» » Физика 7-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

Физика 7-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

02 май 2018, Среда
5 318
0

«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты............................................................................. 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ................................... 3
3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі................................................................................................. 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.... 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері.................................................................................... 5
7. Модерация және балл қою ...................................................................................................... 5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ..................................... 6
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................... 13
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................... 18
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................... 24
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу
мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
- бастапқы физикалық ұғымдарды;
- практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік
техникасының ережелерін;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары), астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды,
формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
- физикалық құбылыстарды;
Түсіну:
- шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен
заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Қолдану:
- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды
орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді
түсіндіруге;
Талдау:
- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған
және өңделген деректерді, ақпараттарды;
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және
дәлелдемелерді;
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Ұсынылатын
тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну Білу:
- материялық нүкте, жол, жылдамдық,
тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат,
потенциалдық және кинетикалық энергия,
күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік
жүйе ұғымдарын;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- жылдамдықты, тығыздықты, күшті,
қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау
формулаларын, Гук, Архимед заңдарын,
«Механиканың алтын ережесін» және
физикалық тұрақты шаманы(g);
Түсіну:
- физикалық құбылыстарды;
- жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің,
қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық
мағынасын, механика заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Деңгейді тексеру үшін
Көп таңдауы бар
тапсырмалар (КТБ)
және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ)
қажет ететін
тапсырмаларды
пайдалану ұсынылады
Қолдану Қолдану:
- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін
негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын
шешу, практикалық және зертханалық
жұмыстарды орындау барысында Гук,
Архимед заңдарын, «Механиканың алтын
ережесін» және «Механика» бөлімінің
формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық
тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық
құбылыстардың жүру жағдайларын және
процестерді түсіндіруге;
Деңгейді тексеру үшін
Қысқа жауапты (ҚЖ)
қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе толық
жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды
пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей
дағдылары (талдау,
жинақтау, бағалау)
Талдау:
- эксперимент нәтижесінде алынған
деректерді,
- графиктік және кестелік нысанда берілген
ақпаратты,
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық
құрамына және оның құрылымына
тәуелділігін;
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама,
таныстырылым түрінде көрсету үшін
жинақталған және өңделген деректерді,
ақпараттарды,
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға
Деңгейді тексеру үшін
Қысқа жауапты (ҚЖ)
қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе Толық
жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды
пайдалану ұсынылады
4
арналған ғылыми модельдерді және
дәлелдемелерді,
- эксперимент және зерттеулер жүргізу
жоспарын;
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін.
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 50% 30% 20%
II 63% 25% 13%
III 25% 63% 13%
IV 25% 63% 13%
Барлығы 41% 45% 14%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім
алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс
барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап
отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс
жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін
тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының
математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма
бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
6
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларын
ың деңгейі
Тапсы
рма
саны*

тапсыр
ма*
Тапсырма түрі*
Орында
у
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Физика –
табиғат
туралы ғылым
Физикалық
шамалар мен
өлшеулер
7.1.1.1 Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру Білу және
түсіну
5
2 КТБ 1 1
9
7.1.2.1 Физикалық шамаларды олардың SI-
жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
Білу және
түсіну 3 КТБ 1 1
7.1.2.2 Скаляр және векторлық физикалық шамалар
ажырату және мысалдар келтіру
Білу және
түсіну 1 КТБ 1 1
7.1.2.3 Үлкен және кіші сандарды жазған кезде
еселік және үлестік қосымшаларды білу және
қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d),
кило (k) және мега (M);
Қолдану 4 КТБ 2 1
7.1.3.1 Дененің ұзындығын, көлемін,
температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу
нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала
отырып жазу;
7.1.3.2 Кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі
арқылы анықтау;
Қолдану
7 ТЖ 5 5
Механикалық
қозғалыс
7.2.1.1 Келесі терминдердің физикалық мағынасын
түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі,
қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол,
орын ауыстыру
Білу және
түсіну
4
6 ҚЖ 4 2
11
7.2.1.3 Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен
бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Білу және
түсіну 5 КТБ 1 1
7.2.1.4 Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен
орташа жылдамдығын есептеу Қолдану 8 ҚЖ 10 3
7.2.1.6 Дененің орын ауыстыруының уақытқа
тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
7.2.1.7 Бірқалыпты қозғалған дененің орын
ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен
жылдамдығын анықтау
Жоғарғы
деңгей
дағдылары
9 ҚЖ 15 5
Барлығы: 9 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Скаляр мен векторлық шамалар туралы төменде көрсетілген тұжырымдардың
қайсысы дұрыс?
A)Скаляр шаманың тек бағыты ғана бар
B) Скаляр шаманың сандық мәні және бағыты бар
C) Векторлық шама тек арақашықтыққа ғана тәуелді
D)Векторлық шаманың сандық мәні және бағыты бар
[1]
2. Төменде көрсетілген суреттердің қайсысы жылу құбылысына жатады?
A B C D
[1]
3. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсетіңіз.
A) с
B) м
C) м/с
D) м/с2
[1]
4. Ұзындықтың 0,00025 м және 75000 м шамалары жазылған нұсқаны таңдаңыз.
A) 25 см, 75 км
B) 25 мм, 75 мм
C) 0,25 мм, 75 км
D) 0,25 км, 75 мм
[1]
5. Төменде көрсетілген суреттер арасынан бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты
анықтаңыз.
A)
B)
8
C)
D)
[1]
6. Суретте автобустың ABCD жүрген жолы көрсетілген.
a) Траектория дегеніміз - _______________________________________________________
_____________________________________________________________________________
[1]
b) Автобустың A пунктінен D пунктіне орын ауыстыруын суретке салып көрсетіңіз.
[1]
7. Оқушыға жіптің ұзындығын анықтауға тапсырма берілді. Берілген тапсырманы
орындау барысында оқушы суретте көрсетілгендей сызғыштың екі нүктесі аралығына
жіпті орналастырады.
a) Сызғыштың бөлік құнын анықтаңыз.
бөлік құны ________________________
[1]
9
b) Жіптің ұзындығын өлшеу қателігін ескере отырып жазыңыз.
ұзындық= _______________ ± _______________
[2]
Оқушыға берілген келесі тапсырма жіптің диаметрін анықтау болды. Бұл тапсырманы
орындау үшін оқушы өз қарындашына жіпті орады.
c) орам санын анықтаңыз
орам саны= _____________________________
[1]
d) жіп диаметрін өлшем бірлікті ескере отырып анықтаңыз
жіптің диаметрі= ___________________________
[1]
8. Велосипедші А пунктінен В пунктіне қарай жүрген суреті көрсетілген.
а) Велосипедші бастапқы 120 секундты 5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Осы уақытта
жүрілген жолды анықтаңыз.
S1= ____________________________________ м
[1]
b) Велосипедші соңғы 40 секундты 8 м/с жылдамдықпен жүрді. Жүрген жол аралығын
анықтаңыз.
S2= ____________________________________ м
[1]
c) Велосипедшінің орташа жылдамдығын есептеңіз.
орташа жылдамдық= ___________________ м/с
10
[1]
9. Суретте жаяу адамның жүрген координатасының уақытқа тәуелді графигі берілген.
а) соңғы 20-25 секунд интервалындағы қозғалыстың түрін анықтаңыз
____________________________________________________________________________
[1]
b) 0-5 секунд интервалындағы жаяу адамның жылдамдығын анықтаңыз
____________________________________________________________________________
[1]
c) 0-5 секунд интервалындағы қозғалыс теңдеуін жазыңыз
____________________________________________________________________________
[2]
d) адамның демалуға кеткен уақытын анықтаңыз
____________________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 D 1
Жауап дұрыс берілсе ғана 1 балл
қойылады
2 A 1
3 C 1
4 C 1
5 A 1
6
Траектория – материялық нүктенің өз
қозғалысы кезінде сызатын біртұтас
сызығы.
1 Келесі жауаптарды да ескеруге
болады:
1. Берілген санақ жүйесінде
қозғалыстағы дененің немесе
материялық нүктенің басып өткен
нүктелерінің жиыны;
2. Дене қозғалысы кезінде артында
қалдырған үздіксіз ізі;
3. Дене қозғалып бара жатқан сызық
1
7
а) 0,1 см 1
b) 13,2 ±0,05 см 2 Жіп ұзындығын дәл өлшесе 1 балл;
Сызғыштың қателігін дәл анықтап
жазса 1 балл қойылады
11
c) 6 1
d) 0,114 см немесе 0,11 см 1
8
а) 600 м 1
b) 320 м 1
c) 5.75 м/с немесе 6 м/с 1
9
а) бірқалыпты түзусызықты кемімелі
қозғалыс
1
b) 2 м/с 1
c) х0 бастапқы координатаның 0-ге тең
екендігін ескерсе
x=2t
1
1
d) 10 с 1 Жауапты дұрыс деп қабылдауға
болады егер 5-15 сек интервалы деп
жазса
Жалпы балл 20
12
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты
сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс
жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін
тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының
математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма
бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсыр
ма
саны*

тапсырм
а*
Тапсы
рма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойын
ша
балл
Тығыздық
7.2.2.13 Тығыздықтың физикалық
мағынасын түсіндіру
Білу және
түсіну
2 2 КТБ 3 1 7
7.2.2.12 Әртүрлі пішіндегі қатты дененің
немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін
өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
7.2.2.15 Тығыздықтың формуласын
есептер шығаруда қолдану
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
6 ТЖ 12 6
Денелердің
өзара
әрекеттесуі
7.2.2.1 Инерция құбылысын түсіндіру
және мысалдар келтіру
Білу және
түсіну
6 3 КТБ 2 1 13
4 ҚЖ 4 2
7.2.2.10 Масса, салмақ және ауырлық
күші ұғымдарын ажырату
Білу және
түсіну
1 КТБ 2 1
7.2.2.4 Серпімділік күшінің серіппенің
ұзаруына тәуелділік графигінен
қатаңдық коэффициентін анықтау
Қолдану 8 ҚЖ 5 2
7.2.2.5 Гук заңының формуласы
бойынша серпімділік күшін есептеу
Қолдану 7 ҚЖ 6 5
7.2.2.6 Тыныштық, домалау және
сырғанау үйкелістерін сипаттау
Білу және
түсіну
5 ҚЖ 4 2
Барлығы: 8 38 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қай суретте ауырлық күшінің векторы дұрыс кескінделген?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
[1]
2. Суретте әр түрлі заттардан жасалған үш дене көрсетілген. Олардың тығыздықтары

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021