» » Қазақ әдебиеті 8 сынып. Күнделік жоспар

Қазақ әдебиеті 8 сынып. Күнделік жоспар

29 октябрь 2016, Суббота
857
0

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті
  2. Сыныбы: 8
  3. Күні, айы, жылы:
  4. Тоқсан: І
  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен

аңыз-жырлар

Сабақтың мақсаты:

    1.Білімділік: Оқушыларға ежелгі аңыз-жырлар туралы әдеби білім беру.

    2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа   тәрбиелеу.

     3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1.      Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

— Ұлан – байтақ қазақ жері – ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі – біздің жыл санауымызға дейін-ақ  Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай «түрік», «түркілер» атанған.

Сақтар біздің заманымыздан Моңғолия мен Дунай арасын мекендеген. «Сақ» сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ)т.б. Көшпелі сақтар  жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: « Аға, саған бұл ошақ!  Ошағынан безгендер, тізеңді  бүк! Халықта азық — түлік мол болғай! » -деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VІІ –ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

 

  1. Алып- ер Тұңға туралы мағлұмат беру.

Алып-Ер Тұңға — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының (ХІ ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып-Ер Тұңға – Афрасияп, Тұранның (Түр елі – түріктер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл – айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде қалған тарихи тұлға.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.

Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа кірген

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

          Алып-Ер Тұңғаны жоқтау

          Алып-Ер Тұңға өлді ме?

         Опасыз дүние қалды мА?

        Заман өшін алды мА?

        Енді жүрек жыртылар.

        

ІV. Үй тапсырмасын беру.

 

  1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат.
  2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту.

 

  1. V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

 

  1. VI. Сабақтың аяқталуы.

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020