» » ТЖБ ҚЖБ Информатика 10сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

ТЖБ ҚЖБ Информатика 10сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

03 сентябрь 2019, Вторник
1 611
0

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Информатика
10 сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) Жалпы орта білім беру
деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған
«Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарының негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда
өткізіледі.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың
тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған
бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта
білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне
және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайтындағы
қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар)
қолданылды.
2
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............... 4
«Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ...................................................... 4
«Бейне контент құру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 10
«Дизайн теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .............................................................. 10
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 14
«Веб-жобалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ...................................................................... 14
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 18
«Жасанды интеллект және Blockchain технологиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.. .. 18
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.2.2 Қауіпсіздік шараларын, оның ішінде
түсініктерді сипаттаңыз: деректерді резервтік көшіру
және шифрлау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қауіпсіздік шараларын түсінеді
• Ақпараттық қауіпсіздік шараларын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырмалар
1. Ақпаратты қауіпсіздікте сақтаудың әдістерін көрсетіңіз.
a) ___________________________________________________________________;
b) Маңызды файлдарға құпия сөздер орнату;
c)___________________________________________________________________;
2. Дәрігер науқасқа қойылған диагнозды қауіпсіз жерде сақтауы қажет. Ақпараттық
қауіпсіздіктің техникалық алдын алудың екі жолын ұсыныңыз.
а)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
b)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Ұғымдарды сәйкестендіріңіз.
1 Ақпаратты жарамсыздыққа алып
келуі мүмкін
Көшірмені алмалы-салмалы
тасығышта жасау
2 Деректердің резервті көшірмесін
сақтаудың дұрыс әдісі
Деректерді шифрлау
3 Дискідегі мәліметтерді кездейсоқ
өшіріп алудың алдын алу әдісі
Дискіні жазбадан қорғау
4 Қорғалған деректерді ашуға шектеу
қою үшін пайдаланылатын жүйе
Құпия сөзді қолдану
5 Бөгде адамның қолданысын шектеу
үшін құпиялық кодқа айналдыру
әдісі
1 Қатты диск
4. Шифрлаудың екі артықшылығын және бір кемшілігін түсіндіріңіз.
Артықшылығы
а)__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
4
b)__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Кемшілігі
a)__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Қауіпсіздік
шараларын түсінеді
1
ақпаратты қауіпсіздікте сақтаудың 1-ші
әдісін көрсетеді;
1
ақпаратты қауіпсіздікте сақтаудың 2-ші
әдісін көрсетеді;
1
2 құрылғыдағы ақпаратты қауіпсіз
сақтаудың 1-ші жолын ұсынады;
1
құрылғыдағы ақпаратты қауіпсіз
сақтаудың 2-ші жолын ұсынады;
1
Ақпараттық
қауіпсіздік шараларын
ажыратады
3 ақпараттық қауіпсіздікке байланысты
тұжырымды дұрыс сәйкестендіреді;
1
ақпараттық қауіпсіздікке байланысты
тұжырымды дұрыс сәйкестендіреді;
1
ақпараттық қауіпсіздікке байланысты
тұжырымды дұрыс сәйкестендіреді;
1
4 ақпаратты шифрлаудың 1-ші
артықшылығын түсіндіреді.
1
ақпаратты шифрлаудың 2-ші
артықшылығын түсіндіреді.
1
ақпаратты шифрлаудың кемшілігін
түсіндіреді.
1
Барлығы: 10
5
«Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата-аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Қауіпсіздік шараларын түсінеді Ақпаратты қауіпсіздікте
сақтаудың 1-ші/2-ші әдісін
көрсетуде/ Құрылғыдағы
ақпаратты қауіпсіз сақтаудың 1-ші/2-ші жолын ұсынуда
қиналады
Ақпаратты қауіпсіздікте сақтаудың 1-ші/2-ші әдісін көрсетуде/
Құрылғыдағы ақпаратты қауіпсіз
сақтаудың 1-ші/2-ші жолын ұсынуда
қателіктер жібереді.
Қауіпсіздік шараларын дұрыс
түсінеді.
Ақпараттық қауіпсіздік
шараларын ажыратады
Ақпараттық қауіпсіздікке
байланысты тұжырымдарды
сәйкестендіруде / шифрлаудың
артықшылығын/кемшілігін
сипаттауда қиналады
Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты
тұжырымдарды сәйкестендіруде /
шифрлаудың
артықшылығын/кемшілігін сипаттауда
қателікер жібереді
Ақпараттық қауіпсіздік
шараларын дұрыс ажыратады
6
«Бейне контент құру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.2.1 Бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі
қағидаларын қадағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бейнежазба түсіру және оны монаждау кезінде
негізгі қағидаларды сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырмалар
1. Дыбыстық бейнежазба түсіру үшін қажетті екі құрылғыны атаңыз.
a) ___________________________________________________
b) ___________________________________________________
Құрылғылардың қызметіне және сапасына түсіндірме беріңіз.
a) ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
b) ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
2. Төменде сапалы бейнежазба түсірудің қағидалары берілген.
- Камераны денеден алшақ ұстамаңыз және екі қолмен ұстаңыз.
- «Ұзақ кадр» түсірмеңіз.
- Бір сьюжетті бірнеше ракурстан түсіріңіз.
- Кадрды түрлі жоспарда (үлкен, орта, кіші) түсіріңіз.
Қағидалармен келіссеңіз себеп-салдарын түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
3. Мәтінді монтаждау қағидаларына сүйене отырып толықтырыңыз.
Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің
бірі. Өйткені...
7
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Бейнежазба түсіру
және оны монаждау
кезінде негізгі
қағидаларды сақтайды
1
бейнежазба түсіру үшін құрылғыларды
көрсетеді;
1
бейнежазба түсіру үшін құрылғыларды
көрсетеді;
1
құрылғылардың қызметін және сапасын
сипаттайды;
1
құрылғылардың қызметін және сапасын
сипаттайды;
1
2
1-ші қағиданың себебін және салдарын
түсіндіреді;
1
2-ші қағиданың себебін және салдарын
түсіндіреді;
1
3-ші қағиданың себебін және салдарын
түсіндіреді;
1
4-ші қағиданың себебін және салдарын
түсіндіреді;
1
3
монтаждау қажеттілігіне факт елтіреді; 1
монтаждау нәтижесіне мысал келтіреді. 1
Барлығы: 10
8
«Бейне контент құру» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата-аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Бейнежазба түсіру және оны
монаждау кезінде негізгі
қағидаларды сақтайды
Бейнежазба түсіруде құрылғыны
көрсетуде / құрылғының
қызметін/сапасын сипаттауда/
сапалы бейнежазба түсірудің
қағидаларының себеп-салдарын
түсіндіруде/ монтаждау
қажеттілігін/ нәтижесін
сипаттауда қиналады.
Бейнежазба түсіруде құрылғыны
көрсетуде / құрылғының
қызметін/сапасын сипаттауда/ сапалы
бейнежазба түсірудің қағидаларының
себеп-салдарын түсіндіруде/монтаждау
қажеттілігін/ нәтижесін сипаттауда
қателіктер жібереді.
Бейнежазба түсіру және оны
монаждау кезінде негізгі
қағидаларды дұрыс ұстанады.
9
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дизайн теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.5 Сурет файл форматтары арасындағы
айырмашылықты түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сурет файл форматтарының қызметін анықтайды
• Сурет файл форматтарын көлемі бойынша
ажыратады
• Сурет файл форматтарының техникалық
мінездемесін анықтайды
• Сурет файл форматтарын сығу алгоритмі
бойынша айырмашылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Веб-беттерді құру кезінде *.jpeg форматындағы файлдар жиі қолданылатыны белгілі.
Себебі...
Бұндай графикалық файлдардың өлшемі бекітілген (фиксированный), веб-бет құрылымына ыңғайлы
Бұл форматтағы файлдар шынайы көрінеді
Файлдардың өлшемін өзгерту ыңғайлы және сапасын сақтайды
Өз компьютеріңде сақтау қиындық туындатпайды
Бұл файлдарды архивтеу ыңғайлы және архивтеу дәрежесін өздігінен
анықтайды
Файлдардың көлемі кіші және жадыда аз орын алады
*/ дұрыс тұжырымды белгісі арқылы көрсетіңіз.
2. *.gif форматындағы файлдардың веб-бет құрудағы маңыздылығын түсіндіріңіз және
мсыал келтіріңіз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
3. Компьютерде бір сурет бірнеше форматта сақталған. Файлдардың көлемі бойынша
өсу ретімен нөмірлеңіз.
10
4. Сәкестік орнатыңыз.
JPEG Түстік индексациясы 256 түс ұсынады. 8 разрядты
түстер палитрасын қолдайды. Нақты тағайындалған
түстерді көрсетеді.
GIF Түстік индексациясы 256 түске дейін ұсынады. 24, 48
разрядты (True-Color) түстер палитрасын қолдайды.
PNG 24 разрядты түстер палитрасын қолдайды, яғни 16,7
млн түс көрсете алады. Сығу дәрежесін өздігінен
анықтайды
5. Веб-беттер дизайнын құрастыруда растрлық және векторлық форматтағы файлдар
қолданылуы мүмкін. Түрлі форматтағы графикалық файл форматтарына мысал
келтіріңіз және олардың артықшылығын сипаттаңыз.
Графикалық
файлдар
Растрлық графика Векторлық графика
Мысалдар
Артықшылығы
6. Графикалық файл форматтарының сығу алгоритмі бойынша кестені толтырыңыз.
PNG JPG GIF
11
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Сурет файл
форматтарының
қызметін біледі
1 *.jpeg форматындағы файлдардың
қолданудың екі дұрыс себебін
анықтайды;
1
*.jpeg форматындағы файлдардың
қолданудың екі дұрыс себебін
анықтайды;
1
2 *.gif форматындағы файлдардың
маңыздылығын сипаттайды;
1
*.gif форматындағы файлдардың
маңыздылығына мысал келтіреді;
1
Сурет файл
форматтарын көлемі
бойынша ажыратады
3 салыстымалы түрде екі файл
форматының көлемін дұрыс көрсетеді;
1
салыстымалы түрде екі файл
форматының көлемін дұрыс көрсетеді;
1
Сурет файл
форматтарының
техникалық
мінездемесін біледі
4 1-ші файл форматын сипатына қарай
дұрыс көрсетеді;
1
2-ші файл форматын сипатына қарай
дұрыс көрсетеді;
1
5 графикалық файл форматтарына мысал
келтіреді;
1
келтірілген файл форматтарының
артықшылығын сипаттайды;
1
Сурет файл
форматтарын сығу
алгоритмі бойынша
айырмашылығын
анықтайды
6 PNG форматындағы файлдың сығу
алгоритмін түсіндіреді;
1
JPG форматындағы файлдың сығу
алгоритмін түсіндіреді;
1
GIF форматындағы файлдың сығу
алгоритмін түсіндіреді.
1
Барлығы: 13
12
«Дизайн теориясы» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата-аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Сурет файл форматтарының
қызметін біледі
*.jpeg форматындағы файлдардың
қолданудың себебін анықтауда /
*.gif форматындағы файлдардың
маңыздылығын сипаттауда /
маңыздылығына мысал келтіруде
қиналады.
*.jpeg форматындағы файлдардың
қолданудың себебін анықтауда / *.gif
форматындағы файлдардың
маңыздылығын сипаттауда /
маңыздылығына мысал келтіруде
қателіктер жібереді.
Сурет файл форматтарының
қызметін дұрыс анықтайды
Сурет файл форматтарын көлемі
бойынша ажыратады
Салыстымалы түрде файл
форматтарының көлемін өсу
ретімен көрсетуде қиналады.
Салыстымалы түрде файл
форматтарының көлемін өсу ретімен
көрсетуде қателіктер жібереді.
Сурет файл форматтарын көлемі
бойынша дұрыс ажыратады
Сурет файл форматтарының
техникалық мінездемесін біледі
1-ші/2-ші файл форматын
сипатына қарай дұрыс көрсетуде/
Графикалық файл форматтарына
мысал келтіруде/Келтірілген файл
форматтарының артықшылығын
сипаттауда қиналады.
1-ші/2-ші файл форматын сипатына
қарай дұрыс көрсетуде/
Графикалық файл форматтарына мысал
келтіруде/Келтірілген файл
форматтарының артықшылығын
сипаттауда қателіктер жібереді.
Сурет файл форматтарының
техникалық мінездемесін дұрыс
көрсетеді
Сурет файл форматтарын сығу
алгоритмі бойынша
айырмашылығын анықтайды.
PNG /JPG /GIF форматындағы
файлдың сығу алгоритмін
түсіндіруде қиналады
PNG /JPG /GIF форматындағы файлдың
сығу алгоритмін түсіндіруде қателіктер
жібереді
Сурет файл форматтарын сығу
алгоритмі бойынша
айырмашылығын дұрыс
анықтайды.
13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Веб-жобалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.7 Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере
отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау;
10.2.3.1 Сайттар конструкторын қолданып веб-сайт
жасау;
10.2.3.2 Мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс
және бейне).
Бағалау критерийі Білім алушы
• Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере
отырып, графикалық редактор арқылы сайттың
дизайн-макетін жасайды
• Сайттар конструкторын қолданып веб-сайт
жасайды
• Мультимедианы (дыбыс және бейне) веб-бетте
орналастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Төменде берілген веб-бетті қарастырыңыз. Веб-эрогономиканың ерекшеліктерін
анықтаңыз және сәйкестігін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
2. «Дәмді АС» дәмханасы өзінің damdias.kz сайтын құру мақсатында «Ең үздік сайт
моделі» байқауын жариялады. Графикалық редакторда сайт макетін ұсыныңыз.
14
3. Өзіңіз қолданған сайт құру конструкторын көрсетіңіз.
___________________________________________________________________________
Сайт құру үшін конструктор қолданудың себебін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
4. WIX.COM конструкторында сайт құру алгоритмін ретімен көрсетіңіз.
Құрылатын сайттың бағытын таңдау
Сайт дизайнын құру
1 Конструктор сайтына тіркелу
Сайт макетін таңдау
Құрылған сайтты интернетте жариялау
5. Веб-бетке Sport.avi файлын ойнату кодын толықтырыңыз.
<_______________________ = “_______________________”Height = 200 Widht = 300>
6. Веб-бетке аудиожазба орнатылған: <A HREF=”adai.mp3”> Күй тыңдайық</A>.
Аудиожазбаның автоматты түрде қосылуын қамтамасыз ететін параметрді көрсетіңіз.
_________________________________________________________________________
15
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Веб-эргономиканың
ерекшеліктерін
ескере отырып,
графикалық
редактор арқылы
сайттың дизайн-макетін жасайды
1 Веб-эрогономиканың 1-ші ерекшелігін
сипаттайды;
1
Веб-эрогономиканың 2-ші ерекшелігін
сипаттайды;
1
Веб-эрогономиканың ерекшеліктеріне
сәйкестігін көрсетеді;
1
2 Жеке блоктар құру үшін геометриялық
фигураларды қолданады және түсін
көрсетеді;
1
Мазмұнына сәйкес мәтіндерді
форматтайды;
1
Сайттар
конструкторын
қолданып веб-сайт жасайды
3 Сайт құру үшін конструктор таңдайды
және өз таңдауын түсіндіреді;
1
4 Сайт құру алгоритмінің 2-3-ші қадамын
дұрыс көрсетеді;
1
Сайт құру алгоритмінің 4-5-ші қадамын
дұрыс көрсетеді;
1
Мультимедианы
(дыбыс және
бейне) веб-бетте
орналастырады
5 Веб-бетке бейнежазба орнату қатарын
толықтырады;
1
6 Аудиожазба параметрін дұрыс
көрсетеді.
1
Барлығы: 10
16
«Веб-жобалау» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата-аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Веб-эргономиканың
ерекшеліктерін ескере отырып,
графикалық редактор арқылы
сайттың дизайн-макетін жасайды
Веб-эрогономиканың
ерекшеліктерін сипаттауда/
сәйкестігін көрсетуде/ блоктар
құру үшін геометриялық
фигураларды қолдануда/ түсін
көрсетуде/ мәтіндерді
форматтауда қиналады
Веб-эрогономиканың ерекшеліктерін
сипаттауда/ сәйкестігін көрсетуде/
блоктар құру үшін геометриялық
фигураларды қолдануда/ түсін көрсетуде/
мәтіндерді форматтауда қателіктер
жібереді
Веб-эргономиканың
ерекшеліктерін ескере
отырып, графикалық редактор
арқылы сайттың дизайн-макетін дұрыс жасайды
Сайттар конструкторын
қолданып веб-сайт жасайды
Сайт құру үшін конструктор
таңдауда / өз таңдауын
түсіндіруде / Сайт құру
алгоритмінің қадамдарын
көрсетуде қиналады
Сайт құру үшін конструктор таңдауда / өз
таңдауын түсіндіруде / Сайт құру
алгоритмінің қадамдарын көрсетуде
қателіктер жібереді
Сайттар конструкторын
қолданып веб-сайт құрады
Мультимедианы (дыбыс және
бейне) веб-бетте орналастырады
Веб-бетке бейнежазба орнату
қатарын толықтыруда/
Аудиожазба параметрін
көрсетуде қиналады
Веб-бетке бейнежазба орнату қатарын
толықтыруда/ Аудиожазба параметрін
көрсетуде қателіктер жібереді
Мультимедианы (дыбыс және
бейне) веб-бетте дұрыс
орналастырады
17
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жасанды интеллект және Blockchain технологиясы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.1 Машиналық оқыту принциптерін, нейрондық
желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
10.3.1.2 Өнеркәсіпте, білім беруде, ойын
индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану
саласын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Машиналық оқыту принциптерін, нейрондық
желілерді (нейрондық және синапстар)
түсіндіреді
• Қоғамда жасанды интеллектті қолдану саласын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Төменде берілген сурет бойынша машиналық оқыту принципін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Жасанды интеллект құрудағы нейронды желінің рөлін сипаттаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Төмендегі кестеде нейрон және синапстың қызметін көрсетіңіз.
Нейрон Синапс
18
4. Медицина саласындағы жасанды интеллектіге мысал келтіріңіз және артықшылығын
сипаттаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Төменде берілген суреттегі жасанды интеллекттің жұмыс істеу принципін және негізгі
қасиеттерін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Берілген жағдаятты талдаңыз. Жағдаятқа байланысты жасанды интеллекттің пайдасын
және зиянын анықтаңыз.
«2014 жылы америкалық миллиардер Джефф Безос Amazon.com компаниясында жүк
тасымалдайтын роботтарды іске қосты. Қазіргі таңда компанияның қоймаларында жүз
мың робот жұмыс істейді.»
ЖИ пайдасы:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
ЖИ зияны:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
19
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Машиналық оқыту
принциптерін,
нейрондық
желілерді
(нейрондық және
синапстар)
түсіндіреді
1 Сурет бойынша машиналық оқыту
принципін сипаттайды;
1
2 жасанды интеллект құрудағы нейронды
желінің рөлін сипаттайды;
1
3 нейронның қыметін сипаттайды; 1
синапстың қызметін сипаттайды; 1
Қоғамда жасанды
интеллектті қолдану
саласын сипаттайды
4 медицина саласындағы жасанды
интеллектіге мысал келтіреді;
1
медицина саласындағы жасанды
интеллектінің артықшылығын
түсіндіреді;
1
5 берілген суреттегі жасанды интеллекттің
жұмыс істеу принципін сипаттайды;
1
берілген суреттегі жасанды интеллекттің
негізгі қасиеттерін түсіндіреді;
1
6 жағдаятқа байланысты жасанды
интеллекттің пайдасын сипаттайды;
1
жағдаятқа байланысты жасанды
интеллекттің зиянын сипаттайды.
1
Барлығы: 10
20
«Жасанды интеллект және Blockchain технологиясы» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата-аналарға ақпарат беруге
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Машиналық оқыту
принциптерін, нейрондық
желілерді (нейрондық және
синапстар) түсіндіреді
Сурет бойынша машиналық оқыту
принципін / Жасанды интеллект
құрудағы нейронды желінің рөлін
/Нейронның / Синапстың қызметін
сипаттауда қиналады.
Сурет бойынша машиналық оқыту
принципін / Жасанды интеллект
құрудағы нейронды желінің рөлін
/Нейронның / Синапстың қызметін
сипаттауда қателіктер жібереді.
Машиналық оқыту
принциптерін, нейрондық
желілерді (нейрондық және
синапстар) дұрыс түсіндіреді.
Қоғамда жасанды интеллектті
қолдану саласын сипаттайды
Медицина саласындағы жасанды
интеллектіге мысал келтіруде /
Медицина саласындағы жасанды
интеллектінің артықшылығын
түсіндіруде / Берілген суреттегі
жасанды интеллекттің жұмыс істеу
принципін сипаттауда / негізгі
қасиеттерін түсіндіруде / Жағдаятқа
байланысты жасанды интеллекттің
пайдасын /зиянын сипаттауда
қиналады.
Медицина саласындағы жасанды
интеллектіге мысал келтіруде / Медицина
саласындағы жасанды интеллектінің
артықшылығын түсіндіруде / Берілген
суреттегі жасанды интеллекттің жұмыс
істеу принципін сипаттауда / негізгі
қасиеттерін түсіндіруде / Жағдаятқа
байланысты жасанды интеллекттің
пайдасын /зиянын сипаттауда қателіктер
жібереді.
Қоғамда жасанды интеллектті
қолдану саласын сипаттайды.
21

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021