Информатика 8 сынып Күнделік сабақ жоспарлары (Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ 1 сабақ
| МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
| Тақырыбы: | ||
| • Кіріспе. Компьютердің негізі және ақпаратты қолдану. | ||
| Күтілетін нәтиже: | ||
| Жаңа білім | 7-сынып пәнінің бөлімдерін еске түсіреді. 8-сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын таниды. | |
| Жаңа түсінік | Пән бөлімдеріне қарап 8-сыныптағы пән тақырыптары 7-сынып тақырыптарының жалғасы екенін түсінеді. | |
| Қолданым әрекеті | Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды. | |
| Талдау әрекеті | 8-сынып тақырыптарын тарауларға бөліп салыстырады. | |
| Шығармашылық әрекет | 8-сынып оқулығымен жұмыс жасай отырып, нені танып білетінін жоспарлайды. | |
| Бағамдау әрекеті | 8-сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді. | |
| Сабақ құрылымы: | ||
|
І. Ақпарат алмасу (12 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.). V. Бағамдау-бағалау (3 мин.). |
||
| Оқыту әдісі: | ||
| • Репродуктивті, ішінара-зерттеушілік. | ||
| Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: | ||
| • Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзерленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді. | ||
| Сабақ типі: | ||
| • Белсенді-ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу. | ||
| Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: | ||
| • Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау. | ||
| Оқушыда дағды қалыптастыру: | ||
| • Логикалық ойлау, ой қорту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. | ||
| Негізгі ұғымдар мен терминдер: | ||
| • Логика, ақпарат, информатика, алгоритм, программалау. | ||
| Ақпарат көздері: | ||
| • Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012. | ||
| Сабақты бағалау: | ||
| • Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. | ||
| Үй тапсырмасы: | ||
| 8-сыныпты өтілітін тақырыптардан нені күтесіз? Өтілетін тақырыптардың күнделікті өмірдегі пайдасын жазыңыз. | ||
| САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
| і. аҚПАРАТ алмасу |
Тақырып жоспары:
- 7-сынып тақырыптарын жалпы шолу.
- «Информатика» пәнінен үйренетін ақпарат.
- «Информатика» пәнінің мақсат-міндеттері.
Слайдтар:
|
1-слайд 7-сынып тақырыптарын жалпы шолу
1. Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілі. • Сандық, мәтіндік және графикалық ақпаратты кодтау, кодтан шығару. 2. Компьютер • Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары. 3. Алгоритмдеу және программалау • Программалау – алгоритмді формалді жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі • Айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы. |
|
2-слайд 7-сынып тақырыптарын жалпы шолу
1. Ақпараттық модельдеу • модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар • компьютерлік графика түрлері. • векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі • векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру • растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс |
|
3-слайд 8-сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері
|

