Сөздердің мағынасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Анаграмманы мұқият тыңда. Шешуін тап. Сөздегі өзгерген әріптерді ата. Әр сөздің мағынасын түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- анаграмманың шешуін табады;
- өзгерген дыбыстарды анықтайды;
- сөздің мағынасын түсіндіреді.
Сөз басында «Б»-болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө»-болса,
Жазда пісіп толамын.
(… - …. )
Егер «М»-дан бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын. (… - …. )
33
Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөзді буынға бөледі
•Сөздегі буын санын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Заттардың атауын буынға бөліп айт. Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- сөздегі буын санын анықтап, жазады.
34
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сызбаға мұқият қара. Сызбаға сәйкес келетін суреттерді тауып, белгіле (). Түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- сызбаға сәйкес суреттерді белгілейді;
- сөзге дыбыстық талдау жасайды.
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастыр және оқы.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
- сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
35
Бөлімше 2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтінді дауыстап оқы.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет пен сөзді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
36
Бөлімше 2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
•Сенің ойыңша, партаны сызған кім? Неліктен?
•Елемес неге үнсіз тұр?
•Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннің кейіпкеріне қатысты пікірін айтады;
-мәтіннің мазмұнына сүйеніп, автордың ойын тұспалдайды.
Кім кінәлі?
- Кім сызды мына партаны?- деп ұстаз бізден сұрады.
Үсенбек айтты: -Мен емес.
Үміт айтты:
- Мен емес.
Күміс айтты:
-Мен емес.
Бұған жалғыз кінәлі -
Елемес үнсіз тұр әлі.
37
Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәндес сөздерді анықтайды
•Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Сөздерді оқы және суретпен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
-сөздердің мағынасын анықтайды;
- мәндес сөздерді табады және суретпен сәйкестендіреді.
2-тапсырма
Берілген сөздерді оқы. Сөздерді суретпен сәйкестендір. Суретке сүйеніп, берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөз жаз.
Дескриптор
Білім алушы - сөздерді мағынасына сәйкес суретпен байланыстырып сызады; - берілген сөзге қарама- қарсы мағыналы сөзді жазады.
38
Бөлімше: 2.5. «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
•Сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша жұпта бір- біріңе сұрақ қой және жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
- қойылған сұраққа дұрыс жауап береді.
39
Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»
Оқу мақсаты
1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы.
• Талғаттың қандай ойыншықтары бар? Белгіле ()
•Оқыған мәтін ертегі ме, әлде әңгіме ме?
А) ертегі
В) әңгіме
С) өлең
D)мақал
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтінге қатысты ақпаратты табады;
- мәтіннің жанрын анықтайды.
Менің інім бар. Оның аты - Талғат. Ол әлі кішкентай. Інім балабақшаға барады. Інімнің ойыншықтары көп. Олар: мəшине, доп, текшелер, қонжық. Інім қонжығын жақсы көреді. Ол ойыншықтарын ұқыпты ұстайды.
40
Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»
Оқу мақсаты
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Әріптерді таниды және дыбыспенсәйкестендіріп оқиды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді оқы.
•Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
Дескриптор
Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқиды.
- сөздегі әріп пен дыбыс санын анықтайды.
а
ғ
ш
ы
н,ң
и
р
қ
а,я
к,г
ө
ө
н
і
с
к
41
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрастыру»
Оқу мақсаты
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықта. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы - сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды; - суретті қатыстырып сөйлемдер құрастырады; - сөйлемдерді толықтырып жазады; - сөзді сауатты жазады.
Әжем қонақтарға ________________ ұсынды.
______________ шай ішті.
Әкем ____________________________ тартты.
______________ маған айран құйып берді.
42
Бөлімше3.7 «Қатені табу және түзету»
Оқу мақсаты
1.3. 7.1 Мұғалім көмегімен cөз/сөйлем/мәтінді тексеру және қателерін түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөз, сөйлем, мәтінде жіберілген қателердіанықтайды
•Мұғалім көмегімен қатені түзетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқы. Не байқадың? Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы - сөйлем құрылымында жіберілген қатені анықтайды; - сөздерді дұрыс байланыстыра отырып, сөйлем құрастырады; - сөйлемдерді сауатты жазады.
Менің отбасым шағын. Отбасымда бар төрт адам. Олар әкем, анам, қарындасым және мен. Менің мұғалім. - дәрігер. Мен оқимын сыныпта екінші. кішкентай. Ол барады балабақшаға.
43
Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суреттердің атауын жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;
- жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды;
- сөздерді сауатты әрі көркем жазады.
2-тапсырма
Жаңылтпаш өлеңдерді мұқият тыңда. Сөздерді жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады;
- естіген сөздерді сауатты жазады;
- жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтап,
көркем жазады.
44
Бөлімше3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.9.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқсөздерді есту арқылы сауатты жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді есту арқылы жаз.
Сөздік диктант
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді есту арқылы сауатты жазады;
- каллиграфиялық талаптарды сақтайды.
Бөлімше 3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.9.3 Бас əріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Бас əріппен жазылатын сөздерді ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді мұқият тыңда. Бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.
Терме диктант
Дескриптор
Білім алушы
- бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды;
- сөздерді бас әріптен бастап жазады;
- сөздерді сауатты жазады.
Алмұрт, жапырақ, доп, сүт, қалам, дәптер, қасық, көгершін
Сәуле Астанада тұрады. Қанат ағасымен бірге Медеу мұз айдынына барды. Асқардың Құлагер деген аты бар. Ақтөс - өте сүйкімді күшік.
45
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу жəне орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заттың атын және сынын білдіретін сөздердіажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді тиісті суретпен сәйкестендір. Оларды пайдаланып сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы - сөздер мен суреттерді дұрыс сәйкестендіреді; - заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді қолданып сөйлем құрастырады; - сөйлем құрылымын сақтайды.
46
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.2 Тəуелдік жəне жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суреттің орнына тиісті сөз қойып, сөйлем құрастырып жаз.
Менің бар. Сенің қайда? Мәуленнің - теңізші.
Дескриптор
Білім алушы
-суреттің орнындағы сөздерді дұрыс тәуелдеп жазады;
-суреттің орнындағы сөзді дұрыс жіктеп жазады.
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- жіктік жалғаулы сөздерді анықтайды;
- сөйлемдерді сауатты және көркем жазады.
Мен жеті ... (жастамын, жастасың, жаста).
Сен бірінші сыныпта ... (оқимын, оқисың, оқиды).
Ол ауылда ... (тұрамын, тұрасың, тұрады).
47
Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.11.1 Сөйлемді бас əріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлем жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін дұрысқолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сөйлемдерді анықта. Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдердің ара жігін анықтайды;
- сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
2-тапсырма
Суреттердің орнына сөздер қойып, сөйлем құрап жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің орнына сөз қойып, сөйлем құрастырып жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
- сөйлемдерді сауатты әрі көркем жазады.
Менiң әжем бар мен әжемдi өте жақсы көремiн әжем қызық ертегi айтып береді
48
3-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,сөйлем) анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Берілген сөйлемдерді тыңда. Қайсысы мәтін екенін анықта.
•Мәтінде неше сөйлем бар?
•Мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін мен сөйлемді ажыратады;
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
Менің әкем - теңізші. Ол бізге теңіз туралы көп әңгімелер айтады. Оның әңгімелері өте қызықты
Теңізшінің қалпағында зәкірдің суреті бар. Бала тастың үстінде отыр. 49
Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін)атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Түлкі мен қырғауыл» ертегісін (https://www.youtube.com/watch?v=FyNvXbYlGs8) мұқият тыңда.
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
— Жақсы, өзіңіз қалай тұрасыз? – дейді қырғауыл.
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді түлкі:
Қырғауыл:
— Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес. Жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді түлкі.
Қырғауыл:
— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді қырғауыл:
— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – деп міңгірлепті түлкі.
•Ертегі не туралы? Ертегіге сәйкес суретті белгіле.
Дескриптор
Білім алушы - ертегінің не туралы екенін анықтайды; - ертегіге сәйкес суретті белгілейді.
50
Бөлімше
Оқу мақсаты
1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау» 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Суреттерді ретімен белгіле (). Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттердің ретін белгілеп көрсетеді;
- сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтады;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды.
Қонжықтың саяхаты
Қонжық орман ішімен келе жатып, ағаш басынан араның ұясын көрді. Оның бал жегісі келді. Қонжық ағашқа өрмелеп шығып, ұяға қолын салды. Аралар оны талай бастады. Қонжық жерге құлап түсті. Ол қорыққанынан қаша жөнелді.
51
Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрациясы бойынша болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп, мәтінніңмазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Оқиға немен аяқталуы мүмкін? Сурет бойынша мәтін құрастыр.
Ақылды қоян
•Мәтін неге «Ақылды қоян» деп аталады?
Дескриптор
Білім алушы
- суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;
- суреттер бойынша тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды.
52
Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды
дұрыс қолдану»
Оқу мақсаты
1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сыпайы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Мұндай жағдайларда қандай сыпайы сөздерді қолдану керек?
автобуста үйдеқонақтатеатрда
•Сурет бойынша жұпта диалог құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттерге қатысты сыпайы сөздерді айтады;
- сыпайы сөздерді орынды қолдана отырып, диалогке қатысады.
53
Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты
1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалдыемес құралдарды, дауыс ырғағын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Топтық жұмыс
•Жиренше мен балалардың арасындағы диалогті сахналап көрсетіңдер.
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкерлердің атынан диалогке түседі;
- диалогке қатысу барысында дауысты, қимыл, ым-ишараны қолданады.
Жиренше шешен мен бала
Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен екі баладан:
- Дүниеде бәрінен не тәтті, балам?- деп сұрапты.
- Бал тәтті, - деген екен бала.
- Ал жұмсақта не жұмсақ?
- Мамық жұмсақ.
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:
- Осы сұрақтарға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз, - деп өтінеді.
- Айта ғой, балам, не тәтті? - дейді Жиренше.
- Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
- Не жұмсақ?
- Ананың алақаны.
Жиренше екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.
54
Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінге қатысты пікірін айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Оқиға қай кезде болды?
2.Балалар нені байқады?
3.Кірпілер қандай әрекет жасады?
4.Олар саңырауқұлақтарды не үшін жинап алды?
5.Балалар неге таңданды?
6.Кірпінің бұл әрекеті саған ұнады ма? Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты ойын айтады.
Жазғы демалыста достарымызбен орманға саяхатқа бардық. Орманның іші салқын. Ауасы таза. Біз күні бойы таза ауада ойнап, жақсы демалдық.
Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір қызықты байқадық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайдың түбінен бірнеше кірпі шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп тұрды да қалды. Аспаннан бір нәрсе күткендей орындарынан жылжымай тұр.
Бір кезде ағаштың басынан тиіндердің жинап қойған саңырауқұлақтары түсе бастады. Кірпілер дайын саңырауқұлақтарды тікендеріне шаншып алып, індеріне қарай жорғалай жөнелді.
Біз олардың қылықтарына таңдана қарап, мәз болдық.
55
Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: түс көру, ғарыш, саяхат, зымыран, басқа ғаламшарлық, дос, ғажайып, ояну, сабаққа кешігу.
Тірек сөздерді қолдана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастыр. Жұпта әңгімелеп бер.
Арманның түсі
Дескриптор
Білім алушы
- суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- әңгімелеу барысында өз ойын жүйелі жеткізеді;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
56
Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс дыбыстау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады
•Жуан жəне жіңішке дауыстыларды атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Атауы дауысты дыбыстан басталатын суреттерді тауып, боя. Бос торкөзге сөздің алғашқы әрпін жаз.
•Ол қандай дауысты дыбыс?
Дескриптор
Білім алушы
- атауы дауысты дыбыстан басталатын суреттерді анықтайды;
- суреттің тұсына сәйкес әріпті жазады;
- дауысты дыбыстарды түріне ажыратады.
57
Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық
нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты
1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөзді буынға бөледі
•Сөздегі буын санын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген буындардан сөз құрастыр. Сөзде қанша буын бар?
Дескриптор
Білім алушы
- буындардан сөз құрастырып айтады;
- сөздердің буын санын анықтайды.
дақ
58
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- сызбадағы сөздердің санын анықтайды;
- сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады.
59
Бөлімше 2.2 «Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Мәтін не туралы?
2.Мысық неліктен тышқанды ұстай алмай қалды?
3.Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды. 60
Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Мәтін/ иллюстрация бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
•Сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Жұптық жұмыс
•Мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
•Жұбыңның қойған сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қайық
Жарас қағаздан қайық жасады. Оны арықтағы суға жіберді. Қайық тез жүзіп кетті. Жарас ұстай алмай қалды. Мойнақ қайықты тістеп алып келді.
-Жарайсың, Мойнақ! – деп, Жарас күшігінің басынан сипады.
Күшік еркеледі.
61
Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Көп мағыналы, қарама-қарсы мағыналы, мәндессөздерді ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Әр жұп суретке мұқият қара. Сөздерді оқы. Сөзге қарсы мағыналы сөздер тауып айт.
сол жақ - ... үлкен - ...ауыр - ...
жылдам - ... ыстық - ...ашық - ...
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздерге қарсы мағыналы сөздерді айтады.
2-тапсырма
Сөздерді оқы. Мәндес сөздерді тап. Оларды бір-бірімен байланыстырып сыз.
сұлу
ел
ұстаз
әдемі
мұғалім
халық 62
Дескриптор
Білім алушы
- мәндес сөздерді анықтайды және байланыстырып сызады.
3-тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл бөл. Не байқадың? Сөздің мағынасын түсіндір.
•Дәрігер тілімді көріп, бірден дәрі берді.
•Менің достарым бірнеше тіл біледі.
•Сағаттың үш тілі бар.
Дескриптор
Білім алушы
- көп мағыналы сөздерді анықтайды;
- көп мағыналы сөздің мағынасын түсіндіреді.
63
Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»
Оқу мақсаты
1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
•Бұл ертегі ме, әңгіме ме? Неліктен?
•Суреттерге мұқият қара. Мәтіннен әр суреттің мазмұнына сәйкес сөйлемді тауыпоқы.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді қатесіз оқиды;
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- мәтіннен суретке сәйкес сөйлемдерді тауып оқиды. Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көл бар екен. Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендеп жүр. 64
Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»
Оқу мақсаты
1.2.9.1 Əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен сəйкестендіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріпоқиды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқы.
Дескриптор
Білім алушы
- көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды;
- сөздерді қатесіз оқиды.
65
Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»
Оқу мақсаты
1.2.9.2. Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•я, ю, ё дыбыстары бар сөздерді қатесіз оқиды.
•я, ю, ё дыбыстарының дыбысталу ерекшелігінтүсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы.
•Сөйлемнен сызбаға сәйкес сөзді тауып жаз.
____________________________ _______________
•Не байқадың? Сөзде неше дыбыс, неше әріп бар? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы:
- сөйлемдерді қатесіз оқиды;
- сызбаға сәйкес сөзді анықтайды;
- сөздегі дыбыс пен әріп санын анықтайды;
- я, ю, ё әріптерінің дыбысталу ерекшеліктерін түсіндіреді.
Қоян сәбіз жеді. Аю балды жақсы көреді. Асанның ағасы –шахтёр. 66
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше: 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрау»
Оқу мақсаты
1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін құрастыруда тірек сөздерді/ суреттерді/
сызбаларды /белгілерді пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, «Саяхат» тақырыбына шағын мәтін құрастырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
- сөйлем жазуда суреттерді орынды қолданады;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады.
67
Бөлімше3.6 «Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу»
Оқу мақсаты
1.3.6.1. Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Үлгіге сүйеніп құттықтау хат жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Құттықтау хаттың үлгісін оқы.
Үлгіге сүйеніп, құттықтау хатын жаз.
*Құттықтау хатты кез келген адамға, кез келген мерекеге арнап жазуға болады
Дескриптор
Білім алушы
- үлгіге сүйеніп құттықтау хат жазады;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді сауатты жазады.
Құрметті әже!
Сізді Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Деніңіз сау болсын!
Немереңіз Балым.
68
Бөлімше 3.7 «Қатені табу және түзету»
Оқу мақсаты
1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөз/сөйлем/мәтінде жіберілген қателердіанықтайды және түзетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сөйлемдерді оқы. Қатесін тап. Дұрыстап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлем құрылымындағы қатені анықтайды;
- сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады;
- сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
- сөйлемнің соңына тыныс белгісін қояды.
Балалар шықты саяхатқа. Олар демалды таза ауада. Көңілді өтті саяхат.
69
Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Менің мен ауылда тұрады. Атамның үлкен бар. маған атқа мінуді үйретті.
Дескриптор
Білім алушы
- жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды;
- әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;
- суретті сөйлеммен дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдерді сауатты, көркем жазады.
70
Бөлімше 3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.9.2 Мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады
•Сөздерді дұрыс тасымалдап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Тасымалдауға болмайтын сөздерді бейнелейтін суреттерді белгіле ().
•Басқа сөздерді үлгі бойынша тасымалдап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- тасымалдауға болмайтын сөздерді анықтайды;
- сөздерді дұрыс тасымалдап жазады. 71
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу жəне орынды қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретінсөздерді ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді оқы. Сөздерге сұрақ қой. Әр қатардағы артық сөзді қоршап сыз. Сол сөзбен сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерге сұрақ қояды;
- қатардағы артық сөзді анықтайды;
- берілген сөзбен сөйлем құрастырады.
1.Қызыл, ұзын, мұражай, биік.
2.Ертегі, кейіпкер, кітап, әңгіме, қызық.
3.Түлкі, бес, арыстан, тышқан, дос.
4.Кеме, ұшақ, зымыран, ұшты, қайық.
72
Бөлімше3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.2 Тəуелдік жəне жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрысқолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сөздер мен суретті байланыстыра отырып, сөйлем құрастыр. Қимылды білдіретін сөзге тиісті буын қосып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрайды;
- жіктік жалғауларын дұрыс қолданады.
2-тапсырма
Суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- суретті қатыстырып сөйлем құрайды; - сөздерді дұрыс тәуелдеп жазады.
Менің
Сенің
Оның
73
4-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,сөйлем) анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін не туралы?
•Спорт алаңы қандай?
•Мәтінде неше сөйлем бар?
•Бірінші сөйлемде неше сөз бар?
Жұптық жұмыс
•Жұпта бір-біріңе мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- бірінші сөйлемдегі сөз санын анықтайды;
- мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
Спорт алаңы
Мектептің жанында спорт алаңы бар. Спорт алаңы аса кең. Онда балалар доп ойнайды. Жарыстар болады. Жақында футболдан жарыс өтті. Біздің сынып бірінші орын алды.
Спортпен шұғылдану – денсаулыққа пайдалы.
74
Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін)атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Өлеңді мұқият тыңда.
Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан, -
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер-анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Арғы тегім – ақ бидай,
Тәттімін жеп көр, бақшимай!
Жесең өзің байқарсың,
Рақметіңді айтарсың.
(Ө. Тұрманжанов)
•Өлең не туралы?
•Нан дастарқанға қалай келеді? Суреттен ретін белгілеп көрсет. Жұпта әңгімеле.
Дескриптор
75
Білім алушы
- өлеңнің не туралы екенін анықтайды;
- өлеңнің мазмұнына сүйеніп, оқиғаның ретін анықтайды;
- нанның дастарқанға жету жолын əңгімелейді.
Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты
1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда.
•Суреттерді оқиғаның реті бойынша нөмірле.

•Суретке сүйеніп мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор
Білім алушы:
- суреттердің ретін анықтап, белгілейді;
- мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
- сөйлем құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Ертеде қияр мен орамжапырақ дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Қияр тез шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе жөнеліпті.
Орамжапырақ қабат-қабат «көйлегін» бір-бірлеп шешкенше күн батып, қас қарайыпты. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бүршіктер содан пайда болыпты деседі.
76
Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрациясы бойынша болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп,мәтіннің мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге қара. Оқиға немен аяқталуы мүмкін? Сурет бойынша «Айлакер кірпі» тақырыбына әңгіме құрастыр. Жұпта әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттердің желісін анықтай отырып, оқиғаның соңын болжайды;
- сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады;
- әңгіменің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
77
Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты
1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалдыемес құралдарды, дауыс ырғағын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
«Азық-түлік дүкенінде», «Асханада»,«Спортзалда» т.б тақырыптардың бірін таңдап алып, диалог құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы - тақырып бойынша диалогке қатысады; - тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады; - сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді; - сөйлеу барысында қимылды, ым-ишараны қолданады.
78
Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінге қатысты пікірін айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Мәтін кім туралы?
•Қанат неге ұялды деп ойлайсың?
•Саған қай баланың әрекеті ұнады? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкерлер туралы ойын айтады.
Шие тергенде
Жанат пен Қанат шие теруге орманға келді. Жанат терген шиесін себетке салды. Қанат тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.
Екеуі таза ауада жақсы демалды. Үйлеріне көңілді оралды. Жанат себеттегі піскен шиені анасына берді. Анасы оған алғысын айтып:
- Өскенде сен мені асырайды екенсің, - деді.
Мұны естіген Қанат қатты ұялды. Көзі жасаурап, сыртқа шығып кетті.
79
Бөлімше1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты
1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- мәтінді жүйелі әңгімелейді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1
2
3
4 80
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Буындап немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
- Мәтін не туралы?
- Жалбыз қайда өседі?
- Жалбыздан не жасайды?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді тұтас сөздермен және қатесіз оқиды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
81
Бөлімше 2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
•Дәурен шарбаққа не үшін шықты?
•Ол неліктен қызарып кетті?
•Дәуреннің қылығы дұрыс па? Достарыңмен талқыла.
•Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; - мәтін кейіпкерінің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады; - мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Біз ағашта уылжып пісіп тұрған өрікті көрдік. Дәурен бірден шарбаққа шыға бастады. Оны көрген бағбан бізді қасына шақырды. Бәрімізге өрік берді. Дәуреннің беті қызарып кетті.
82
Бөлімше 2.3 «Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату»
Оқу мақсаты
1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын, соңын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы,соңы) ажыратады
•Мәтінге тақырып қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің басын, ортасын және соңғы бөліктерін тап. Оларды атауымен сәйкестендір.
•Мәтін не туралы?
•Мәтіннің басында не туралы айтылған?
•Мәтіннің ортасында қандай оқиға айтылады?
•Мәтіннің соңғы бөлігін оқы. Ермектің достары қандай деп ойлайсың?
•Мәтінге ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге ат қояды.
Балалардың бәрі сабақта. Ал Ермек болса ауырып, үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті.
Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкеліпті.
Ермектің осындай достары бар.
ортасы
соңы
басы 83
Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Көп мағыналы сөздерді анықтайды және мағынасынтүсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Суретпен сәйкестендір. Әр түрлі мағынада айтылған сөзді анықта.
•Көп мағыналы сөздерге мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдерді суретпен сәйкестендіреді;
- көп мағыналы сөзді анықтайды;
- көп мағыналы сөздерге мысал келтіреді.
84
Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Мәтін/иллюстрация бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
•Сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша 2 сұрақ құрастыр. Жұбыңа сұрақ қой. Оның қойған сұрағына жауап бер.
.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
- сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс айтады;
- қойылған сұрақтарға жауап береді;
- сөйлем құрылымын сақтайды.
85
Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»
Оқу мақсаты
1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқы. Олардың жанрын анықта. Мәтінмен байланыстырып сыз.
•Мәтіндердің қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндердің жанрын атайды;
- мәтіндердің ұқсастықтарын сипаттайды;
-мәтіндердің айырмашылықтарын анықтайды.
Сәбіз
Марат екеуміз бақшаға сәбіздің тұқымын септік. Оны үнемі суарып тұрдық. Арам шөптерін отадық. Тығыз өсіп тұрған артық сәбіздерді жұлып, арасын сиреттік. Күзде көп өнім алдық.
Сәбіз
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
өлең
ертегі
әңгіме
86
Бөлімше 2.7 «Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу»
Оқу мақсаты
1.2.7.1 Әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) ақпараттарды табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген сөздерді оқы. Әр түрлі дереккөздерден олар туралы ақпарат жина.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздерге қатысты ақпарат жинайды;
- ақпаратты табу үшін дереккөздердің әліпби ретін қолданады.
Айран
Қымыз
Шұбат
87
Бөлімше 2.8 «Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау»
Оқу мақсаты
1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) мәтіндерді салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіндерді салыстыру арқылы ұқсастығы менайырмашылығын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Берілген мәтіндерді түсініп оқы. Олардың қандай айырмашылығы бар?
•Өлең түрінде жазылған мәтінді анықта және сәйкес нөмірді жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндерді қатесіз оқиды;
- өлең жанрындағы мәтінді анықтайды.
- мәтіндердің ұқсастығын анықтайды (тақырыбы);
- мәтіндердің айырмашылығын сипаттайды (жанры).
1-мәтін
Сержанның сүйкімді күшігі бар. Оның аты – Ақтөс. Күшіктің түсі қара. Төсі ақ. Сержан күшігін жақсы көреді.
2-мәтін
Күшігім менің Ақтабан,
Бекер қарап жатпаған.
Сиыр кірсе аулаға
Аулаққа қуып тастаған
88
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 3.3 «Жоспар құру»
Оқу мақсаты
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінге жоспар құруда суреттер мен сызбалардықолданады
•Мәтінге ат (тақырып) қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?
•Әр бөлігінде не туралы айтылған?
•Берілген үлгі бойынша мәтінге жоспар құр.
1.
2.
3.....
•Мәтінге ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді мазмұны бойынша бөліктерге бөледі;
- мәтінге сурет/сызба арқылы жоспар құрастырады;
- мәтінге ат қояды.
Бірде кішкентай көжектің анасы ауырып қалды. Ол анасын емдейтін дәрі іздеп шықты.
Көжек орманды аралап, қатты шаршады. Содан соң бір ағаштың түбіне отырып, жылай бастады.
- Жылама. Мына алманы анаңа апарып бер, - деді ағаш. Көжек қуанып кетті Алманы анасына әкеліп берді.
Анасы алманы жеп, дәнін топыраққа көміп қойды. Одан үлкен алма ағашы өсіп шықты. Енді көжек аюға да, тышқанға да, кірпіге де дәмді алма сыйлайтын болды.
89
Бөлімше 3.4. «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты
1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіндегі ақпаратты сурет/сызба/ белгілер арқылытүсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша сурет сал.
•Орынсыз айтыстың нәтижесі не болды? Жұпта әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сурет салады; - мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады.
Есік алдында жатқан бір түйір Бидай мен Жүгері таласты да қалды:
- Мен ірімін, - деді Бидай.
- Жоқ, мен! - деді Жүгері.
Сөйтіп олар көзге түсіп қалды. Әтеш келді де, екеуін екі шоқып жеп алды.
90
Бөлімше 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрау»
Оқу мақсаты
3.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін құрастыруда тірек сөздерді/ суреттерді/
сызбаларды пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің бастапқы бөлігін мұқият тыңда. Суреттерді пайдаланып, мәтінді аяқтап жаз.
Айдар бүгін ерте оянды. Ол алдымен жаттығу жасады, төсегін жинады.
Содан соң ...
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді аяқтап жазады;
- мәтін жазуда сурет/сызба/тірек сөздерді орынды қолданады;
- мәтіннің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді сауатты жазады. 91
Бөлімше3.6 «Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу»
Оқу мақсаты
1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Әр түрлі жанрда (хабарлама/ нұсқаулық)сөйлемдер /мәтін құрап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттер мен тірек сөздерді пайдалан отырып, жеміс салатын жасауға арналған нұсқаулық жаз.
Алдымен ...
Содан соң ...
Соңында ...
Жеміс салаты дайын болды. Ас болсын!
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің реті бойынша нұсқаулық жазады;
- нұсқаулықтың жанрын сақтап жазады;
- сөйлемдерді қатесіз жазады. 92
Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы:
- әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады;
- жазу жолын, жоларалық кеңістікті сақтайды;
- сөйлемдерді қатесіз көшіреді.
Бұл – азық-түлік дүкені. Дүкенде нан, сүт, түрлі жемістер мен көгөністер бар. Адамға азық-түлік өте қажет.
93
Бөлімше 3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.9.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздерді есту арқылы жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді мұқият тыңда және жаз.
Бақылау диктанты
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдерді есту арқылы сауатты жазады;
- каллиграфиялық талаптарды сақтайды.
Нұрлан баққа барды. Ағашта өсіп тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ол ағашты сілкіледі. Алмалар саулап жерге төгілді.
94
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.3.10.2 Тəуелдік жəне жіктік жалғауларының қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әже сөзіне тиісті қосымша жалғап, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөйлемдерді сауатты жазады.
Менің
Оның
Сенің
әже ...
ішті.
95

Комментарии: