» » ТЖБ ҚЖБ Биология 10- сынып (қоғамдық – гуманитарлық бағыт )

ТЖБ ҚЖБ Биология 10- сынып (қоғамдық – гуманитарлық бағыт )

03 сентябрь 2019, Вторник
7 235
0

«Биология» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалауға арналған спецификация
10- сынып
(қоғамдық – гуманитарлық бағыт )
Нұр-Сұлтан, 2019
2
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты........................................................................ 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар .......................... 3
3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ............................................................................................... 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін
мақсаттарды бөлу ............................................................................................................................ 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ..................................................................................... 5
7. Модерация және балл қою ...................................................................................................... 5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ...................................... 6
2 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................................... 15
3 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .................................. 24
4 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .................................. 34
3
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Оқушы:
- қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен
терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің
себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады;
- табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және
олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс
жүргізе біледі;
- әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау
және белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық-ұғымдық аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі;
- конструктивті шешім қабылдау үшін қоршаған ортадағы өзгерістердің өзара
байланысын, адам әрекетінің экожүйеге тигізетін әсерін ажыратады, сондай-ақ
табиғатты сақтау қажеттілігін дәлелдейді;
- экологиялық, техногенді және ақпараттық факторлар мен адамгершілік нормаларды
ескере отырып, қоршаған болмыспен өзара әрекеттесу үшін жаратылыстану-ғылыми
білімін көрсетеді.
4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Ұсынылатын
тапсырмалар
түрі
Білу және түсіну Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен
тәсілдерді білу.
Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе
түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете білу.
Дәлелдемелер мен мысалдар келтіре отырып
алған біліммен бөлісу, түйінді ойды өз сөзімен
айту.
Тексеру
деңгейі үшін
КТБ
тапсырмасын/
қысқа жауапты
(ҚЖ) қажет
ететін
тапсырмалар
ұсынылады.
қолдану
ұсынылады.
Қолдану Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған
білімдерін және ақпараттарды қолдану.
Модельдеу мен конструкциялау арқылы өз
білімін көрсету.
Тексеру үшін
қысқа жауапты
(ҚЖ) және
толық жауапты
(ТЖ)қажет
ететін
тапсырмалар
ұсынылады.
Жоғары деңгейлі
дағды
Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін
талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу
және оны түсіндіру.
Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас
біріктіру; нақты үдерістерді сипаттайтын
моделдерді түсіндіру; дереккөздерден шығатын
ой-пікірлерді қалыптастыру.
Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар,
нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы
туралы шешім шығару; қолайлы әдіс-тәсілдерді
және стратегияларды таңдай білу.
Зерттеуді жоспарлау, жасау және нәтижені
интерпретациялау.
Тексеру үшін
қысқа жауапты
(ҚЖ) және
толық жауапты
(ТЖ) қажет
ететін
тапсырмалар
ұсынылады.
5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 30% 50% 20%
II 44% 56% -III 20% 70% 10%
IV 13% 75% 12%
Қорытынды 27% 62% 11%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек
беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны – 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдауды
қажет ететін сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 15 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын
сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін
тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
7
1 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсыр
ма
саны*

тапсыр
ма*
Тапсыр
ма түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл* Бөлім
бойын
ша
балл
10.1А
Молекулалық
биология
және
биохимия
10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың
іргелі маңызын түсіндіру
Білу және
түсіну
2 1,2 КТБ 3 4
13
10.4.1.3 Майлардың химиялық
құрылысы мен қызметтерін сипаттау
Білу және
түсіну
1 3 КТБ 2 1
10.4.1.4 Нәруыздарды олардың
құрылымы, құрамы, атқаратын
қызметтері бойынша жіктеу
Қолдану 2 4, 5 КТБ 4 2
10.4.1.6 Биологиялық нысандарда
нәруыздың болуын анықтау
Жоғары
деңгейлі дағды
1 6 ТЖ 5 3
10.4.1.9 РНҚ және ДНҚ
молекулаларының құрылысын
салыстыру
Қолдану 2 7,8 ҚЖ 7 3
10.1В
Жасушалық
биология
10.4.2.1 Электронды микроскоп
арқылы көрінетін жасуша
органоидтерінің құрылысы мен
қызметтерінің ерекшеліктерін
түсіндіру
Қолдану 4
9, 10, 11,
12
ҚТБ
ҚЖ
9 6
12 10.4.2.2 Жасуша мембранасының
сұйық кристалды моделін
пайдаланып, жасуша мембранасының
құрылымы, қасиеттері және
қызметтері арасындағы байланысты
орнату
Жоғары
деңгейлі дағды
3
13, 14,
15
ҚЖ
ТЖ
10 6
Барлығы 25 25
8
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«Биология» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кейбір ересек жәндіктер суда жүзе алмайды, бірақ судың бетінде жүреді. Жәндіктердің
судың бетіне жүруі , судың қасиетіне негізделген анықтаңыз.
A. рН
B. еріткіш
C. беттік керілу
D. атомдық байланыстар
[1]
2. Cу молекуласының өзара сутектік байланыс арқылы қосылуынының сызбасын салыңыз
және биологиялық маңызын түсіндіріңіз.
[3]
3. Липидтің түрлері: үшглицерид, фосфолипид, гликолипид, липопротеинді құрылысы мен
қасиеті және қызметімен салыстырыңыз. Қай салыстыру дұрыс екендігін анықтаңыз?
липид түрлері қызметі
құрылысы
жай липид/
күрделі
липид
қаныққан/
қанықпаған
тармақталған/
тармақталмағ
ан
A үшглицирид құрылымдық X
V
V
X
X
X
B фосфолипид қорғаныш V
V
V
X
X
V
C гликолипид энергетикалық V
X
V
X
X
X
D балауыз қорғаныш V
X
V
V
V
V
X- жалған
V-рас
[1]
4. Нәруыздың жіктелуі қай қатарда дұрыс сипатталған көрсетіңіз.
құрылысы бойынша құрамы бойынша қызметі бойынша
A фибрилдік және глобулдық құрылымдық,
ферментативтік
құрымылымдық,
ферментативтік
B құрылымдық, ферментативтік фибрилдік және
глобулдық
жай және күрделі
C фибрилдік және глобулдық жай және күрделі құрылымдық,
ферментативтік
D құрылымдық, ферментативтік жай және күрделі фибрилдік және
глобулдық
[1]
5. Нәруыздардың бірінші, екінші, үшінші және төртінші реттік құрылымы мен оларға тән
қасиеттерін салыстырыңыз.
9
Нәруыздардың құрылымы Әр құрылымға тән сипаттамалар
1. Біріншілік құрылым
2. Екіншілік құрылым
3. Үшіншілік құрылым
4. Төртіншілік құрылым
А. Полипептидтік тізбек түзу емес,
шиыршықталған, орама қабаттан тұрады.
В. Амин қышқылдарының тізбектерінен
тұрады
С. Бірнеше полипептидті тізбектен
тұрады, молекуласы өзара гидрофобты
байланысқан , сутектік және иондық
байланыспен жүзеге асады.
D. Макромолекуланың кеңістіктегі
күрделі ұйымдасуы жүзеге асады және
глобула түзеді.
Жауаптары:
[1]
6. Төмендегі кестеде биологиялық молекулалардың екі түрлі түрін анықтайтын тамақ
сынақтары туралы ақпарат берілген. Кестені толтырып, сыналған молекулалардың түрлерін,
пайдаланылған реагенттерді және алынған нәтижелерді көрсетіңіз.
сыналған молекуланың
түрі
қолданылған реагент теріс нәтиже оң нәтиже
____________
___________________ күлгін
______________
крахмал
йод сары қызғылт қара көк
[3]
7. ДНҚ және РНҚ молекуласындағы айырмашылығы 1-суретте көрсетілген.
1-сурет
ДНҚ және РНҚ молекуласындағы ұқсастықты анықтаңыз.
ДНҚ РНҚ
[1]
10
8. ДНҚ және РНҚ -ның жасушадағы ролін анықтаңыз.
ДНҚ РНҚ
[2]
9. Жасушаның электронды микротүсірілімі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет
а) 2 – суретте көрсетілген қай оргонелла қосмембраналы болып табылатынын
анықтаңыз.
[1]
b) Жасушаның ішкі және сыртқы жағындағы мембраналар әртүрлі рөлдерге ие.
Диаграммадағы мембраналық құрылым мен қызметінің сипаттамасын қолдана отырып,
жасушаның ішіндегі түрлі органеллаларға сәйкестігін анықтаңыз.
11
1 2 3 4 5 6
A хлоропласт везикула Тегіс ЭТ түйіршікті
ЭТ
ядрошық митохондрия
B ядрошық түйіршікті
ЭТ
везикула Тегіс ЭТ ядро митохондрия
C ядро түйіршікті
ЭТ
везикула Тегіс ЭТ митохондрия хлоропласт
D ядро Тегіс ЭТ митохондрия түйіршікті
ЭТ
везикула хлоропласт
[1]
10. 2 –суретте көрсетілен лизосоманың қызметін сипаттаңыз.
[1]
11. Өсімдік жасушасына тән хлоропластың құрылысы берілген.
3-сурет
Тилакоид мембарасы, строма және грана құрылымдарының фотосинтез үдерісндегі
атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
[2]
12. Митохондрия мен хлоропластың арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
[1]
13. 4-суретте жасуша мембранасының сұйық – мозаикалы моделі көрсетілген.
12
4-сурет
Жасуша мембранасының компоненттеріне атау беріңіз және қызметін сипаттаңыз.
А.
В.
С.
[3]
14. Оқушылар қызылшаны төрт бірдей бөлікке цилиндр арқылы кесіп, cу, қышқыл, этанолы
бар үш сынауыққа салады, әрі 25 градуста қыздырады, ал төртінші сынауықта суға салып 75
градуста қыздырады. В, С және D cынауықтарында мембрана бұзылғанын көруге
болады.Төмендегі сызбада көрсетілген нәтижені пайдаланып, қорытынды жасаңыз.
5-сурет
[2]
15. Жасуша мембранасының сұйық - мозаикалы болуын сипаттаңыз.
[1]
13
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 D 1
2
Судың меншікті жылу сыйымдылығы жоғары
болады, Жабысу және беттік керілу. Сутектік
байланыс судың тұтқырлығына себепші болады
және оның молекулалары басқа молекулалармен
жабысады. Бұл құбылыс когезия деп аталады.
Молекулалар өзара бір – біріне күшті тартылады,
сондықтан судың беткі жағында жабысу күші
пайда болады, ол беттік керілуді тудырады.
Жәндіктердің судың бетінде қалқып тұруы. Судың
тығыздығы және қату. Қату нәтижесінде судың
молекулалары созылады, сондықтан мұздың
меншікті салмағы аз болады да мұз судың бетінде
қалқып жүреді.
3
3 D 1
4 С 1
5
1-В, 2-А, 3-D, 4-C
1
Барлық дұрыс
жауапқа 1 Балл
6
нәруыз
Биурет реактиві
көкшіл
1
1
1
7 Аденин,гуанин,цитозин.
1
8
ДНҚ- тұқымқуалаушылық ақпаратты сақтау.
РНҚ- тұқымқуалаушылық ақпартты тасымалдау
1
1
9 (а)
(і)
9 в
(ii)
С
С
1
1
10 Ыдырау өнімдерін тасымалдау. 1
11
Төмендегі екі жауаптың бірі дұрыс болса:
Тилакоид- жарық энергиясын химиялық энергияға
айналдыру, Н ионының градиенті, АТФ синтезі.
Строма- көмірсулар көмірқышқыл газын
конверсиялайды
1
14
Грана жарық энергиясын химиялық энергияға
айналдырады.
1
12
Төмендегі бір жауап қабылданады:
Митохондрияда криста және матрикс.
Энергетикалық алмасудың соңғы кезеңі жүреді
және АТФ молекуласы синтезделеді.
Энергия жинақталады
1
13
А – Билипидті қабат, құрылымдық.
В –нәруыздар , құрылымдық,тасымалдау қызметін
атқарады.
С – гликокаликс (гликопротеинді), рецепторлық
қызмет атқарады.
1
1
1
14
Қызылша жасушасына қышқылмен және жоғары
температурада әсер еткенде жасуша
мембранасындағы нәруыз молекуласы
денатурацияға ұшырайды.
Жасуша мембранасында: нәруыз, липид В және D
нәтижелерінде нәруыз денатурацияға ұшыраған ,
қызылша құрамындағы пигмент бұзылады және С
– липид, спиртте ериді
1
1
15
Сұйық - фосфолипидті биқабат
жабысқақ\жекелеген фосфолипидтерден тұрады.
Мозаикалы – фосфолипидті биқабат нәруыздарға
орналасқан.
1
Барлығы 25
15
2 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдауды
қажет ететін сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа: 15 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан
тұратын сұрақтар, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар және толық жауапты қажет ететін
тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
16
2 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсыр
ма
саны*

тапсыр
ма*
Тапсыр
ма түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл* Бөлім
бойын
ша
балл
10.2А
Заттардың
тасымалдануы
10.1.3. 1 Беттік аудан мөлшерінің
көлемге қатынасының мәнін есептеу
Білу және
түсіну
2 1,2
КТБ/
ҚЖ
5 2
5
10.1.3.2 Пассивті және активті
тасымалдау механизмдерін
салыстыру
Қолдану 1 3 ҚЖ/ТЖ 5 3
10.2В
Тыныс алу
10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен
қызметтерін сипаттау
Қолдану 1 4 ҚЖ/ТЖ 5 2
11
10.1.4.3 Метаболизмнің түрлерін
атау
Қолдану 1 5 ҚЖ/ТЖ 5 1
10.1.4.4 Энергетикалық алмасу
кезеңдерін сипаттау
Қолдану 2 6, 7 ҚЖ/ТЖ 5 4
10.1.4.5 Митохондрия құрылымдары
мен жасушалық тынысалу
үдерістерінің өзара байланысты
орнату
Білу және
түсіну
4
8, 9,
10, 11
КТБ 5 4
10.2С
10.1.5.1 Су мөлшерін бақылаудағы
антидиуретикалық гормонның
(АДГ) ролін түсіндіру
Білу және
түсіну
2 12, 13
КТБ/
ҚЖ
5 3
9
10.1.5.3 Бүйрек трансплантациясы
мен диализдің артықшылықтары
мен кемшіліктерін талқылау
Қолдану 2 14, 15 ҚЖ/ТЖ 5 6
Барлығы 25 25
17
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«Биология» пәнінен 2 - тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Жануар жасушасындағы беттік ауданның көлемге тәуелділігін анықтайтын үрдісті
анықтаңыз:
Бетттік аудан Көлем
A көмірқышқыл газын түзеді оттекті қолданады
B глюкозаны сіңіреді гормонды анықтайды
C гормонды анықтайды көмірқышқыл газын түзеді
D оттегін қолданады глюкозаны сіңіреді
[1]
2. Екі ағзаның беттік ауданының көлемге қатынасына назар аударыңыз.
1-кесте
1-кестеде берілген беттік ауданның көлемге қатынасы мәндерінің айырмашылығы туралы
қорытынды жасаңыз.
[1]
3. 1 - суретте тасымалдау түрлері көрсетілген.
1-сурет
а) 1-суреттегі А, В, С әріптерімен көрсетілген тасымалдау түрлерін атаңыз.
A.
B.
C.
[1]
18
b) Кестені толтырыңыз.
Тасымалдау
түрі
Қозғалыс бағыты Жүру
жағдайы
Энергияның
қажеттілігі
Мысалы
А жоғары
концентрациядан
төменгі концентрацияға
қарай
жартылай
өткізгіштік
мембрана
жоқ
В жоғары
концентрациядан
төменгі концентрацияға
қарай
нәруыз
каналы
су, глюкоза, амин
қышқылдары
С төменгі
концентрациядан
жоғары концентрацияға
қарай
иә
[2]
4. 2-суретте АТФ - тың диаграммасы көрсетілген.
2-сурет
a) А және В компоненттерін атаңыз:
А.
В.
[1]
b) АТФ қызметін сипаттаңыз.
[1]
5. 3 -суретте метаболизмнің түрлері көрсетілген.
19
3-сурет
3-суретте А және В әріппен не көрсетілген анықтаңыз.
А.
В.
[1]
6. Тыныс алу процесінің толық теңдеуін аяқтаңыз:
[1]
7. Кестені толтырыңыз.
Энергетикалық алмасу кезеңдері Болатын өзгерістер
Дайындық кезеңі
Оттексіз кезеңі
Оттекті
[3]
8. Тыныс алу процесінің екінші кезеңі қай жерде жүретінін анықтаңыз.
А. рибосомада
В. цитоплазмада
С. митохондрияда
D. Гольджи жиынтығында
[1]
9. 4-суретте митохондрияның электронды микротүсірілімі көрсетілген.
20
4-сурет
Ішкі жартылай сұйықтық ортаны құрайды, ДНҚ, РНҚ және рибосомадан тұратын
митохондрияның құрамдас бөлігін суреттен көрсетіңіз.
[1]
10. Тыныс алу кезеңдерін дұрыс ретін сақтап орналастырыңыз.
1) Қымыздық сірке қышқылының түзілуі
2) Матирксте НАД*Н тотықсыздануы
3) НАД*Н тотығуы
4) Гексозаның екі молекула триозаға дейін ыдырауы
5) Митохондрияның мембранaсында АТФ - ның синтезделуі жүреді.
6) Ацетил кофермента А синтезі
Жауабын кестеге толтырыңыз.
[1]
11. 5-суретте митохондрияның дұрыс құрылысы қай бағанда берілген, көрсетіңіз.
5-сурет
1 2 3 4 5
A мембрана аралық
кеңістік
ішкі мембарана криста сыртқы
мембрана
матрикс
B криста мембрана
аралық кеңістік
ішкі
мемрана
матрикс сыртқы
мембрана
C ішкі мембрана сыртқы
мембрана
мембрана
аралық
кеңістік
криста матрикс
D сыртқы мембрана ішкі мембрана криста мембрана
аралық
кеңістік
матрикс
[1]
21
12. АДГ бөлуге қатысатын жерді 6- суреттен белгілеп көрсетіңіз.
6-сурет
[1]
13. 7-суретті пайдалана отырып, АДГ гормонының ролін түсіндіріңіз.
7-сурет
[2]
14. 8 -суретте диализді аппарат көрсетілген.
8-сурет
a) Диализді сұйықтың құрамын түсіндіріңіз.
А.
В.
[2]
b) 8 -суретте келтірілген 1 - 4 сандарды және А , В әріптерін пайдалана отырып, қанның
қалай тазаланатынын түсіндіріңіз.
[2]
15. Диализ аппаратының бүйректі трансплантациялауға қарағанда екі кемшілігін сипаттаңыз.
[2]
22
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 A 1
2 1
3(а) А – қарапайым диффузия
В – жеңілдетілген диффузия
С – активті тасымалдау
1 Барлық дұрыс
жауап бір Балл
3(b) 2
4(а) Аденин, рибоза 1 Барлық дұрыс
жауап бір Балл
4(b) Жасуша қызметінің барлық түрін энергиямен
қамтамасыз етеді.Негізгі энергия көзі.
Биосинтез.
Механикалық жұмыс.
Мембрана арқылы белсенді тасымалдау.
1 Жауаптың бірі
болса
қабылданады.
5 А. Катаболизм
В. Анаболизм. Анаболизм процесі кезінде
энергиясы аз қарапайым заттардан
макромолекулалар синтезделеді.
1 Екі жауапқа 1 Балл
6 С6Н12О6 + 602 ► 6С02 + 6Н20+ энергия 1
7 1) Дайындық кезеңі адамның асқорыту
мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында
(лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі
ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің
әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды.
2) Дайындық кезеңде түзілген карапайым ағзалық
қосылыстар одан әрі ыдырайды оттегі қатыспайды.
Глюкоза пирожүзім қышқылына ыдырайды және 2
молекула АТФ синтезделеді.
3) Оттекті кезеңде пирожүзім қышқылы (пируват)
көмірқышқыл газы мен оттегіне дейін ыдырайды
және 36 молекула АТФ синтезделеді.
1
1
1
8 B 1
9 D 1
10 416235 1
11 А 1
Пассивті
тасымалдау
23
12
Дұрыс сызықпен көрсетілсе қабылдаңыз.
1
13 Төменде келтірілген екі түсіндірме қабылданады:
Қандағы натрий ионының төмендеуі.
Сұйықтықты қайта сіңіру ұлғаяды (маңызды нәруыз
– аквапорин арқылы, горманның әсерінен түзіледі).
Қан тамырында қан айналым көлемі ұлғаяды.
Ұлпада сұйықтық мөлшері ұлғаяды.
Жинақтаушы түтік - несепнәрдің
раебсорбциялануы,тұз және су реабсорбцияланады.
АДГ гормоны реттейді.
1
1
14
(а)
А. Диализ қалдық заттармен бірге қолданылады
В. Диализ таза заттармен
1
1
14
(b)
Кез келген екі жауап қабылданады:
 Қан денеден сыртқа шығарылады, оның
орнына ерітінді құйылады. Сорып алынған қан
мембраналық жүйеден сүзгіленеді және оның
бағыты сызбада көрсетілген, қанның ішіне диализ
сұйықтығы қарама – қарсы бағытта түседі, ол
концентрация градиентіне байланысты екеуі
алмасады. Содан кейін қан қайта құйылады.
1
1
15 Кез келген екі жауап қабылданады.
Бүйректің толық қалпына келуі,өмірге деген
құошіністың пайда болуы.
Диализ кемшлігі:
Гемиодиализ сұйықтық және диетикалық
өзгерістерді шектеу.
Қабылданатын тағамды рационнан алып тасталуы
мүмкін.
Перитонеальды диализ кемшілігі:
Бүйректе қабыну болса, күнде алмастырып тұру
қажет.
Қанның құрамындаы нәруыздың ұлғаюуына әкеледі.

1
1
Қорытынды 25
24
3 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны – 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдауды
қажет ететін сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 15 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын
сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін
тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
25
3 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларын
ың деңгейі
Тапсыр
ма
саны*

тапсыр
ма*
Тапсыр
ма түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл* Бөлім
бойын
ша
балл
10.3А
Жасушалық
цикл
10.2.2.1 Өсімдіктер мен жануарлардағы
гаметалардың қалыптасу ерекшелігін
түсіндіру
Жоғары
деңгейлі
дағды
2 1, 2 ҚЖ/ТЖ 5 3
4
10.2.2.3 Қартаю үдерісін түсіндіру Қолдану 1 3 ҚЖ 2 1
10.3В
Тұқым
қуалаушылық
пен
өзгергіштік
заңдылықтар
ы
10.2.4.1 Модификациялық
өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу
Қолдану 2 4, 5 ҚЖ/ТЖ 8 5
16
10.2.4.2 Дигибридті будандастыру;
жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың
цитологиялық негіздерін есептер
шығаруда қолдану
Қолдану 3 6, 7, 8 КТБ/
ҚЖ
6 4
10.2.4.3 Аллельді және аллельді емес
гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру
Жоғары
деңгейлі
дағды
1 9 ҚЖ 5 3
10.2.4.4 Мутагенез себептерін және
мутация түрлерін зерттеу
Қолдану 1 10 ҚЖ 3 3
10.2.4.5 Хромосомалар санының
ауытқуымен байланысты адамның
хромосомдық ауруларын (аутосомдық
және жыныстық) сипаттау
Білу және
түсіну
1 11 КТБ 1 1
26
10.3С
Эволюциялы
қ даму
Селекция
негіздері.
Тірі
ағзалардың
алуантүрліліг
і
10.2.6.1 Тұқымқуалайтын өзгергіштік
пен эволюция арасындағы өзара
байланысты түсіндіру
Білу және
түсіну
1 12 ҚЖ 1 1
5
10.2.6.3 Түр түзілудің негізгі
механизмдерін жіктеу
Қолдану 1 13 ҚЖ 5 2
10.2.5.1 Селекция әдістері арқылы ауыл
шаруашылық өсімдіктері мен
жануарлардың қолтұқымдарын
жақсарту тәсілдердің зерттеу
Қолдану 1 14 ҚЖ 2 1
10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің
қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын
сипаттау
Қолдану 1 15 ҚЖ 2 1
Барлығы 40 25 25
27
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«Биология» пәнінен 3 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. 1-суретте жануардың гаметогенез сызбасы берілген.
1-сурет
Анықтаңыз.
А) Гаметогенез түрі:
B) №2,3 санымен берілген үдерістің атауын атаңыз және сипаттама беріңіз.
[2]
2) Гаметогенездің биологиялық маңызын түсіндіріңіз.
[1]
3. Қай тізбекте «молекулалық - генетикалық теломеразды теория» мен «нейрогендік теория»
туралы тұжырымдама келтірілгенін анықтаңыз.
молекулалық - генетикалық
теломеразды теория
нейрогендік теория
А ДНҚ тізбегінің соңында арнайы бөлік
теломера бар және ол хромосоманың
бөлінуі кезінде қысқара бастайды
Жоғары жүйке жүйесінің
функционалдық жұмысының бұзылуы
В Ағза жасушасына таксондық
заттардың әсер етуінен кері үдерістер
туындап ағзаның қартаюына әкеледі.
ДНҚ тізбегінің соңында арнайы бөлік
теломера бар және ол хромосоманың
бөлінуі кезінде қысқара бастайды
C ДНҚ тізбегінің соңында арнайы бөлік
теломера бар және ол хромосоманың
бөлінуі кезінде қысқара бастайды
Ағза жасушасына таксондық заттардың
әсер етуінен кері үдерістер туындап
ағзаның қартаюына әкеледі.
D Жоғары жүйке жүйесінің
функционалдық жұмысының
бұзылуынан қартаю процесі жүреді.
Ағза жасушасына таксондық заттардың
әсер етуінен кері үдерістер туындап
ағзаның қартаюына әкеліп соғады.
[1]
4. Қояндардың аталық және аналығымен шағылыстырғаннан кейін дүниеге келген ұрпақтары ақ
түсті болып туылды. Уақыт өте келе кейбір қоянның балаларында қара түсті дақ пайда болды.
Бұдан қандай өзгергіштікті анықтауға болады? Сипаттаңыз.
28
2-сурет
[1]
2-суретте көрсетілген табиғи жағдайдағы қоянмен мұз қойылған және А қоянның
айырмашылығын түсіндіріңіз.
[2]
5. Асқабақ тұқымының кездесу жиілігін анықтау кестесі көрсетілген.
Тұқымның ұзындығы, мм
12 11 10 9 14 16 9 11 14 13
13 14 8 15 16 15 10 15 16 17
12 11 9 13 14 17 13 16 12 16
10 15 12 17 15 14 10 15 13 17
14 15 13 18 14 12 16 19 18 11
тұқымның ұзындығы 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
1 3 4 4 5 6 7 7 6 4 2 1
кездесу жиілігі
Формуланы пайдалана отырып, белгілердің орташа көрсеткішін есептеңіз.
[2]
6. Иттердегі қара жүннің болуы, қоңыр түске қарағанда доминантты, ал жүннің қысқа болуы
ұзын болуына қарағанда доминантты. Ата – аналарының генотиптерін анықтаңыз.
Ата – аналарының генотиптерін анықтаңыз.
А. Rr Gg
В. RR Gg
С. Rr GG
D. RR gg
[1]
29
7. Төменде берілген есептің шартын пайдалана отырып, екі белгісі арқылы гетерозиготалы
иттен қара қысқа жүнді күшіктердің дүниеге келу мүмкіндігін анықтаңыз?
[1]
8. 3-суреттегі сызбадағы ата – аналарының генотиптерін пайдалан.
а) F1 ұрпақтың гаметаcын анықтаңыз.
[1]
b) F2 ұрпақтың фенотипін анықтаңыз.
[1]
9. а) Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі сызбасын аяқтаңыз.
[1]
b) Ұзақ қарғаның ұясында балапандар жұмыртқа жарып шықты. Олардың арасында
барлығы – қара, біреуі – ақ. Не себепті ақ түсті балапан пайда болғанын сызба арқылы
көрсетіп түсіндіріңіз?
[2]
10. Төменде берілген ауру түрлерін мутацияның типтерімен сәйкестендіріңіз.
30
А) хромосома ұштарының жетіспеушілігі
В) ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруі
С) хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп өзгеруі
D) гемофилия
F) дальтонизм
G) трисомия ауру
мутация типтері тұжырымдама ауру түрлері
Гендік
Хромосомалық
Геномдық
[3]
11. Адамда Клайнфелтер синдромында 47 хромосома болады және үш жыныс жасушалары,
XXY бар. Бұл аномолия ненің әсерінен пайда болады, көрсетіңіз:
А. Будандастыру
В. Делеция
С. Мутация нәтижесінда хромосоманың қосылуы
D X жыныс хромосомасының болуы
[1]
12.Эволюцияда тұқымқуалаушылық өзгергіштіктің маңызы немен түсіндіріледі,сипаттаңыз.
[1]
13. 4-суретте түр түзілудің түрлері берілген.
4-сурет
а) Атаңыз:
А._______________________________________________________________________
В._______________________________________________________________________
[1]
b) Жоғарыда көрсетілген түртүзілу түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылығын
анықтаңыз.
1)
2)
[1]
31
14. 5 - суретте қыстық алма іріктемесі алынған сызбасы келтірілген. Iріктеме суыққа төзімді
және сапалы жеміс береді.
5-сурет
Осы іріктемені алудағы селекция әдісінің маңызын сипаттаңыз.
[1]
15. 6-суретті пайдалана отырып, Жер тарихының дәуіріне атау беріңіз және ұзақтығын
анықтаңыз.
6 -сурет
[1]
32
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 A- овогенез
1. өсу аймағы (овогониялар)
2. пісіп жетілу аймағы ( овоцит I)
1
1
2 Кез келген бір жауап қабылданады.
Жыныс жасушаларының (гамета) түзілуі.
Арнайыланған жыныс жасушаларының қалыптасуы.
Кроссинговер жүреді, нәтижесінде кроссоверлі
жасушалар түзіледі, оны тұқымқуалаушылық
өзгергіштік қамтамасыз етеді.
Гаметалардың қосылуынан ұрықтану жүреді,
комбинативті өзгергіштікте байқалады.
1
3 А 1
4 Пайда болған түс температураның, яғни қоршаған
ортаның жағдайларының әсерінен өзгереді.
Модификациялық өзгергіштік.
1
4 (а) Қоянның бір бөлігіндегі жерінің жүнін
жұлып,орнына жалаңаш теріге кішкене қалташадағы
мұзды жабыстырып байлап қойды. Жұлып тасталған
жерге қара жүн өсіп шықты. Қоршаған ортаның
жағдайлары әсер ететінін байқауға болады.
2
5 Формула бойынша есептеу жүргізеді.
8х1+9х3+10х4+11х4+12х5+13х6+14х7+15х7+16х6+
17х4+18х2+19х1= 649
649 / 59 = 11
1
1
6 А. RrGg 1
7 9:3:3:1
Қара қысқа жүнді күшіктердің дүниеге келу
мүмкіндіктері 9/16 немесе 62.5%
1
8 (а) AaBb 1
8 (b) Фенотипі: 9 АВ : 3 Ав : 3 аВ:1 ав 1
9 (а) Аллельді гендерді өзара әрекеттесу түрлері: толық
доминанттылық,толымсыз
доминанттылық,кодоминанттылық.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу
түрлері:комплементарлы, эпистаз, көптік аллельдік,
поимерия.
1 Екі жауапқа бір
Балл
9 (b) Талдай шағылыстыру
Аа х Аа
АА, Аа, аа
1
1
33
10 1
1
1
Дұрыс жауапқа 0.5
Баллдан беріледі.
11 D 1
12 Түрдегі жаңа белгілер мутация нәтижесінде пайда
болады, түрдің жаңа белгімен пайда болуы тіршілік
үшін күрес пен табиғи сұрыпталу арқасында
қалыптасады. Мутациялық өзгергіштік
эволюциялық процестің негізі, табиғи сұрыпталу
үшін материал болып табылады.
1
13
(а)
А.географиялық түртүзілу,
В.экологиялық түртүзілу
1 Барлық дұрыс
жауапқа – 1 Балл
13
(b)
Географиялық түртүзілу түрдің ареалының
ұлғаюуымен және оқшауланған популяциялардың
пайда болуымен байланысты.
Экологиялық түртүзілу әр түрлі жағдайдағы
түрлердің орналасуы,биологиялық оқшаулануға
әкеледі.
Ортақ: эволюцияның қозғаушы күштеріне
негізделген.
1
Барлық дұрыс
жауапқа – 1 Балл
14 Аутбридинг/ алыстан будандастыру/ гибридизация
Ата аналары түрлерінен алынатын қасиеттерді
ұрпақтарға қатар беру. Генетикалық жағынан алыс
түрлер будандастыру.
1 Барлық дұрыс
жауапқа – 1 Балл
15 Палеозой кезеңі. 534-ден 248 млн жыл бұрын 1 Дәуірімен
ұзақтығын бірге
анықтағанда 1 Балл
беріледі.
Барлығы 25
34
4 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тапсырмалар саны – 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдауды
қажет ететін сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 15 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын
сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
35
4 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсыр
ма
саны*

тапсыр
ма*
Тапсыр
ма түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл* Бөлім
бойын
ша
балл
10.4А
Координац
ия және
реттеу
10.1.7.1 Жұлын мен мидың
құрылысы мен қызметтерін оқып
білу
Жоғары
деңгейлі дағды
3 1, 2, 3 ҚЖ/ТЖ 6 6
12
10.1.7.2 Синапстың құрылысы мен
қызметі арасындағы байланысты
орнату
Қолдану 1 4 ҚЖ 5 3
10.1.7.4 Механорецепторлардың
тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап
беруін сипаттау
Қолдану 2 5, 6 ҚЖ 4 3
10.4В
Қозғалыс
10.1.6.1 Көлденең жолақты
бұлшықеттердің құрылымы мен
бұлшықеттің жиырылу механизмінің
өзара байланысын түсіндіру
Қолдану 1 7 ҚЖ 4 2
5
10.1.6.2 Жылдам және баяу
жиырылатын бұлшықет
талшықтарының ортақ қасиеттерін,
орналасуы мен құрылысының
байланысын орналастыру
Білу және
түсіну
2 8, 9
КТБ/
ҚЖ
6 3
10.4С
Биофизика
10.4.4.2 Электрокардиограмманы
қолдана отырып жүрек автоматиясы
механизмін түсіндіру
Қолдану 3 10,11,12 ҚЖ/ТЖ 7 5 5
10.4D
Биотехноло
гия
10.4.3.2 Полимеразды тізбекті
реакцияның таксономияда,
медицинада мен криминалистикада
және,маңызын сипаттау
Қолдану 3 13, 14,15 ҚЖ/ТЖ 8 3 3
Барлығы 25
36
4 тоқсан бойынша «Биология» пәнінен ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары
1. 1-суретте адам миының құрылысы көрсетілген
1-сурет
a) зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды
реттейтін мидың бөлігін көрсетіңіз.
[1]
b) қыртыстың дәм сезу аймағы зақымданса не болады, түсіндіріңіз.
[2]
2. 2-суретте берілген жұлынның құрамдас бөліктерінің қызметін сипаттаңыз. (кемінде 1)
2-сурет
[1]
3. 3-суреттегі сызбада үш нейронды рефлекторлық доға көрсетілген.
3-сурет
37
а) жұлынның импульсті өткізетін бөлігін белгілеу арқылы суретті толықтырыңыз.
[1]
b) жұлынның екінші қызметін сипаттаңыз.
[1]
4. Сызбада синапстың құрылымдары берілген.
4-сурет
a) 1-3 сандармен берілген құрылымдарды атаңыз.
1)
2)
3)
[1]
b) 4 санымен митохондрия көрсетілген. Не себепті синапста митохондрия көп
болатынын түсіндіріңіз.
[2]
5. Тері рецепторларына қатысты кестені толтырыңыз.
Рецеторлар Тері қан тамыры Терінің бөлінуі Жалпы әсері
Салқынды сезетін
рецептор
Тарылады Жылу сақталады
Жылыны сезетін
рецептор
Терінің бөлінуі
жоғарылайды
Жылу таралады
[2]
6. Суретте көрсетілген Пачини денешігін сипаттаңыз.
5-сурет
[1]
7. Бұлшықеттің жиырылу механизмі 6- суретте көрсетілген.
38
6-сурет
Жиырылу механизмін түсіндіріңіз.
[3]
8. 7-суретте бұлшықеттердің түрлері көрсетілген.
7-сурет
Екі түрін атаңыз және сипаттама беріңіз:
А
В
[1]
9. Кестедегі бұлшықет талшықтарының қасиеттері, орналасуы мен құрылысының салыстыру
сипаты негізінде жылдам жиырылатын бұлшықеттің көрсеткішін Х, ал баяу жиырылатын
бұлшықет үшін Y әрпін қолданып, белгілеңіз.
Салыстыру сипаты
Миозин жұмысының жылдамдығы төмен жоғары
АТФ түзілуінің негізгі жолы фосфорлық тотығу гликолиз
Митохондрия саны көп аз
Жұмыс жасау ұзақтығы жоғары төмен
Жиырылу жылдамдығы төмен жоғары
Талшықтың диаметрі кіші үлкен
кілт:«Х» - жылдам жиырылатын бұлшықет
«Y» - баяу жиырылатын бұлшықет
[1]
39
10. 8-сурете сау және жүрек жұмысының ақауы бар адамның электрокардиограмммалары
(ЭКГ) келтірілген.
а) Сау адамның электрокардиограммасын көрсетіңіз.
8-сурет
[1]
b) 8-суретте сау адамның ЭКГ түсірілімі берілген. PQRST тістерін 1-сызбада белгілеңіз.
1-сызба
[1]
с) ЭКГ- дағы PQRST тістерін сипаттаңыз.
[1]
11. Электрокардиаграмманы сипаттаңыз.
[1]
12. 9-суретте дефибриллятор құрылғысы көрсетілген. Жүрек жұмысы тоқтағанда не себепті
бұл құрылғыны қолданады?
9-сурет
[1]
40
13. Полимеразды тізбекті реакция дегеніміз не?
[1]
14. 10-суретте полимеразды тізбекті реакцияның жүру механизмі көрсетілген.
10-сурет
Полимеразды тізбекті реакцияның 1-кезеңін сипаттаңыз.
[1]
15. Полимеразды тізбекті реакцияның мына салалардың бірінде (таксономия, медицина,
криминалистика) қолдануына мысал келтіріңіз.
[1]
41
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1(а) B 1
1(b) Тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм
сезімі пайда болады. Қыртыстың дәм сезім аймағы
зақымданған кезде, дәм сезу рецепторлары суда
еріген заттың дәмін сезбейді. Сілекеймен немесе
дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ
тамақтың дәмі сезілмейді. Тілдің әртүрлі
бөліктерінде орналасқан рецепторлардан жүйке
талшықтары қозуды мидың бөлігіне өткізе алмайды.
2
2 Сұр зат қимыл қозғалыс және аралық нейрондарды
құрайды.Ақ зат май қабығымен миелинмен
қапталған.Алдыңғы тамыршалары қимыл
қозғалыс,артқы тамыршалары сезімтал
талшықтарды құрайды.
1 Барлық жауапқа бір
Балл беріледі.
3(a) 1 Сызықты толық
бағдарша арқылы
көрсетуі қажет.
Бір Балл беріледі.
3(b) Біріншісі — тітіркендіргішке рефлекс доғасының
жолымен жауап беру, яғни рефлексті , ал екіншісі —
алшақ аймақтан жұлынға келген қозуды тек езі
қабылдап қоймай, оларды миға жөне мидан қайтып
алшақ аймақтағы мүшелерге өткізіп беру, яғни
өткізгіштік қызметі бар.
1
4(а) 1.пресинаптикалық мембрана
2.синаптикалық саңылау
3. везикула
1 3 дұрыс жауапқа 1
Балл
4(b) Митохондрия пресинаптикалық нейронда
орналасқан,өте көп кездеседі, себебі жүйке
импульсінің берілуіне АТФ қажет.
2
5 1
1
6 Пачини денешігі қысымға жауап береді. 1
7 Бұлшықеттердің жиырылуы –оның сакромерлерінің
қысқаруынан туады. Ол актиндік, миозиндік
жіпшелердің бойымен М- пластинкасына
бағытталып қозғалады.
Ал актиндік жіпшелердің қозғалуы негізгі
миофибрил белоктарының – миозиннің, актиннің,
тропомиозиннің және тропониннің өзара әрекеттесуі
3 Үш дұрыс жауапқа
бір Балл беріледі.
42
нәтижесінде іске асады.
Саркомердің қысқаруы АТФ - тың гидролизі және
Са²
+
қатысуымен жүреді.
Нервтік импульс деполяризация → Са²
+
→ тропонин
→ тропомиозин → актин → миозин →актомиозин
→ Са² ыдырауы
Са²
+
АТФ- аза → эндоплазмалық ретикулум.
Нервтік импульс мембрананың деполяризациясын
туғызып Са²
+
эндоплазмалық ретикулумнан босап
шығуына жағдай жасайды.
Са²
+
тропонинмен байланысып оның
конформациясын өзгертеді, бұл өзгеріс әрі қарай
торпомиозинге және актинге жетеді.
Миозинмен актин әрекеттесіп, АТФ гидролизге
ұшырайды. Сонан соң Са²
+
босайды, тропомиозин
актиннің миозинмен байланысуын тежейді.
Соның арқасында бұлшықеттің жиырылуы тоқтап,
қайтадан орнына келеді. Са²
+
цитоплазмадан
қайтадан эндоплазмалық ретикулумге енуі АТФ- аза
насосы арқылы іске асады.
8 А.Жылдам жиырылатын бұлшықет
Саркоплазматикалық ретикулум жақсы дамыған.
Митохондрия аз.
В. Баяу жиырылатын бұлшықет
Саркоплазматикалық ретикулум нашар дамыған
Митохондрия көп.
1 Екі толық жауапқа
бір Балл беріледі.
9 1
10
(a) A
1
43
10
(b)
1
10
(c)
P (деполяризация) жүрекшенің қозуы
PQ(R) Сол жақ жүрекшенің қабырғасының қозуы
QRS қарыншаның деполяризациясы
ST —жүрекшенің қозуы
Т – қарыншаның реполяризациясы
1
11 Жүректің қалыпты жағдайдағы өткізгіш жүйесі 1
12 Дефибриллятор жүрек жұмысының критикалық
жағдайын қалыпқа келтіруга арналған құрал.
1
13 Полимеразды тізбекті реакция белгілі бір
нуклеотидті тізбектің миллиондаған көшірмесін тез
арада көбейтіп алуға мүмкіндік беретін, нуклеин
қышқылының фрагментін амплификациялау әдісі.
1
14 Денатурация – өңдеу - элонгация
Қос тізбекті ДНҚ матрицасын 94—96 °C
қыздырады, ДНҚ тізбегі ажырайды. Бұл кезең балқу
(денатурация) деп аталады. ДНҚ тізбегінің
арасындағы сутектік байланыстар бұзылады.Бұл
кезеңге 2-5 минут кетеді.
1 1 -кезеңді
сипаттаса 1 Балл
беріледі.
15 криминалистика
өзінің әкелігін мойындау / дербестендіру
медицина
жұқпалы аурулар / тұқымқуалаушылық/ обыр
ауруларының диагностикасы
таксономия
ГМО анықтау
1 Кез келген біріне
жауап берсе 1 Балл
беріледі
Барлығы 25

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2021-2022