» » ТЖБ ҚЖБ География 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

ТЖБ ҚЖБ География 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

03 сентябрь 2019, Вторник
114
0

«География» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
2
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты ..................................................................................... 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат ................................................. 3
3. Күтілетін нәтиже ......................................................................................................................................... 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі .................................................................................................................... 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бӛлу ................ 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды ӛткізу ережелері ....................................................................... 6
7. Модерация және балл қою ......................................................................................................................... 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .......................................... 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................................ 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................................ 20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................................ 28
3
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу
мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтиже
Біледі:
география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың,
геоэкономиканың, елтанудың орны мен рӛлін; табиғатты пайдалану саласындағы,
экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін;
геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, кӛздерін және салдарын;
экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық
жіктелуін; табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты
пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік,
экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын;
қоршаған орта сапасының кӛрсеткіштерін; ӛмір сүру сапасының кӛрсеткіштерін;
экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері
дамуының басты кӛрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық
қатынастардың жиынтығын; ғаламдану процесін.
Түсінеді:
заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық
ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам
мен табиғаттың ӛзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және
саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін;
ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің
серпінін; қоғам мен табиғаттың ӛзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға
антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының
географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; ӛмір сүру сапасының қоршаған орта
сапасынан тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рӛлі мен ықпал
ету аймақтарын, ӛзара әрекеттестігінің сипатын.
Қолданады:
геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік
дереккӛздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, ӛңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті
контексте деректерді ӛзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия
тәсілдерін.
Талдайды:
сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді
және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып
жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды;
4
географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары
мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам ӛмірі мен тіршілігіне
географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық ӛндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы
мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін;
қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың
ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың
заманауи факторларын; геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді;
халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да
байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың
құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық
мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси
кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен
факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рӛлін.
Жинақтайды:
модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық
материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу
жӛніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді,
құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралу мақсатында білімдер мен
дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау
жасау, ӛзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды.
Бағалайды:
геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін
антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың
географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын;
экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау
шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы
ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; ӛмір сүру сапасын;
түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы кӛрсеткіштері мен орнын;
дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз
әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің
геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттамасы Ұсынылған
тапсырма түрі
Білу және
түсіну
Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін,
Негізгі категорияларын түсіндіреді.
КТБ - кӛп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық
әдістерін қолданады, статистикалық деректерді
талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен
картодиаграммаларды жасайды, табиғатты
пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін
(шаруашылық тұрғысынан) анықтайды және
ҚЖ - қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5
графикалық түрде ұсынады, геоэкологиялық
зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және
негізгі категорияларын графикалық түрде
кӛрсетеді, дүниежүзі аумағын ластану және
табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша
аудандастырады, табиғатқа әсер ететін
антропогендік факторларды жіктейді және
графикалық түрде ұсынады, экологиялық
проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық
прогрестің рӛлін анықтайды, елдер мен
аймақтардың экономикалық дамуындағы
географиялық кеңістіктің рӛлін анықтайды,
дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы
бойынша жіктейді, негізгі геосаяси объектілер
мен субъектілерді анықтайды, дүниежүзінің
тарихи-географиялық аймақтарын, олардың
құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық
сипаттамасын шығармашылық түрде ұсынады,
кӛрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде
дүниежүзі елдерінің рейтингін кӛрсетеді.
Жоғары деңгей
дағдылары
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға
тигізетін әсерін анықтап, баға береді, табиғатт ы
пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін
кері әсерін азайтудың жолдарын ұсынады,
геосфералардың ластану деңгейін анықтап,
себеп-салдарын зерттейді, табиғатқа әсер ететін
антропогендік факторлардың азайту жолдарын
ұсынады, ғаламдық экологиялық проблемаларды
шешудегі әлемдік тәжірибені зерттейді,
Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан
аудандастыру негізінде экологиялық
проблемалардың шешу жолдарын ұсынады,
шаруашылық салаларын орналастыруда
факторлар мен алғышарттардың жиынтығын
талдайды, дүниежүзі шаруашылығының
аумақтық модельдерін талдайды, Қазақстан
Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың
құрылымын, шаруашылық салаларының
арақатынасын, шаруашылығының аумақтық
құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді
кӛрсеткіштерді анықтайды, геосаясаттағы
физикалық-географиялық, экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери,
технологиялық факторларға баға береді,
дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын
кӛрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіреді,
жиынтық кӛрсеткіштер бойынша есептелінетін
дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық
түрде кӛрсетеді, адамзаттың дамуындағы
проблемаларды топтастырады.
ҚЖ - қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
6
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 66% 34%
II 50% 50%
III 12% 38% 50%
IV 43% 57%
Барлығы 3% 49,25% 47,75%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі кӛмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген кӛрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сӛйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұр ақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты ӛздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында кӛмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сӛздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уа қытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне кӛз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір -біріне
кӛмектесулеріне, кӛшіріп алуларына және сӛйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты ӛшіргішпен ӛшірудің орнына, қары ндашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға кӛмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, ӛзгертіп айтуға
немесе кӛрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қою ларын ӛтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан
тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
8
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырм
а № *
Тапс
ырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілетін
балл
саны
Географиялық
зерттеулер әдістері
10.1.1.1. Зерттеу тақырыбына сәйкес
салыстыру әдістерін қолдану
Қолдану
2 1,4
ҚЖ
ТЖ
7 4
8
10.1.1.2 Зерттеу тақырыбына сәйкес
сандық әдістерді қолдану
Қолдану
1 5 ҚЖ 6 4
Картография және
геоинформатика
10.2.2.2 Статистикалық деректерді
талдау нәтижелері бойынша
картограммалар мен
картодиаграммаларды жасау
Қолдану
1 6 ҚЖ 6 3 3
Табиғатты
пайдалану және
геоэкология
10.3.1.1 Табиғатты пайдаланудың
қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін
(шаруашылық тұрғысынан) анықтау,
графикалық түрде ұсыну
Қолдану 2 2,3 ҚЖ 5 3
14
10.3.1.2 Табиғатты пайдалану
түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін
әсерін анықтап, баға беру (жергілікті /
аймақтық компоненттің негізінде)
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 9 6
10.3.1.3 Табиғатты пайдалану
түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін
кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну
(жергілікті / аймақтық компоненттің
негізінде)
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 7 5
Барлығы 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
9
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Топографиялық карта және жергілікті жердің планындағы бір ұқсастығын анықтаңыз.
жергілікті жердің планы топографиялық карта
________________________________________________________________________________
[1]
2. Суретте табиғатты пайдаланудың қандай түрі кӛрсетілген.
[1]
3. Ӛсімдік шаруашылығында суды пайдалану мӛлшері. (1 м
3
су = 1 тонна)
Ӛсімдік ӛсіруге кететін су мӛлшерін графикалық (бағаналы диаграмма) түрінде сызыңыз.
- 1 т қара бидайға – 750 м3 су;
- 1 т жүгеріге – 3400 м3 су;
- 1 т мақтаға – 5000 м3 су;
- 1 т шиеге – 3000 м3 су;
- 1 т күрішке – 10000 м3 су;
- 1 т жүзімге – 5900 м3 су;
- 1 т картопқа – 2000 м3 су;
[2]
Шартты белгілер
10
4. Дүниежүзі халқы және кӛмірқышқыл газының атмосфераға тасталуы.
Жыл Халық саны (млн) Кӛмірқышқыл газдың бӛлінуі (млн тонна)
1800 990 32
1850 1360 188
1900 1670 1980
1950 2480 5870
2000 6070 23320
2015 7010 25440
a. 1800 мен 2015 жылдар аралығында атмосфераға бӛлінген кӛмірқышқыл газының мӛлшерін
қанша есеге ӛскенін сипаттаңыз.
[2]
b. 1800 мен 2015 жылдар аралығында халық санының ӛсуін сипаттап, қанша адамға ӛскенін
салыстырыңыз.
[1]
5. Қазақстандағы ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы берілген.
а. Ауыл шаруашылығы жерлерінің пайыздық кӛрсеткішін анықтаңыз.
Жайылымдар Жыртылған
жерлер
Шабындықтар Тың жерлер
182 24 5 5 216 мл.га
100%
[2]
b. Сандық мәліметтерді қолданып, ауыл шаруашылық жерлерінің диаграммасын сызып,
шартты белгілерін құрастырыңыз.
[2]
6.Әлем елдерінің урбандалу деңгейі (ең жоғары және ең тӛмен) елдер берілген.
Алатын
орны
Жоғары елдер (%) Алатын
орны
Тӛмен елдер (%)
1 Сингапур 100.0 183 Непал 17.7
2 Катар 99.1 184 Эфиопия 17.5
3 Кувейт 98.3 185 Уганда 16.4
4 Бельгия 97.5 186 Сент-Люсия 16.1
5 Мальта 95.2 187 Малави 16.0
6 Сан-Марино 94.2 188 Шри-Ланка 15.2
7 Исландия 93.9 189 Лихтенштейн 14.3
11
Берілген мәліметтерді пайдаланып, дүниежүзінің қарапайым урбандалу картограммасын
жасаңыз. Түстерді (урбандалуы жоғары елдерді кӛк, тӛмен елдерді қызыл түс) пайдаланып,
пайыздық кӛрсеткіштерін белгілеңіз.
[3]
7. Қазақстанның экологиялық жағдайына баға беріңіз.
а. Қазақстандағы экологиялық жағдайы тӛмен аймақтарды атап, себебін жазыңыз.
[2]
b. Таңдау бойынша екі экологиялық аймақты атап, ӛсімдік пен жануарлар дүниесі топырақ
жамылғысына және атмосфераға тигізетін әсеріне баға беріңіз.
[4]
8. Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың
жолдарын ұсыныңыз.
a. Қазақстанда пайдалы қазбаларды (мұнай, кӛмір, металдар) ӛндіру нәтижесінде қоршаған
ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарына екі ұсыныс келтіріңіз.
[2]
b. Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған, табиғатты қорғауға арналған
үш іс-шараларға мысал келтіріңіз.
[3]
12
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 Жергілікті кіші аумақты ғана бейнелей алады
Аумақ бойынша ақпаратты толық бере алады
1
2 Тиімді пайдалау (Геотермалды энергия кӛзі) 1
3 Бағаналы диаграмманы кӛп мӛлшерден аз мӛлшер
бойынша дұрыс сызса 1 балл
Шартты белгілерді қолданса 1 балл
1
1
4 a.1800 мен 2015 жыл аралығында атмосфераға
бӛлінген кӛмірқышқыл газының мӛлшерін 32 млн.
т-дан 25402 млн т-ға ӛсті
Атмосфераға бӛлінген кӛмірқышқыл газ кӛлемі 795
есеге артты
Кӛмірқышқыл газының күрт артқан кезеңі 2000 жылға
сәйкес келеді
1
1
Кӛмірқышқыл
газының ауаға
бӛлінуіні
мӛлшерінің
кӛбеюін сандық
дәлелмен
сипаттаса 2 балл
b. Халық саны 5-6 есе артқан. 1950 жылға қарағанда
2000 жылы демографиялық жарылыс болған, халық
саны 2,5 есе артқан
1
5 a. Жайылымдар-84,3 Жыртылған жерлер- 11,1
Шабындықтар-2,3 Тың жерлер-2,3
1
1
b.Ауыл шаруашылық жерлерін пайыздық
кӛрсеткіштерін пайдаланса
Шеңбер диаграммаға шартты белгілермен түсірсе
1
1
6 Кестеде берілген урбандалу деңгейі ең жоғары
ең тӛмен елдерді географиялық орналасуына
байланысты түстермен дұрыс белгілесе
Пайыздық кӛрсеткіштерін кӛрсетсе
1
1
1
7 а. Арал теңізінің құрғауы
Келіп құятын ӛзендердің суын ауыл шаруашылығына
шамадан тыс пайдалану.
b. Батыстағы топырақтың мұнаймен ластануы.
Батыс, орталық аймақтардағы жанатын пайдалы
қазбаларды ӛндіру нәтижесінде ауа құрамында
кӛмірқышқыл газының кӛбеюі.
Шығыстағы қарағайлы ормандардың жойылуы.
Шығыстағы радиациялық ластану нәтижесінде
ядролық қару жарылған аймақтарда, топырақ
жамылғысы жарамсыз болуы ӛсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің жойылуы.
1
1
1
1
1
1
Оқушының басқа
да дұрыс
жауаптары
қабылданады.
8 a. Ағаштар егу, зауыттарға тазарту құралдарын орнату
қайта ӛңдеу зауыттарын соғу.
1
1
b.Қызыл кітапқа енген ӛсімдіктер мен жануарларды
қорғау; Қорықтардың жұмысын ұйымдастыру;
Жасыл ел бағдарламасы;
Халықаралық ұйымдармен бірлесе шешу, жобалар
құру.
1
1
1
Жалпы балл 25
13
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан
тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының ӛз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу
қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
14
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырм
а саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілеті
н балл
саны
Табиғатты
пайдалану
және
геоэкология
10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің
мәнін, мазмұнын, бағыттарын және
негізгі категорияларын графикалық түрде
ұсыну
Қолдану 1 1 ҚЖ 5 2
25
10.3.2.2 Геосфералардың ластану
деңгейін анықтап, себеп-салдарын
зерттеу
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 5
5
10.3.2.3 Дүниежүзі аумағын ластану және
табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша
аудандастыру
Қолдану 1 2 ҚЖ
5 3
10.3.2.4 Табиғатқа әсер ететін
антропогендік факторларды топтастыру
және графикалық түрде ұсыну
Қолдану
1 5 ҚЖ 4 2
10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін
антропогендік факторлардың азайту
жолдарын ұсыну
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 7 4
10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық
проблемаларды шешудегі әлемдік
тәжірибені зерттеу
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 7 4
10.3.2.8 Экологиялық проблемаларды
шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің
рӛлін анықтау
Қолдану 1 3 ҚЖ 2 1
10.3.2.9 Қазақстан аумағын экологиялық
тұрғыдан аудандастыру негізінде
экологиялық проблемалардың шешу
жолдарын ұсыну
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 5 4
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
15
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Геоэкологияның зерттеу бағыттарын анықтаңыз.
географиялық экологиялық
[2]
2. Қоршаған ортаның ластануы физикалық, химиялық заттардың ыдырауы, ауа мен суға
тасталған әр түрлі ӛндіріс қалдықтарының мӛлшеріне байланысты болады. Атмосфераны
ластаушы кӛздердің кӛлеміне байланысты үш түрге бӛлінеді. Олар, Әлемдік кӛлемде
ластайтындар (қоршаған ортада әлемдік аумақта тарап, ластау кӛздері). Аймақтық кӛлемде
ластайтын (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік
бӛлігі). Жергілікті кӛлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын аймақ).
Ластанудың деңгей бойынша мысал келтіріңіз
Әлемдік кӛлемде ластану
деңгейі
Аймақтық кӛлемде ластану
деңгейі
Жергілікті кӛлемде ластану
деңгейі
[3]
3. EXPO-2017 кӛрмесіндегі тың жаңалықтар қандай экологиялық проблемаларды шешеді?
[1]
16
4. Қазақстандағы экологиялық аймақтарды аудандастыру.
а. Қазақстандағы экологиялық қауіп-қатер деңгейі қауіпті, қауіптілігі әлсіз деңгейлі
аймақтарды кескін картаға шартты белгілер арқылы түсіріңіз.
[2]
b. Бір аймақты таңдап, экологиялық проблемаларды шешудің екі жолын ұсыныңыз.
[2]
5.Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырыңыз.
Антропогендік факторлар
Ойланбай жасалынған әрекеттер Саналы түрде жасалатын әрекеттер
[2]
6.Әлемнің ең лас қалалардың тізімінде Бейжің, Мәскеу, Нью-Дели, Лос-Анджелес, Дакка,
Каир және Мехико қалалары кіреді екен.
1 2
17
а. Суреттерде бейнеленген экологиялық мәселе тудырған құбылысты атаңыз.
[1]
b. Жоғарыда берілген құбылыс Қазақстанның қайсы қалаларында жиі кездеседі? Себебін
анықтаңыз.
[2]
c. Аталған құбылыстың адамға, қоршаған ортаға әсерін сипаттап, салдарына баға беріңіз.
[2]
7. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үдеріс ӛнеркәсіптің салалары
машина жасау, химия ӛнеркәсібі және энергетика басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен
дамыды. Ӛндіріс орындары, транспорт, құрылыс және тұрмыс нысандарынан бӛлінген
күкірт оксидтері, кӛміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар қатты
бӛлшектердің кӛбеюі атмосфераны ластауды бастады. Антропогендік факторлар әсерінен
күрделі, жылыжай эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздану, шӛлейттену, су қорларының
ластануы сияқты экологиялық проблемалар пайда бола бастады.
Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыныңыз
а. Атмосфералық ластанудың азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
b. Биосфераның ластануын азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
c. Су ресурстарының ластануын азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
d. Литосфералық ластануды (жер бедері, топырақ) азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
8. Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттеу.
Қазіргі таңда ӛндірістік қалдықтарды кәдеге жарату және қайта ӛңдеу ӛзекті
мәселелердің бірі. Әлемдік деңгейде Щвеция қалдықтардың 25%, Жапонияда 30%,
Германияда 35% қайта ӛңделіп, пайдалануға беріледі. Ал Қазақстанда тұрмыстық
қалдықтардың 2,5% қайта ӛңделеді. Қалған тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигондарына
тӛгіледі екен.
a. Жергілікті аймақтың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану деңгейін анықтаңыз.
[1]
b. Тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу мақсатында елімізде жасалып жатқан іс-шараларды атаңыз.
[1]
c. Тұрмыстық қалдықтарды қайта ӛңдеудің қажеттілігіне мысал келтіріп, маңызылығын
түсіндіріңіз.
[2]
18
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 Г еографиялық қабықтардағы ӛзгерістер, жер бедерлерінің
ӛзгеруі, ластану, биоалуантүрліліктердің азаюы, жойылуы
2 Мысалдар
қабылданады
2 Әлемдік кӛлемде ластану деңгейі: атмосфераның
ластануы нәтижесінде ғаламдық жылыну, озон тесігі,
Арал теңізі, шӛлдену.
Аймақтық кӛлемде ластану деңгейі: белгілі бір
аймақтардың ластануы, Семей аймағындағы ядролық
қарудың жарылыуы, Нагасаки, Херосима радиациялық
ластануы және т.б.
Жергілікті кӛлемде ластану деңгейі: қаланың кӛліктердің
кӛп болуынан смог, зауыт фабрикалардан қышқыл
жаңбырлар, қоқыстан ластануы.
1
1
1
Кез келген
дұрыс жауап
қабылданады.
3 Жанатын ресурстарды үнемдеу
Сарқылмайтын ресурстарды пайдалану
Жасыл энергияны тиімді пайдалану
Қайта ӛңдеу технологияларын дамыту
1 Мысалдар
қабылданады
4 а. Қазақстандағы экологиялық ахуалы қауіпті.
Арал маңы, Семей полигоны, Риддер аймағындағы түсті
металлургия, Қарағанды-Теміртау
Қауіптілігі әлсіз: Жетісу аймағы
(шартты белгілерді қолдану)
1
1
Кез келген
дұрыс жауап
қабылданады.
b. Арал теңізінің суын молайту жобалары.
Қалаларда метролар кӛбейту.
Автокӛліктерден шығатын газдардың сапасын жақсарту.
1
1
Кез келген
дұрыс жауап
қабылданады.
5 Ресурстарды тиімсіз игеру, ядролық қаруларды сынау
және пайдалану.
Кӛліктерден шығатын газдар, зауыттардан шығатын
газдар.
Жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық
сапасының тӛмендеуі мен экожүйелердегі күрделі
ӛзгерістер
1
1
Мысалдар
қабылданады
6 a. Тұмша (смог) 1
b. Алматы, Астана қалаларында тұмша кездеседі.
Халық санының артуы, кӛліктің артуы.
Қалалардың географиялық орналасуына байланысты.
1
1
c. Аталған құбылыстың адам ағзасына зиянды, тыныс алу
мүшелеріне, тері ауруларына әкелуі мүмкін.
Жергілікті аймақтың флорасы мен фаунасына кері әсер
етеді.
1
1
Нақты
мысалдермен
басқа қалалар
мен
зардаптарын
сипаттаса
қабылданады
7 a. Жасыл экономиканы дамыту
Елдімекендерде жасыл желектерді кӛбейту
Зауыт-фабрикалардан шығатын газдардың қауіптілігін
қадағалау, сүзгілер орнату
Зауыттардан шығатын қалдықтарды қайта ӛңдеу
1
1
1
Толық 2
мысал мен
ұсыныстары
болса 4 балл
19
Заманауи технологияларды тиімді пайдалану 1
8 а. Жергілікті елді мекеннің тұрмыстық қатты
қалдықтармен ластану деңгейін анықтаса
Ластану деңгейі жоғары, ластану деңгейі тӛмен,
ластанбаған
1 Жергілікті
аймақ
негізінде ӛз
жауаптарын
ұсынады
b. Қайта ӛңдеу зауыттары, кӛгалдандыру, жасыл ел
бағдарламасы, қоқыс палигондарын тиімді пайдалану.
1 Басқа да
мысалдары
қабылданады
c. Әлемнің кӛп жерлерінде қоқысты ӛртеуге тыйым
салынған, ӛйткені тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы
газдар бӛлініп ауаны ластайды.
Жапондықтар ӛртелген қоқыс күлін арнайы
құрылғылармен тығыздап, құрылыс заттарын ӛңдіреді,
ғимараттар тұрғызып, тіпті бүтін жасанды аралдар салып
жатыр.
1
1
Жалпы балл 25
20
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан
тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының ӛз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу
қабілеті бағаланады.Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
21
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапс
ырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілеті
н балл
саны
Геоэкономика
негіздері
10.4.1.1 Геоэкономиканың мақсаты мен
міндеттерін, негізгі категорияларын
түсіндіру
Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 2 1
17
10.4.1.2 Елдер мен аймақтардың
экономикалық дамуындағы
географиялық кеңістіктің рӛлін
анықтау(қазақстандық компонентті
қосымша қамту негізінде)
Қолдану 1 2 ҚЖ 4 2
10.4.1.3 Шаруашылық салаларын
орналастыруда факторлар мен
алғышарттардың жиынтығын талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 7 2
10.4.1.5 Дүниежүзі елдерін шаруашылық
құрылымы бойынша жіктеу
Қолдану 1 4 ҚЖ 4 4
10.4.1.6 Дүниежүзі шаруашылығының
аумақтық модельдерін талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 6 4
10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін
тиімді шаруашылықтың құрылымын,
шаруашылық салаларының
арақатынасын, шаруашылығының
аумақтық құрылымын, экономикалық
дамуындағы тиімді кӛрсеткіштерді
анықтау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 6 5
Геосаясат
негіздері
10.5.1.2 Негізгі геосаяси объектілер мен
субъектілерді анықтау
Қолдану 1 3 ТЖ 4 4
8
10.5.1.5 Геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық, саяси,
әскери, технологиялық факторларға баға
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 7 4
22
беру
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
23
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Геоэкономика ұғымын түсіндіріңіз.
[1]
2. Орта Азия мен Батыс Еуропа аймақтарының экономикалық дамуындағы географиялық
кеңістіктің рӛлін анықтаңыз.
[1]
Климаттық және саяси ерекшеліктердің шаруашылықтың және қызмет кӛрсету саласына
әсерін сипаттаңыз.
[1]
3. Геосаяси объектілер мен субъектілеріне екі мысалдан келтіріңіз.
Геосаясат
Объектілер Субъектілер
[4]
4. Картада елдерін шаруашылық құрылымы бойынша таралуы берілген.
Карта бойынша мемлекеттердің шаруашылық құрылымын кестеге жазыңыз.
Қызметтік
Батыс елдері
Ауылшаруашылық
ӛндірісі
елдері
Шикі зат ӛндірісі Индустриалды
ӛндіріс елдері
[4]
5. Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беріңіз
а. Геосаяси жағдайының екі қолайлы жақтары
[2]
b. Геосаяси жағдайының екі қолайсыз жақтары
[2]
24
6. Таңдау бойынша (Атырау мұнай өңдеу зауыты, Шымкент химфарм зауыты, Қарағанды
металл бұйымдары зауыты, Павлодар алюминий зауыты) ӛнеркәсіп орталықтарының
орналасу ерекшелігін талдаңыз
а. Ӛндірісті орналастыруға әсер еткен физикалық-географиялық факторларды анықтаңыз.
[1]
b.Ӛндіріс орнының орналасуына әсер еткен экономикалық-географиялық факторларды
анықтаңыз
[1]
7. Мәтіндегі оқыңыз.
Капиталистік әлемнің дамуын Валлерстайн әлем елдерін 3 топқа жіктейді. Олар: орталық,
жартылай периферия, периферия елдер деп. Орталыққа дамыған елдері кіреді. Ал жартылай
периферия елдеріне, ӛтпелі экономикада жатқан елдер мен мұнай экспорттаушы елдер
кіреді. Перифериялы елдерге кӛбіне әлемнің дамушы 100 елі кіреді олардың экономикасы
ауыл шаруашылығына тікелей тәуелді.
Картаны пайдалана отырып, орталық, жартылай периферия, периферия елдерді анықтап,
шаруашылығын талдаңыз.
Елдер Орталық Жартылай периферия Периферия
____________________
____________________
____________________
____________________
Бразилия
Ресей
Қытай
Оңтүстік Африка
республикасы
____________________
____________________
____________________
____________________
Дамыған
шаруашылық
салалары
(маманданған
салалары)
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
Ауыл шаруашылығы,
пайдалы қазба ӛндіру,
[4]
8. Қазақстан Республикасының экономикалық картасын пайдаланып, еліміздің әрбір
экономикалық аудандардың дамыған шарушылық түрлерін анықтап, экономиканы дамытуға
тиімді жақтарын талдаңыз.
а. Батыс экономикалық аудан
[1]
25
b. Шығыс экономикалық аудан
[1]
c. Солтүстік экономикалық аудан
[1]
d. Оңтүстік экономикалық аудан
[1]
26
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 Геоэкономика – елдің экономикалық мүмкіндіктерін
анықтайтын жаңа геосаясат түрі. Геоэкономика әлем
елдерінің кірісі мен ресурстарын бӛлумен айналысатын
ғылым.
1
2 Климаттық:
Орта Азия климатының құрғақ континетті болуы.
Шӛлді, шӛлетті аймақтардың кӛп болуы астық
шарауашылығының ӛсіруге қолайсыз.
Жылу сүйгіш ӛсімдіктер мақта, бақша ӛнімдерін ӛсіруге
қолайлы.
Туризм саласы климаттық ерекшелікке байланысты
нашар дамыған.
Батыс Еуропада қызмет кӛрсету саласы жетекші дамыған
туризм саласы үшін климаты қолайлы.
Саяси:
Орта Азиядағы кейбір елдердегі саяси тұрақсыздық
халықтың әлеуметтік жағдайының тӛмен болуы
экономикалық артта қалуға әсер етуде.
Батыс Еуропада саяси тұрақтылық, кӛршілес елдердің
даму деңгейі және достықта болуы елдердегі
экономикалық жағдайдың жоғары болуына әсер етеді.
1
1
Нақты
мысалдар
және
жекелеген
елдер
бойынша
салыстырулар
қабылданады.
Бір
климаттық бір
саяси
ерекшелікті
сипаттаса 2
балл
3 Геосаясат объектісі – теңіз және мұхит, таулар, жер
қыртысы, қоршаған орта, әуе, яғни ғарыш және
мемлекеттер, олардың шекарасы, ресурстар және т.б.
Геосаяси субъект – Географиялық геофизикалық және
әлеуметтік кеңістікте ресми немесе бейресми билікті алу
үшін геосаяси кеңістікті ӛзгертуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдар немесе
мемлекеттер бірлестігі.
2
2
Екі мысал
үшін 2 балл
4 Қызметтік Батыс елдеріне: АҚШ, Германия,
Ұлыбритания, Франция және т.б
Ауылшаруашылық ӛндірісі елдері:Үндістан, Непал,
Колумбия, Бразилия және т.б
Индустриалды ӛндіріс елдері: Жапония, Корея, Бразилия,
Сингапур, т.б
Шикізат ӛндірісі елдері: Африка елдер, Ресей, Мексика
1
1
1
1
5 Геосаяси жағдайының қолайлы жақтары
Жер кӛлемінің үлкен болуы, табиғи ресурстарға бай,
кӛрші екі держава мемлекетпен шектеседі.
Транзиттік жол торабында орналасуы және т.б
1
1
Геосаяси жағдайының қолайсыз жақтары
Мұхитқа шыға алмауы
Орта Азиядағы «ыстық нүктелерге» жақын орналасуы
1
1
6 Шикізат кӛзі, энергияны және су кӛздері, жер бедері 1
Қаржынының жеткілікті болуы (инвесторлар, капитал)
Ғылым (жаңа иновациялық технологиялар)
27
Еңбек күші (кәсіби мамандар мен жұмыс күші) 1
7 Орталық (ядро) елдері: АҚШ, Батыс Еуропа елдері,
Жапония, т.б
Периферия елдері: Африка Азия, Оңтүстік Америка
елдері;
Орталық (ядро) елдердің маманданған шаруашылық
саласы: қызмет кӛрсету саласы, туризм, технология,
машина жасау
Жартылай периферия: жартылай ӛңдеуші ӛнеркәсіп
1
1
1
1
Нақты
мысалдармен
басқа елдерді
сипаттаса
жауап
қабылданады.
8 Экономикалық аудандар:
Батыс: мұнай, табиғи газ және бекіре балығы т.б.
Экспорттық тауарлар арқылы экономиканы
тұрақтандыру.
Шығыс: тау-кен ӛнеркәсібі, түті металдар ӛндіру, марал
және бал арасын ӛсіруге маманданған
Азия ӛңіріндегі елдерге қазақстандық ӛнімдерді жеткізу
кӛлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай
ӛнеркәсібі болып табылады
Солтүстік: бидай ӛсіру, қара металлургия, машина жасау
Еуропа елдеріне экспорт мұнай, ферроқорытпа,
металлургия ӛнеркәсібі ӛнімдерін, бидай сату есебінен
артып отыр.
Оңтүстік: бау-бақша ӛнімдері, мақта, күріш ӛсіру, туризм
Экономикалық дамудың негізгі кӛзі елдің шикізат
әлеуетін пайдалану болып табылады.
1
1
1
1
Жалпы балл 25
28
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан
тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
29
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапс
ырма
түрі*
Орындалу
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілетін
балл саны
Елтану
10.6.1.2 Дүниежүзінің тарихи-географиялық
аймақтарын, олардың құрамы мен
ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын
шығармашылық түрде ұсыну
Қолдану 1 1 ҚЖ 3 2
13
10.6.2.2 Дүниежүзі елдерін салыстыруда
қолданылатын кӛрсеткіштердің бірін есептеу
әдісін түсіндіру (таңдау бойынша: ЖШӚ,
ЖҰӚ, оның ішінде жан басына шаққанда,
СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті,
гендерлік тепе-теңдік және т.с.с.)
Жоғары деңгей
дағдылары
2 2,3
ҚЖ
ТЖ
6 3
10.6.2.3 Кӛрсеткіштердің бірі бойынша
графикалық түрде дүниежүзі елдерінің
рейтингін кӛрсету (таңдау бойынша)
Қолдану 1 4 ТЖ 5 2
10.6.2.4 Жиынтық кӛрсеткіштер бойынша
есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері
мен рейтингтерін сипаттау (есепке / бағалауға
алынатын кӛрсеткіштер, бағалау субъектісі,
нәтижелерінің қолдану аясы)
Қолдану 1 5 ҚЖ 5 2
10.6.2.5 Жиынтық кӛрсеткіштер бойынша
есептелінетін дүниежүзі елдерінің
рейтингтерін графикалық түрде кӛрсету
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 7 4
Адамзаттың
ғаламдық
проблема-лары
10.7.1.1 Адамзаттың дамуындағы
проблемаларын топтастыру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 7 4
12
10.7.1.3 Ғаламдық проблемалардың себептері
мен салдарын анықтап, топтастыру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 7 8
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
30
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Еуразия құрлығының кескін картасы берілген.
а. Кескін картаға Оңтүстік Шығыс Азия елдерін түсіріңіз.
[1]
b. Елдердің физикалық-географиялық орналасуының ерекшеліктерін сипаттаңыз
[1]
2.Кестедегі елдердің жалпы ішкі ӛнімнің жан басына шаққандағы кӛрсеткішін есептеңіз.
Елдің атауы ЖІӚ кӛлемі.$
млрд
(2018 ж)
Халық саны
(2018 ж)
млн.адам
ЖІӚ жан
басына
шаққандағы
кӛрсеткіш.$
Үндістан 2264 1.324.344.631
Сингапур 294,8 5.567.301
[1]
3. Жоғарыдағы мәліметті қолданыңыз.
а. Үндістан мен Сингапур мемлекеттерінің жан басына шаққандағы ЖІӚ кӛрсеткіштерінің әр
түрлі болуының себептерін түсіндіріңіз
[1]
b. Елдердің жан басына шаққандағы ЖІӚ тӛмен болуы халықтың әлеуметтік жағдайына
қалай әсер ететінін талдаңыз.
[1]
4. Шайды және кофені алдыңғы қатарлы тұтынушы елдердің тізімін қолданып, нүктелі
график құрыңыз.
№ Шайды алдыңғы қатарлы тұтынушы елдер Кофені алдыңғы қатарлы тұтынушы
елдер
елдер кӛлемі(кг) елдер кӛлемі (кг)
1 Түркия 6,87 Финляндия 12
31
2 Марокко 4,34 Норвегия 9,9
3 Ирландия 3,22 Исландия 9
4 Мавритания 3,22 Дания 8,7
5 Великобритания 2,74 Нидерланд 8
Дерек кӛзі: https://best-top10.ru/top-10-stran-po-potrebleniyu-kofe.html © Best-Top10.ru
[2]
5.Кестеде дүниежүзі елдерінің әр түрлі кӛрсеткіштер бойынша рейтингтері берілген.
Елдер Экономика Кәсіпкерлік
және
инновация
Ӛмір ұзақтығы Әлеуметтік
капитал
Норвегия 2 4 4 1
Швеция 5 2 14 9
Австралия 10 8 17 3
Канада 8 16 15 8
Мексика 34 69 52 63
Ямайка 116 57 65 48
Индонезия 43 85 95 27
Кестедегі экономикасы және халықтың кәсіпкерлік және инновация кӛрсеткіштері бойынша
тӛмен және жоғары елдерді сипаттаңыз.
[2]
6. Картадан дүниежүзі елдерінің жан басына шаққандағы ЖІӚ берілген.
32
а. Картадағы сандарды пайдаланып, ЖІӚ кӛрсеткіші жоғары және тӛмен елдердің
рейтингтерін графикалық түрде сызыңыз.
[3]
b. ЖІӚ кӛрсеткіштерінің әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз.
[1]
7.Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелерді анықтап, мысал келтіріңіз.
Соғыс және
бейбітшілік
мәселелері
Демографиялық
мәселе
Экономикалық Шикізаттық және
энергетикалық
[4]
8. Ғаламдық проблемалардың пайда болу себептерін мен салдарын анықтаңыз.
а. Экологиялық мәселелер
[2]
b. Дамушы елдердің экономикалық артта қалу мәселесі
[2]
c. Дүниежүзілік мұхит мәселесі
[2]
d. Мәселелерді шешудің кем дегенде 2 жолын ұсыныңыз
[2]
33
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 а. Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Тайланд, аралды
бӛлігінде - Бруней, Шығыс Тимор, Индонезия, Сингапур,
Филиппин, Малайзия.
1
b. Елдердің физикалық-географиялық орналасуы Қытай,
Үндістан және Австралияның орталарында орналасқан
континеналды аралдар тобы. Үндіқытай түбегі де кіреді.
Малай түбегінде Малайзия.
1
2 Үндістан 1690
Сингапур 52950
1 1 балл
есептеу әдісін
қоданғаны
үшін беріледі
3 a. Халық саны кӛрсеткіштеріне байланысты ЖІӚ әртүрлі
болады
Сингапурдың ЖІӚ Үндістанға қарағанда кӛп.
Үндістанның халық саны кӛп және ЖІӚ аз
1
Мысалдар
қабылданады
b. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелерлі
кӛптеп кездеседі
ЖІӚ тӛмен елдерде салыстырмалы түрде экономика
тӛмен болады.
Ел экономикасы ӛңдеуші, ӛндіруші, қызмет кӛрсету
салаларының тӛмен болуы.
1
4 Кестедегі ақпаратты дұрыс қолданса
Нүктелі график сызса
1
1
5 Норвегия мемлекетінде экономикасы және халықтың
кәсіпкерлік және инновация кӛрсеткіштері бойынша
және ӛмір сүру сапасы алдыңғы қатарларда. Бұл
мемлекеттің даму деңгейінің жоғары екендігін кӛрсетеді.
Ямайка экономикасы бойынша 116 орында,
экономикасының үлкен сауда тапшылығы, жұмыссыздық,
сыртқы қарызы елдің ЖІӚ кӛрсеткішінен бір жарым есе
артық.
1
1
Кестедегі
мемлекеттерді
ң екі
кӛрсеткіштері
н нақты
сипаттаса 2
балл беріледі.
6 а. Картадағы сандарды пайдаланып, ЖІӚ кӛрсеткіші
бойынша елдердің рейтингтерін графикалық түрде сыза
алса
Мысалы, елдердің кӛрсеткіштерін дұрыс пайдаланса
64000 жоғары елдер; Норвегия, Щвейцария
500 тӛмен елдер; Африка елдері
1
1
1
b. Экономикасының деңгейінің әр түрлі болуы;
Мемлекет ретінде қалыптасу уақыты;
Экспорт пен импорт сальдосының айырмашылығы;
Елдегі ӛнеркәсіптің даму деңгейі;
1 Кез келген
дұрыс жауап
қабылданады.
34
7 Соғыс және бейбітшілік мәселелері:
Азаматтық соғыстар, террористік, экстремистік
ұйымдардың иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы
жоқ қарапайым халықты қыруы кӛрініс табуда.
Нәтижесінде зорлық-зомбылық жер шарының әрбір еліне
қауіп тӛндіруде
Демографиялық мәселе:
1975-1990жж 2,2 миллиард халық ӛсімі шамамен 90%,
яғни 2 миллиардтан астамы дамушы елдердің үлесіне.
Халық саны кӛп елдерде тұрғын үй мәселесі, аштық,
қарапайым медициналық кӛмек, білім алу тӛмен деңгейде
Дамыған елдердегі проблема бала санының аз, ал қарттар
санының кӛбеюінен туындайды (процесс депопуляция);
Дамушы елдерде керісінше бала санының тез ӛсуі, азық-түлік пен медициналық кӛмектің жетіспеуі.
Экономикалық:
Елдер арасындағы санкциялар
Қаржылық санкциялар
Банкаралық әрекетке тыйым салу
Халықаралық саудада шектеулер мен тыйым салу
Саяси ӛзгерістерге немесе кӛмек кӛрсетуде оң нәтиже
алынып тасталады
Шикізаттық және энергетикалық:
Барланған мұнай, газ, кӛмір қоры шектеулі
Тау-кен химиясы ӛнімдерінің мӛлшері тӛмендеуде
Ӛндіру және тұтыну аймақтарының арасындағы
айырманың артуы.
1
1
1
1
Мысалдар
қабылданады
8 a. Экологиялық мәселелер қоғам мен табиғат арасындағы
қарым-қатынас нәтижесінде табиғатты қорғау мәселесі.
XX ғасырдың ортасында қоршаған ортаға түскен аса кӛп
«күштен» барып туындап отыр.
Себебі: адамзаттың ӛсуі, табиғатқа деген сұраныстың
кӛбеюі, индустрияландыру т.б.
Салдары: биосфераның ритмі бұзылып, адамзаттың
денсаулығына, қоршаған ортаға, геосфераға қауіп тӛнуде.
1
1
Әр мәселе
бойынша
мысалдар
келтіріп,
ашып жазса 2
балл
b. Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу
мәселесі
Африка мемлекеттері халық саны дамыған елдермен
салыстырғанда 3 есе кӛп бірақ ӛнім ӛндіруі тӛмен
ЖІӚ адам басына шаққанда 15-16 есе аз.
Электроэнергетика адам басына шаққанда 1000 есеге аз.
Адам жанына шаққанда келетін түсімді дамушы елдер
мен дамыған елдерде сәйкестендіру
15 жас және одан жоғары жастағы адамдар арасында
сауатсыздық жоғары болуы
Орташа ӛмір сүру ұзақтығы шамамен 40 жас
1
1
35
c. Әлемдік мұхитты бейбіт игеру және ластану мәселелері
Мұхит түбінен минералды ресурстар ӛндірілуде, кӛлік
жолы кӛбеюде, биологиялық ресурстары алынуда
Негізгі проблемасы жылына 1 млн. тоннадан артық
мұнай, ауыр металл қалдықтары, қалалардың лас сулары
құйылып, жағалаулары қатты ластануда.
Салдары: биоалуантүрліліктің азаюы, мұхит суының
ластануы
1
1
1 мәселеге
қатысты 2
шешу жолын
ұсынса 2 балл
d. БҰҰ дүниежүзінде азық-түлік дағдарысы мен
аштықтан зардап шегушілердің санын қысқарту үшін
дамыған мемлекеттер ауыл шаруашылық саласына
бӛлінетін инвестиция кӛлемін арттыру;
Халықаралық банк, Дүниежүзілік қор, ауыл
шаруашылығы саласына арнайы қаржы бӛлу;
Экологиялық ластаушы елдерге қойылатын талаптарды
күшейту;
Жаңа технологияларды тиімді пайдалану;
Жасыл экономикаға ӛту;
Дамыған елдер артта қалған елдердің білім және
медицина саласын дамытуға үлес қосу;
Геосфераға тасталатын улы газдарды әр ел қадағалау
және шаралар қолдану;
Әлемдік мұхитты қорғауға арналған құжаттардағы
ережелерді жүзеге асыру;
Тұрмыстық және ӛнеркәсіптік қалдықтарды қайта ӛңдеу,
кәдеге жарату.
2
Жалпы балл 25

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020