» » Өзін өзі тану 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары 2017-2018 жыл аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

Өзін өзі тану 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары 2017-2018 жыл аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

18 октябрь 2016, Вторник
5 647
0

 

1-сыныпқа «Өзін-өзі» пәні бойынша қысқа мерзімді  жоспарлау

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына

1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

 Күні:

 

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде. Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын. Қалжыңдап та өтірік айтуға болмайды. Ақиқат- барлық адамдарды біріктіруші бастау.
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді түсінеді.

 

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

 

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

 

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

 Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту.(көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

8 минут

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

5 минут

 

 

3 минут

16 минут

 

Жаңа сабақты түсіндіру

 

Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Елеместің адамгершілігі. Түсіндіру.

Сұраққа жауап беріңдер:

Қарт Елемеске қандай кеңес берді?

Елеместің өмірі қалай жалғасты?

Елемес қандай адам?

Оның адалдығын қандай істен көруге болады?

Адал болу үшін не қажет?

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Жұмбақ шешіп, дамалайық!

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

 

 

 

 

Сергіту сәті

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020