» » Физика 11 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары

Физика 11 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары

03 ноябрь 2016, Четверг
1 921
0

Күні:

Сыныбы: 11

Пәні:физика

 

Сабақтың аты §1,1Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер жайлы мағлұмат беру

 

Ø  тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Ø  өзгенің пікірімен санасуға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер жайлы мағлұмат алады

 

Ø  тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер формуласын есеп шығаруға үйренеді

Ø  өзгенің пікірімен санаса алатын болады

Негізгі  идеялар Уақыттың өтуiмен байланысты қайталанып отыратын процесстердi тербелiстер деп атайды. Қайталанатын құбылыстың табиғатына байланысты тербелiстер әртүрлi, мысалы, механикалық, электрлiк т.с.с. болуы мүмкiн. Егер тербелiстер бiрдей уақыт аралығында қайталанатын болса, онда ондай тербелiстердi периодты тербелiстер деп атайды. Тербелiстiң қайталану уақытын тербелiс периоды деп атап, Т әрiпiмен белгiлейдi.
Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Джигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»
 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

1.      10-сынып курсы бойынша шолу жасау

 

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

1.      Электрмагнит сөзі нені білдіреді?

2.      Тербелмелі контур мағынасы жайлы не білеміз?

3.      Конденсатор, заряд, энергия физикалық құралы мен шамалары жайлы не білеміз?

 

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

 

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 

 

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген суретті түсіндіру, яғни  штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

 

VІ. Жеке жұмыс «тест  тапсырмасын орындау» (10 минут)

1. Тізбекте өздік индукция ЭҚК ненің әсерінен туындайды?

  1. Сыртқы магнит өрісі әсерінің артуынан
  2. Магнит ағынының өзгеруінен
  3. Магнит ағыны әсерінің кездейсоқ өзгеруінен
  4. Сыртқы магнит өрісі ағынының  кемуінен
  5. Жауаптардың дұрысы жоқ

2. Периоды Т=5*10-3 с тербелістер ұзындығы λ= 7,175 м  толқындар туғызады. Дыбыс толқының судағы жылдамдығы қандай?

A) V=1435 м/с.      B) V=143,5 м/с.      C) V=14,35 м/с.     D) V=1,435 м/.      E) V=0,1435 м/с.

3.  Магнит индукциясының ағынының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?

А) 1Вб= 1Тл*м2.       В) 1Вб= 1 Тл /м2.      С) 1Вб= 1Вт*м2.      Д) 1Вб= 1Вт/м2.    Е) 1Вб= 1м2/Тл.

4.  Индуктивтіліктің өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А) Гц (Герц).   В) Вб (Вебер).    С) Гн (Генри).     Д) В (Вольт).      Е) А (Ампер).

5. Тоғы бар  катушканың энергиясы қай жерде шоғырланған?

А) Катушканың өткізгіштерінде.    В) Катушканың ішіндегі кеңістікте.

С) Жалғастырғыш сымдарда.    Д) Анықталмаған.

Е) Катушканың өткізгіштерінде және жалғастырғыш сымдарда.

6.  Контурдағы өздік индукция ағыны қандай өрнекпен анықталады?

  1. Ф=BS sina
  2. Ф=Bl cosa
  3. Ф=Bl sina
  4. Ф=LI
  5. Ф=q2 Bl sina

7. .Магнит ағыны қандай өлшем бірлікте өлшенеді?

А) [Ф]=Гн*А.       В) [Ф]=Ф*Гн.     С) [Ф]=В*с.      Д) [Ф]Тл        Е) [Ф]Гн*Тл.

8.  0,5 секунда контурдан өтетін магнит ағыны 1 ден 3 Вб артты. Контурдағы индукциялық ЭҚК неге тең.

А) 8В.     В) 6В.     С) 4В.     Д) 2В.     Е) 10В

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

 

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020