» » ТЖБ ҚЖБ «География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 9-сынып

ТЖБ ҚЖБ «География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 9-сынып

24 август 2019, Суббота
11
0

«География» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты ....................................................................... 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат ................................... 3
3. Күтілетін нәтиже ........................................................................................................................... 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ..................................................................................................... 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бӛлу
......................................................................................................................................................... 5
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды ӛткізу ережелері ........................................................... 6
7. Модерация және балл қою ........................................................................................................... 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 29
3
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан
барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған
оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтиже
Біледі:
географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің,
процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін;
заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын;
геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін;
карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың,
жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғаты
ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, халықаралық экономикалық қатынастардың
мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, Қазақстан
аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін; экономикалық жүйелердің модельдерін;
халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.
Түсінеді:
табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің,
құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің
ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың ӛзара
байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін,
кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді.
Қолданады:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен
терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу
әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен
формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, демографиялық
кӛрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады.
Талдайды:
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына
тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен
құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы
жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің
орналасу факторларын; қоғамдық ӛндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-
экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды; Қазақстанның географиялық
және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен
факторларын, оның дүниежүзіндегі рӛлі мен орнын.
4
Жинақтайды:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде кӛрсету үшін
жинақталған және ӛңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме
жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер
жүргізу жоспарын; қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі
және ӛлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған
ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы
қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар
мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың
жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттамасы Ұсынылған
тапсырма түрі
Білу және
түсіну
Басты орографиялық нысандарды сипаттайды. КТБ - Кӛп таңдауы
бар тапсырмалар
Қолдану География ғылымының дамуына үлес қосқан
қазақстандықтардың зерттеулері туралы
баяндайды, географиялық нысандар мен
құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін
анықтайды, маңызды географиялық нысандарды,
үдерістер мен құбылыстарды карталардан кӛрсету
барысында сипаттайды, географиялық
номенклатура нысандарын картадан кӛрсетеді,
Қазақстанның минералды ресурстарының таралу
заңдылықтарын анықтайды, Қазақстанның
минералды ресурстарын ӛндіру және ӛңдеудің
басты орталықтарын картадан кӛрсетіп,
сипаттайды, қазақ гидронимдерін жіктеп,
мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын
үш тілде ұсынады, Қазақстанның ірі табиғи
кешендерін жоспар бойынша сипаттайды,
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын
анықтайды, дүниежүзі халқы кӛші-қонының
басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді,
халықаралық экономикалық қатынас түрлерін
жіктеп, сипаттайды, дүниежүзілік
шаруашылықтың даму кӛрсеткіштерін
сипаттайды: жалпы ішкі ӛнім, жалпы ұлттық ӛнім,
оның ішінде жан басына шаққанда, қазақстандық
компонентті қосымша қамту негізінде елдерді
экономикалық даму деңгейі бойынша
топтастырады.
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5
Жоғары деңгей
дағдылары
Қазақстанның минералды ресурстарына баға
береді, минералды ресурстарды игерумен
байланысты проблемаларды топтастырып, шешу
жолдарын ұсынады, Қазақстан климатын түзуші
факторларды талдайды, Қазақстанның
климаттық жағдайын талдайды, Қазақстанда
атмосфералық қолайсыз және қауіпті
құбылыстардың қалыптасуын, таралу
аумақтарын картада кӛрсетіп, сақтану
шараларын ұсынады, Қазақстанның ішкі суларын
топтастырады, кӛрсеткіштерін талдайды және
сипаттайды: ӛзендер мен кӛлдер, мұздықтар мен
мәңгі тоң, жерасты сулары, Қазақстанның су
ресурстарына экономикалық баға береді,
жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде
су ресурстарының экологиялық проблемаларын
талдап, шешу жолдарын ұсынады, Қазақстандағы
су ресурстарының геосаяси проблемаларын
жіктеп шешу жолдарын ұсынады:
трансшекаралық ӛзендер, Каспий теңізінің
мәртебесі, Қазақстанның табиғат зоналары мен
биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау
жасайды, қорықтар, қорықшалар, ұлттық
саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының
құрылу мақсатын түсіндіреді, жергілікті
компонент негізінде антропогендік
факторлардың табиғат кешендеріне әсерін
зерттейді, Қазақстанның табиғи-ресурстық
әлеуетін бағалайды, ғылыми-техникалық
революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды,
Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын
талдап, проблемаларды шешу жолдарын
ұсынады, Қазақстанның дүниежүзілік
шаруашылықтағы орнын анықтайды, Қазақстан
Республикасының әлеуметтік, экономикалық,
саяси-географиялық жағдайына кешенді баға
береді.
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 11% 67% 22%
II 11% 89%
III 55% 45%
IV 55% 45%
Барлығы 3% 47% 50%
6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі кӛмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген кӛрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сӛйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты ӛздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында кӛмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сӛздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне кӛз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
кӛмектесулеріне, кӛшіріп алуларына және сӛйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты ӛшіргішпен ӛшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға кӛмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, ӛзгертіп айтуға
немесе кӛрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын ӛтінуіңіз қажет.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ – кӛп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа кӛп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 9
тапсырмадан тұрады.
Кӛп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
8
1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсырм
а саны*
Тапсырма
№ *
Тапс
ырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілетін
балл
саны
Географиялық
зерттеу әдістері
9.1.1.1 География ғылымының
дамуына үлес қосқан
қазақстандықтардың
зерттеулері туралы баяндайды
Білу және
түсіну
1 2 ҚЖ 3 3
6
9.1.1.3 Географиялық нысандар
мен құбылыстарды
номинациялау ерекшеліктерін
анықтайды
Қолдану 1 3 ҚЖ 3 3
Картография
және деректер
базасы
9.2.1.1 Маңызды географиялық
нысандарды, үдерістер мен
құбылыстарды карталардан
кӛрсету барысында сипаттайды
Қолдану 1 4 ҚЖ 4 3
6
9.2.1.2 Географиялық
номенклатура нысандарын
картадан кӛрсетеді
Қолдану 1 5 ҚЖ 3 3
9
Физикалық
география
9.3.1.2 Басты орографиялық
нысандарды сипаттайды
Білу және
түсіну
1 1 КТБ 1 1
18
9.3.1.4 Қазақстанның
минералды ресурстарының
таралу заңдылықтарын
анықтайды
Қолдану 1 6 ҚЖ 3 3
9.3.1.5 Қазақстанның
минералды ресурстарын ӛндіру
және ӛңдеудің басты
орталықтарын картадан
кӛрсетіп, сипаттайды
Қолдану 1 7 ҚЖ 3 3
9.3.1.6 Қазақстанның
минералды ресурстарына баға
береді
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 10 5
9.3.1.7 Минералды
ресурстарды игерумен
байланысты проблемаларды
топтастырып, шешу жолдарын
ұсынады
Жоғары деңгей
дағдылары
1 9 ТЖ 10 6
Барлығы 9 9 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
10
Тапсырмалар мен балл қою кестеcі үлгілері
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысын алып жатқан негізгі орографиялық
нысанды кӛрсетіңіз.
А) таулар
В) қыраттар
С) ойпаттар
D) үстірттер
Е) жазықтар
[1]
2. Ш.Уәлиханов ӛз саяхатында зерттеп әрі табиғатына сипаттама берген негізгі 3
географиялық нысандарды кестеге дұрыс орналастырыңыз.
А) Маңғыстау түбегі және Каспий маңы ойпатының орографиясы
В) Жетісу Алатауы мен Тянь-Шаньның табиғаты
С) Балқаш кӛлі мен Алакӛлдің қалыптасу тарихындағы ұқсастықтар
D) Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы биіктік белдеулер
Е) Кӛкшетау мен Солтүстік қазақ жазығының табиғаты.
1
2
3
[3]
3. Тӛмендегі ақпаратты қолдана отырып, тапсырманы орындаңыз.
Жыл сайын кӛктем мезгілінен жаз мезгіліне ӛтер кезде келетін кенеттен суық желді
«Құралай салқыны» деп халық бір сӛзбен атаған.
а. «Құралай салқыны» амалының мағынасын түсіндіріңіз ______________________[1]
b. Бұл амал қай айда байқалады ____________________________________________[1]
c. Кӛктемде болатын ауа райымен байланысты тағы қандай табиғат құбылыстарын
білесіз?__________________________________________________________________[1]
4. Берілген тақырыптық карталарға талдау жасаңыз.
Қазақстанда бағалы металдарды ӛндіру
1-сурет
11
Қазақстанның орман шаруашылығы
2-сурет
a. Суретте берілген карталарда қандай сандық ерекшеліктер бар?
[2]
b. Мазмұны бойынша неліктен тақырыптық картаға жататынына 1 дәлел жазыңыз.
[1]
5. Кескін картада кӛрсетіңіз.
a. Қазақстанның ең биік нүктесі _____________________________________________[1]
b. Қазақстанның ең тӛмен нүктесі ___________________________________________[1]
c. Дүниежүзіндегі ең үлкен кӛл ______________________________________________[1]
6. Қазақстанның тектоникалық және геологиялық картасын қолдана отырып, ӛз қалауыңыз
бойынша 1 минералдық ресурстың таралу заңдылығын анықтаңыз:
a. Атауы және кездесетін жері ______________________________________________[1]
b. Қандай табиғат ресурсына жатады? (магмалық, метаморфтық, шӛгінді) _________[1]
c. Қазақстандағы кен орындарының орналасу заңдылығын сипаттаңыз ____________[1]
7. Қазақстанда кездесетін жанатын пайдалы қазбалардың ірі кен орнын кескін картада
кӛрсетіңіз.
12
[3]
8. Ембі (Атырау) және Маңғыстау алабындағы мұнайды салыстырып, баға беріңіздер.
Сипаттамасы Ембі мұнайы Маңғыстау
мұнайы
Географиялық орнының
ерекшелігі
? ?
Ресурспен қамтамасыз етілуі ? ?
Сапасы Технологиялық сапасы жоғары,
парафині аз, күкіртті, құбырмен
тасмалдауға тиімді.
?
[5]
9. 3,4-суретте хром ӛндіру кен орындары берілген.
3-сурет 4-сурет
а. Суреттерде пайдалы қазбанының географиялық орнын жазыңыз және қандай жолмен
ӛндірілетінін анықтаңыз.
[2]
b. Пайдалы қазбаларды ӛндіру сіздің ойынызша қоршаған ортаға зиянын тигізе ме?
Неліктен?
[2]
с. Кен орнын ӛндірудің жергілікті аймақ үшін қоршаған ортаға әсерін қалай шешуге
болатынын ӛз ұсынысыңызбен дәлелдеңіз.
[2]
13
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 a. таулар 1
2 1-b
2-c
3-d
1
1
1
3 А) киік ӛз балапандарын аяқтандырып, ӛргізеді.
В) мамыр айында
С) құс қанаты
1
1
1
4 a. диаграммалар мен статистика
b. себебі белгілі бір тақырып негізінде құрастырылған
2
1
5 a. Қазақстандағы ең биік тау шыңы – Хан-Тәңірі.
b. Қазақстандағы ең тӛмен жер – Қарақия ойысы.
с. Дүниежүзіндегі ең үлкен кӛл – Каспий теңізі.
1
1
1
6 a. мұнай, Каспий маңы ойпаты;
b. шӛгінді;
c. ӛсімдік және жануарлардың қалдықтарынан пайда
болған немесе жер қойнауында орналасқан шымтезек жер
астынан шыққан ыстық қою материямен араласуы
1
1
1
Осы мысалда
басқа минералды
берсе, жауаптар
қабылданады.
7 a. Қарағанды кӛмір бассейні;
b. Қарашығанақ не Құмкӛл;
c. Жаңа Ӛзен.
1
1
1
8 Географиялық орнының ерекшелігі
Ембі мұнайы: Атырау облысы, Шығыс Еуропа
жазығы,Каспий қайраңы, Қашаған, Құрманғазы, Доссор,
Мақат аталған нысандардың бірін жазса балл беріледі.
Маңғыстау мұнайы: Маңғыстау обл, Бозащы түбегі, Ӛзен,
Жетібай,Қаламқас, Қаражамбас кен орындарының біреуін
жазса балл беріледі.
Ресурспен қамтамасыз етілуі
Ембі мұнайы: 3 млрд астам
Маңғыстау мұнайы: 300 млн астам
Сапасы
Маңғыстау мұнайы: Күкірті жоқ, парафині кӛп, парафинді
мұнай жылдам қатады, танкермен тасымалдайды.
1
1
1
1
1
9 a. Кемпірсай, Алмас-Жемчужина кен орны, Мұғалжар
тауының бірін жазса, шахталық және карьерлік әдіспен
ӛндіріледі.
b.ашық әдіспен (карьер) ӛндіру қоршаған ортаға орасан
зиян тигізеді, ауаны зиянды қалдықтармен ластайды.
с. карьерді табиғи желдету әдісі
2
2
2
Толық жауап үшін
2 балл беріледі
Білім алушының
басқа дұрыс
жауаптары
қабылданады.
Жалпы балл 30
14
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны –30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
15
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырм
а саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілеті
н балл
саны
Физикалық
география
9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші
факторларды талдайды
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ТЖ 4 3
13
9.3.2.2 Қазақстанның климаттық
жағдайын талдайды
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 ТЖ 4 3
9.3.2.3 Қазақстанның климаттық
ресурстарын бағалайды
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 4 3
9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық
қолайсыз және қауіпті
құбылыстардың қалыптасуын,
таралу аумақтарын картада
кӛрсетіп, сақтану шараларын
ұсынады
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 5 4
Физикалық
география
9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын
топтастырады, кӛрсеткіштерін
талдайды және сипаттайды:
ӛзендер мен кӛлдер, мұздықтар мен
мәңгі тоң, жерасты сулары
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 5 4
17
9.3.3.2 Қазақ гидронимдерін
жіктеп, мағынасын түсіндіреді
және транслитерациясын үш тілде
ұсынады
Қолдану 1 1 ҚЖ 3 2
9.3.3.3 Қазақстанның су
ресурстарына экономикалық баға
береді
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 5 3
9.3.3.4 Жергілікті компонентті
қосымша қамту негізінде су
ресурстарының экологиялық
проблемаларын талдап, шешу
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 5 4
16
жолдарын ұсынады
9.3.3.5 Қазақстандағы су
ресурстарының геосаяси
проблемаларын жіктеп шешу
жолдарын ұсынады:
трансшекаралық ӛзендер, Каспий
теңізінің мәртебесі
Жоғары деңгей
дағдылары
1 9 ТЖ 5 4
Барлығы 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
17
Тапсырмалар мен балл қою кестеcі үлгілері
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген гидронимдерді қолдана отырып, транслитерациясын жазып, мағынасын
түсіндіріңіз.
Тұздылық дәрежесіне
байланысты атаулар
Ағылшын тілінде
транслитерациясы
Мағынасы
Ащысу, Айранкӛл
[2]
2. Қазақстан территориясына әсер ететін климат түзуші факторларға талдау жасаңыз:
a. Күн радиациясының республика аумағында таралуын түсіндіріңіз.
[1]
b. Географиялық орнынына байланысты климаттың ӛзгеруін талдаңыз.
[1]
c. Жер бедеріне байланысты климаттың ӛзгеруін талдаңыз.
[1]
3. Қазақстан аумағындағы ең тӛменгі және ең жоғарғы ауа температура айырмасына талдау
жасаңыз.
Қазақстандағы ең тӛменгі температура Атбасар және ең жоғарғы температура Түркістан
қалаларында тіркелген. Бұл жайларды қандай факторлармен түсіндіресіз.
[3]
4. Мәтінмен танысыңыз. Осы мәтін негізінде климаттық ресурстарды бағалаңыз.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу,
екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық кӛбірек керек. Республиканың солтүстік және
орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға
мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат
жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз,
тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, кӛктайғақ, шаңды
дауылдарды жатқызуға болады.
a. Климаттың ауыл шаруашылығына жағымды жағын жазыңыз _________________[1]
b. Ӛзіңіз анықтаған қолайлы климаттық жағдайлар Қазақстанның қай аймақтарында
кездесетіндігін анықтаңыз _________________________________________________[1]
18
с. Осы ресурстардың шаруашылыққа тигізетін әсерін бағалаңыз_________________[1]
5. Сурет арқылы атмосфералық құбылысты сипаттаңыз.
a. Суреттегі атмосфералық құбылысты анықтаңыз _____________________________[1]
b. Атмосфералық құбылыстың қалыптасу себебін түсіндіріңіз ___________________[1]
c. Осы атмосфералық құбылыстың зиянды әсеріне дәлел келтіріңіз _______________[1]
d. Осы атмосфералық құбылыстан сақтану жолдарын ұсыныңыз ________________[1]
6. Берілген Қазақстанның ішкі суларын топтастырыңыз.
а.Ертіс, Каспий, Балқаш, Іле, Сарыағаш, Жаркентарасан, Корженевский
ӛзен кӛл жерасты суы мұздық
[2]
b. Қазақстанда ішкі сулар қалай тараған, ӛз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
[2]
7. Сырдария ӛзеннің гидрологиялық режимін түсіндіріңіз.
a. Гидрограф бойынша су кӛлемінің ең тӛмен айын анықтаңыз___________________[1]
b.Су кӛлемінің азаюына әсер еткен бір факторды жазыңыз ______________________[1]
c.Осы ӛзен суының шаруашылықтағы маңызына баға беріңіз ____________________[1]
8. Жергілікті жердегі құрлық суларының бір түрін мысалға ала отырып, талдаңыз.
a. Ӛз жеріңіздегі құрлық суының бір түрінің қолдану аймағын жазыңыз __________[1]
b. Құрлық суының ластану кӛзін атаңыз _____________________________________[1]
c. Ластанудан туындайтын бір экологиялық мәселені (проблема) жазыңыз _________[1]
d. Экологиялық мәселенің шешу жолын ұсыныңыз ____________________________[1]
19
9. Ӛз аймағыңызда болатын су апаты түрін тӛмендегі жоспар негізінде талдаңыз.
а. Cу апатының түрі _______________________________________________________[1]
b. Пайда болатын мерзімі __________________________________________________[1]
c. Қандай құбылыстарға байланысты болады? _________________________________[1]
d. Су апатының алдын алу жолын ұсыныңыз __________________________________[1]
20
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 Ащысу, Айранкӛл-ашысу, айранколь- Ashisu, Airankol
тұздылық дәрежесіне байланысты атау алған
1
1
2 a. күннің түсу бұрышы, күн сәулесінің түсу ұзақтығы
b. географиялық оры, атмосфераның мӛлдірлігі
c. ауа массаларының әсері, жер бедері
1
1
1
3 Атбасар
-Солтүстік Мұзды мұхитынан Батыс Сібір ойпаты сарқылы
арктикалық ауа маларының енуі,
-солт ендіктің шамамен 50°С паралелінде жоғары қысым
белдеуін тудыратын, шығыстан келетін Сібір антициклоны.
Түркістан
-күн радияциясының молдығы (43°С ендікте орналасуы)
-жаз мезгіліндегі бұлттылықтың болмауы,
-ауаның құрғақтығын әкелетін тропиктік ауа
массаларының басым болуы
1
1
1
Берілген
факторлардың
бірін толық
түсіндіріп
жазса, балл
беріледі.
4 a. дақылдарға жылу, ылғал, жарық береді
b. солтүстік, орталық аймақтарда егін шаруашылығы,
оңтүстік ӛңірлерде суармалы егіншілік дамыған.
с. ӛнімнің мол шығуы.
1
1
1
5 a. боран
b. ауа массаларының циркуляциясынан қалыптасады
c. шаруашылыққа ӛте зиян келтіреді, адамның адасып
кетуі, малдардың қырылып қалуы, жолдардың кӛрінбеуі
т.б.
d. боранды күндері жолға шықпау, малдарды жайылымға
жібермеу т.б.
1
1
1
1
6 а. ӛзен-Ертіс, Іле; кӛл-Балқаш, Каспий
мұздықтар- Коржиневский, жер асты сулары- Сарыағаш,
Жаркентарасан
b. Қазақстанның ішкі сулары біркелкі таралмаған.
Дәлел:
- еліміздің материктің орталығында орналасуы,
- жер бедерінің алуан түрлілігі,
- жауын-шашынның біркелкі түспеуі,
- ауа температурасының жаз айларында жоғары
болуы.
1
1
1
1
2 тобын
анықтап,
кестеге дұрыс
жазса 1 балл
7 a. қыркүйек
b. егіншілікке қолданылуға байланысты
c. оңтүстіктегі ең суы мол ӛзен, толықтай суармалы
егіншілікпен айналысатын облыстардың су кӛзі.
1
1
1
8 a. ӛзен
b. ауылшаруашылық қалдықтары
c. малдардың қырылуы, ӛсімдіктердің ӛспей қалуы
d. қосымша су қоймаларын құру
1
1
1
1
кӛл, бұлақ
ӛнеркәсіп
адам
денсаулығы
сүзгілер
9 a. су басу
b. кӛктемде
1
1
тасқын
жазда
21
c. қар еруі
d. бӛген құру, арықтарды ашу.
1
1
мұздықтарды
ң еруі
бӛгет құру
Жалпы балл 30
22
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
23
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдылары-
ның деңгейі
Тапсыр
ма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапс
ырма
түрі*
Орындалу
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілетін
балл
саны
Физикалық
география
9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары
мен биіктік белдеулеріне
салыстырмалы талдау жасайды
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ҚЖ 5 4
8 9.3.4.2 Қорықтар, қорықшалар, ұлттық
саябақтар ерекше қорғалатын
аумақтарының құрылу мақсатын
түсіндіреді
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ҚЖ 5 4
Физикалық
география
9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи
кешендерін жоспар бойынша
сипаттайды
Қолдану 1 1 ҚЖ 4 3
8
9.3.5.3 Жергілікті компонент негізінде
антропогендік факторлардың табиғат
кешендеріне әсерін зерттейді
Жоғары деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 5 5
Әлеуметтік
география
9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық
және діни құрамын анықтайды
Қолдану 1 2 ҚЖ 3 2
9
9.4.1.2 Дүниежүзі халқы кӛші-
қонының басты бағыттарын, себеп-
салдарын түсіндіреді
Қолдану 1 3 ҚЖ 4 2
9.4.1.3 Қазақстандағы кӛші-қон
үдерістерін талдап, басты бағыттарын
анықтайды
Қолдану 1 4 ҚЖ 4 3
9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді
жіктейді
Қолдану 1 5 ҚЖ 4 2
Экономикалы
қ география
9.5.1.1 Қазақстанның табиғи-
ресурстық әлеуетін бағалайды
Жоғары деңгей
дағдылары
1 9 ТЖ 6 5 5
Барлығы 9 9 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
24
Тапсырмалар мен балл қою кестеcі үлгілері
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Берілген мәтінді оқып шығыңыз, тӛмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.
Бұл табиғат зонасы республика аумағының 44 пайызын алады. Жауын-шашынның
жылдық орташа мӛлшері – 200 мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 40 градусқа С-
қа жетеді. Жүзген, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл ӛседі. Бұл қандай табиғат
зонасы туралы айтылған?
a. Табиғат зонасының атауын табыңыз________________________________________[1]
b.Табиғат зонасындағы бір табиғи кешенді анықтаңыз__________________________[1]
c. Сол табиғи кешеннің ерекшелігін жазыңыз _________________________________[1]
2. Тӛмендегі кестені толықтырыңыз және кескін картаға халықтардың таралу аймақтарын
сызыңыз.
[2]
[1]
3. Халық миграциясы сальдосын есептеңіз.
адам
қаңтар-сәуір 2016 жыл қаңтар-сәуір 2017 жыл
Жалпы миграция
Келушілер 137 837 376 043
Кеткен адамдар 141 358 377 882
Миграция сальдосы - -
Оның ішінде:
[2]
№ Ұлттың аты Діні Қазақстанның қай аймағында көп
қоныстанған?
1 орыс христиан Солтүстік, батыс, шығыс.
2 корей ? ?
3 ӛзбек ? ?
25
4. Кестеде Қазақстандағы ішкі қоныс аударудың бағыттары кӛрсетілген. Осы кестедегі
бағыттарды ескере отырып, мысал ретінде негізгі 3 орталықты анықтаңыз.
а. ________________________________________________________________
b. ________________________________________________________________
с. ________________________________________________________________
[3]
5. Кескін картаға Қазақстанның 1 миллионер қаласын, 1 ірі қаласын, 1 орта қаласын, 1 кіші
қаласын кӛрсетіңіз.
[2]
6. Берілген таулардағы биіктік белдеулерін салыстырыңыз.
26
а. Биіктік белдеулерінің санын анықтаңыз____________________________________[1]
b. Тау етегіндегі табиғат зонасын атаңыз______________________________________[1]
c. Биіктік белдеулеріндегі ұқсастықтарды жазыңыз_____________________________[1]
d. Биіктік белдеулеріндегі айырмашылықтарды анықтаңыз______________________[1]
7. Берілген картаны мұқият қараңыз. Таңдауыңыз бойынша бір қорықты тӛмендегі жоспар
негізінде талдаңыз.
Қорықтар
1. Ақсу-Жабағылы
2. Алакӛл
3. Алматы
4. Барсакелмес
5. Батыс Алтай
6. Қаратау
7. Қорғалжын
8. Марқакӛл
9. Наурызым
10. Үстірт
а. Қорықтың атауы, құрылған жылы _______________________[1]
b.Орналасқан аймағы (облыс) ______________________________________________[1]
с. Қорғалатын жануарлар мен ӛсімдіктер _____________________________________[1]
d. Құрылу мақсаты мен маңыздылығы
________________________________________________________________________[1]
8. Сурет бойынша талдау жасаңыз.
a.Табиғатта ӛсімдіктердің азаюына әсер ететін адамның әрекеттерін атаңыз. ______[1]
27
b.Табиғаттағы жануарлардың азаюына әсер ететін адамның әрекеттерін атаңыз. ____[1]
c. Адам үшін ӛсімдік пен жануардың бір маңызын жазыңыз. ___________________[1]
d. Биологиялық ресурстарды қорғаудың жолын қарастырыңыз ___________________[1]
9. Ӛз аймақтарыңыздағы табиғи ресурстың бір түрін алып, тӛмендегі жоспар негізінде
талдаңыз.
а. табиғат ресурсының жергілікті жер үшін маңыздылығына 1 дәлел келтіріңіз _____[1]
b. Табиғи ресурстың жергілікті жердің экономикасын дамытудағы үлесіне 1 дәлел
келтіріңіз _______________________________________________________________[1]
с. Пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін 1 мысалмен жазыңыз _______________[1]
d. Ӛндіру кезіндегі әсеріне экологиялық баға беріңіз ___________________________[1]
е. Экономикалық маңызы мен экологиялық әсерін салыстырып, қорытынды жазыңыз
_________________________________________________________________________[1]
28
Балл қою кестесі
№ Жауаптар
Балл
Қосымша
ақпарат
1 a. шӛлейт зонасы
b. Балқаш кӛлі
с. суының тұщы әрі тұзды болуы, бай тіршілік т.б.
1
1
1
2 a. корей- будда, Алматы облысы
ӛзбек- ислам, Түркістан облысы
b. ұлттардың орналасуын кескін картада белгілесе
1
1
1
3 - 3521
-1839
1
1
4 a. Алматы - Астана
b. Ерейментау - Қарағанды
c. Семей - Астана
1
1
1
Басқа нұсқалар
қабылданады
5 Алматы, Қарағанды;
Қызылорда , Балқаш
1
1
Басқа нұсқалар
қабылданады
2 қаланы
кӛрсеткені үшін
1 балл
6 a. 7
b. шӛлді
c.шӛлді, шӛлейтті, далалы зоналары ұқсас
d. орманды белдеуден соң айырмашылық жасайды
1
1
1
1
7 a. Ақсу-Жабағылы, 1926
b. Түркістан облысының Түлкібас ауданы
c. қына, балдыр, мүк; марал, елік, қабан
d. мақсаты мен маңыздылығын жазса
1
1
1
1
Басқа да дұрыс
жауаптар
қабылданады
8 a. орман ағаштарын кесу
b. браконьерлік әрекет
c. таза ауа мен адам қажеттілігін ӛтейтін заттар
d заң негіздерін қарастыру, жойылып бара жатқан
түрлерін қорғауға алу.
1
1
1
1
Басқа нақты
аргумент болса
да
қабылданады.
9 a. адамның ӛмір сүруіне қажетті барлық
материалдық, энергетикалық нысан негізі
b. туризмді дамыту арқылы жергілікті халықты
жұмыспен қамту
c. туристердің табиғатты ластау мүмкіндігі,
d. топырақтың ластануы
е. туристерден түскен қаражат пен топырақ
құнарлылығын арттыру
1
1
1
1
1
Басқа нұсқалар
қабылданады
Жалпы балл 30
29
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының
географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма
бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
30
4–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдылары
ның деңгейі
Тапсырм
а саны*
Тапсырма
№ *
Тапс
ырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілетін
балл
саны
Экономикалық
география
9.5.2.1 Ғылыми-техникалық
революция үдерісін, даму бағыттарын
талдайды
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 5 3
7 9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының
инфрақұрылымын талдап,
проблемаларды шешу жолдарын
ұсынады
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 5 4
Экономикалық
география
9.5.3.1 Қазақстан шаруашылығы
салаларын жоспар бойынша
сипаттайды
Қолдану 1 1 ҚЖ 4 2
4 9.5.3.2 Қазақстанның экономикалық
аудандарының шаруашылық
салаларын анықтап, мамандануын
түсіндіреді
Қолдану
1 2 ҚЖ 4 2
Экономикалық
география
9.5.4.3 Халықаралық экономикалық
қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды
Қолдану
1 3 ҚЖ 4 3
11
9.5.4.4 Дүниежүзілік шаруашылықтың
даму кӛрсеткіштерін сипаттайды:
жалпы ішкі ӛнім, жалпы ұлттық ӛнім,
оның ішінде жан басына шаққанда
Қолдану
1 4 ҚЖ 4 3
9.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік
шаруашылықтағы орнын анықтайды
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 5 5
Елтану және
саяси география
негіздері
9.6.1.1 Қазақстандық компонентті
қосымша қамту негізінде елдерді
экономикалық даму деңгейі бойынша
топтастырады
Қолдану 1 5 ТЖ 4 3
8
9.6.1.3. Қазақстан Республикасының Жоғары
1 9 ТЖ 5 5
31
әлеуметтік, экономикалық, саяси-
географиялық жағдайына кешенді баға
береді
деңгей
дағдылары
Барлығы 9 9 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
32
Тапсырмалар мен балл қою кестеcі үлгілері
«География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кондитерлік ӛндіріске әсер ететін факторларды орналастырыңыз.
Әсер етуші факторлар шешуші күшті әлсіз
Еңбек +
Кӛлік
Тұтынушы +
экология
[2]
2. Берілген картадан таңдау бойынша бір экономикалық ауданға талдау жасаңыз:
а. Экономикалық ауданның атауы мен басты мамандану саласы ____________________
[1]
b. Мамандану саласының қалыптасу себебін түсіндіріңіз __________________________
[1]
3. Кестеге берілген ұйымдарды орналастырыңыз: ОПЕК, ТМД, ШЫҰ, МАГАТЭ, БҰҰ,
ДСҰ, АСЕАН, ДДСҰ.
Халықаралық ұйымдар Аймақтық ұйымдар Салалық ұйымдар
[3]
4. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуын сипаттайтын негізгі кӛрсеткіштердің мәнін
түсіндіріңіз:
а. Жалпы ішкі ӛнім дегеніміз (ЖІӚ) ___________________________________________
[1]
b. Жалпы ұлттық ӛнім дегеніміз (ЖҰӚ) _________________________________________
[1]
с. Неге осы кӛрсеткіштер мемлекеттің дамуын сипаттайтын басты нысан болады?
Түсіндіріңіз ________________________________________________________________
[1]
33
5. Елдердің экономикалық даму деңгейін анықтайтын кӛрсеткіштерді басшылыққа ала
отырып, кестедегі мемлекеттерге салыстырмалы сипаттама беріңіз:
Негізгі кӛрсеткіштер Қазақстан Ресей
ел экономикасының типі
жерінің ауданы және оның игерілу
деңгейі
еңбек ресурстарының құрылымы
жалпы жиынтық ӛнімнің (ЖЖӚ) кӛлемі
халықтың ӛмір сүру деңгейі
елдің халықаралық еңбек бӛлінісіндегі
орны
[3]
6.Тапсырманы орындаңыз
а. Кестені толықтырыңыз.
ҒТР
Құрамдас бӛліктері
Ғылым мен техника ? Ӛндіріс ?
[2]
b. Интенсивті даму жолына 1 мысал келтіре отырып, талдаңыз ____________________
[1]
7. Ӛндірістік инфрақұрылымға: зауыт, мұнай платформасы, электростанциялар т.б жатады.
Осы түрлердің бірін таңдап, жоспар бойынша талдаңыз, маңыздылығына баға беріңіз.
а. Ӛзіңіз таңдаған инфрақұрылым түрін сипаттаңыз. _____________________________
[1]
b. Осы инфрақұрылым түрінің шаруашылықтағы маңыздылығын жазыңыз. __________
[1]
с. Жаңа технологияларды енгізу барысындағы ӛзгерістерді жазыңыз.________________
[1]
d. Осы инфрақұрылымның қоғамдағы рӛлін бағалаңыз.____________________________
[1]
8. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын берілген жоспар негізінде талдаңыз:
а. Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстары ________________________________[1]
b. Қазақстанның сыртқы саудасы____________________________________________[1]
c. Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары ______________________[1]
d.Қазақстанның таяу және алыс шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстары [2]
9. Берілген жоспар негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-
географиялық жағдайына баға беріңіз.
а. Қазақстанның географиялық орнын саяси тұрғыдан бағалаңыз (шекаралас
мемлекеттер және олардың басқару формалары)
[1]
b. Қазақстанның әлеуметтік жағдайын (ЖІӚ, ЖҰӚ, ЖЖӚ) бағалаңыз.
[1]
c. Қазақстанның географиялық орнына экономикалық тұрғыдан баға беріңіз (шекаралас
мемлекеттердің даму ерекшеліктері жағдайы)
[1]
34
d. Кӛршілес мемлекеттермен қарым-қатынастың түрлерін атаңыз (сауда, білім, ғылым,
техника және технология т.б.)
[1]
e. Кӛршілес мемлекеттермен ынтымақтастықта болу үшін құрылған ұйымдар және
ондағы Қазақстанның орнын жазыңыз.
[1]
35
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1 кӛлік- әлсіз
экология- әлсіз
1
1
2 a. Солтүстік Қазақстан- егін шаруашылығы, мал
шаруашылығы
b. Солтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық
жағдайы егіншілікпен айналысуға, ірі кара ӛсіруге
мүмкіншілік береді.
1
1
3 Халықаралық ұйымдар: БҰҰ, ДСҰ, ДДСҰ.
Аймақтық ұйымдар: ТМД, ШЫҰ, АСЕАН.
Салалық ұйымдар: ОПЕК, МАГАТЭ
1
1
1
4 a. ЖІӚ- мемлекет территориясындағы барлық
ӛндірушілердің белгілі бір кезең ішінде ӛндірген түпкі
тауарлары мен кӛрсеткен қызметтерінің нарықтық
құнын білдіретін жиынтық.
b. ЖҰӚ– бұл кез-келген азаматтардың ӛз елі ішінде
және басқа елдерде ӛзінің ұлттық капиталы кӛмегімен
бір жылда ӛндірген және сатқан тауарлары мен
қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
c. ЖІӚ мен ЖҰӚ жоғары болуы сол мемлекеттің
әлеуметтік жағдайы мен халықаралық мәртебесінің
жоғары болуымен сипатталады.
1
1
1
Басқа да дұрыс
жауаптар
қабылданады
5 a. ел экономикасының типі мен жерінің ауданы және
оның игерілу деңгейін салыстырса
b. еңбек ресурстарының құрылымы мен жалпы
жиынтық ӛнімнің (ЖЖӚ) кӛлемін салыстырса
c. халықтың ӛмір сүру деңгейі мен елдердің
халықаралық еңбек бӛлінісіндегі орнын салыстырса.
1
1
1
6 а. техника және технология, басқару
b. ескі технологиялардың орнын жаңа
технологиялармен алмастыру, мысалы
ауылшаруашылығы, ӛнеркәсіпке еніп жатқан
технология түрлерін талдап жазса
2
1
7 а. таңдаған инфрақұрылым түрін сипаттай алса
b. осы инфрақұрылымның шаруашылықтағы
маңыздылығын жазса
с. инфрақұрылымға енгізілген жаңа технологияларды
сипаттай алса
d. инфрақұрылымның ролін нақты кӛрсете алса
1
1
1
1
8 а. Қытаймен, Ресеймен, Европа елдерімен, Түркиямен
т.б. мемлекеттермен шаруашылық байланыстарын
жазса
b. ДСҰ мүше болған, шекаралас елдермен Ортақ
кедендік ұйым болуы.
с. Халықаралық экономикалық ұйымдармен
байланысын сипаттаса (ЕврАЭС)
d. Таяу шетелдермен (ТМД, ШЫҰ, т.б.) және алыс
шетелдермен (ЕО, АСЕАН, ОПЕК т.б.)
1
1
1
36
экономикалық байланыстарын талдай алса 2
9 а. Қазақстанның саяси географиялық орны Евразия
материгінің нақты ортасында орналасымен
байланысты
b. ЖІӚ, ЖҰӚ, ЖЖӚ мӛлшерін жазып, әлеуметтік
жағдайды жазса
с. Қазақстанның экономикалық географиялық орнын
Европа мен Азияны байланыстыратын кӛпір
болуымен байланысты
d. кӛршілес мемлекеттермен сауда, мәдени, ғылыми,
достық қатынастар дамыған.
е. осы мемлекеттер арасында құрылған
ынтымақтастық ұйымдар: ЕврАЗЭС, ШЫҰ т.б.
экономикалық серіктес болады, бейбітшілікті,
қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ӛзара құқықтық кӛмек
кӛрсетеді.
1
1
1
1
1
Жалпы балл 30

Комментарии: