» » «Қазақстан тарихы» 7-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

«Қазақстан тарихы» 7-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

01 май 2018, Вторник
1 994
0

«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау
спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты .......................................................................................... 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар................................................. 3
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 класс................................................................ 3
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу........... 4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ..................................................................................................... 4
7. Модерация және балл қою.................................................................................................................... 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................................... 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................................... 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................................... 20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................................... 26
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып.
Оқушы:
Білу
- орта ғасырлар тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясын біледі;
- тарихи тұлғаларды біледі;
Түсіну
- мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән
ерекшеліктерді түсінеді;
- тарихи ұғымдарды түсінеді;
- орта ғасырлық көшпелілердің дәстүрлі шаруашылылығы мен мәдениетінің ерекшелігін
сипаттайды;
- тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді
түсіндіреді;
Қолдану
- әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады;
- ортағасырлық мемлекеттердің аумағын, орталығын саяси картада көрсетеді;
- ортағасырлық сауда жолдарының бағыттарын көрсетеді;
Талдау
- тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды;
- дереккөздегі маңызды ақпаратты табады;
- мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;
-тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және
сабақтастығын талдайды;
Жинақтау
- тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
салыстырады;
- ерте және орта ғасырлық мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді;
- тарихи фактілердің маңыздылығын жіктейді;
- тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды.
Бағалау
- ортағасырлардағы әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы рөлін бағалайды;
- тарихи үдерістердің маңыздылығын бағалайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну Тарихи үдерістердің тұтастығы мен
ерекшеліктерін сипаттайды.
Тарихи фактілерді, құбылыстарды,
үдерістерді, ұғымдарды біледі.
Орта ғасырдағы тарихи кезеңдерді біледі.
Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты
қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды
біледі.
КТБ - Көп таңдауы
бар
сұрақтар/тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа жауапты
қажет ететін
тапсырмалар
Қолдану Кескін картаны қолдану арқылы саяси-
экономикалық және әлеуметтік үдерістерді
түсіндіреді.
Әлеуметтік топтарды жіктейді.
Тарихи оқиғалардың байланысын
көрсетеді.
ҚЖ - Қысқа жауапты
қажет ететін
тапсырмалар
Жоғары деңгей
дағдылары
Тарихи дереккөздерді талдау және бағалау
негізінде дәйекті қорытынды жасайды.
Қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның,
құбылыстың, үдерістің маңыздылығын
анықтайды.
Тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен
өзгерістерін уақыт пен кеңістік
шеңберінде талдайды және бағалайды.
ТЖ - Толық жауапты
қажет ететін
тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 34% 33% 33%
II 34% 66% 0
III 50% 50% 0
IV 40% 40% 20%
Барлығы 40% 47% 13%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
4
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде
бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою
кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: Бірінші және екінші
тапсырмалар білу және түсіну дағдыларын анықтауға арналған көп жауап нұсқаларынан
тұратын жабық сұрақтар мен кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай
сәйкестендіру;
Үшінші тапсырма көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық
байланысты анықтап, сәйкестендіруге берілген тапсырма.
Төртінші тапсырма дерек мазмұны мен білімге сүйеніп, Атлах шайқасының
маңыздылығын талдау - жоғары деңгей дағдыларын анықтауға арналған.
6
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
6.1А
VI – IX
ғасырларда
ғы
Қазақстан
6.3.1.1 Оқиғалардың өзара
байланысын табу арқылы Түрік
қағанаты құрылуының тарихи
маңызын анықтау
Білу және
түсіну 2 1-2 КТБ 10 10
25
6.1А
VI – IX
ғасырларда
ғы
Қазақстан
6.4.1.1 Көшпелілер мен
отырықшылар арасындағы өзара
экономикалық байланыстарын
анықтау
Қолдану 1 3 ҚЖ 10 5
6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи
маңызын талдау Жоғары деңгей
дағдылары 1 4 ТЖ 20 10
Барлығы - 4 - - 40 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақстан тарихы» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз.
1.1.VII-VIII ғасырларда Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерінде
өмір сүрген мемлекет.
А. Түрік қағанаты
В. Батыс Түрік қағанаты
С. Шығыс Түрік қағанаты
D.Түргеш қағанаты
Е. Қарлұқ қағанаты
1.2. Түріктердің қалалық өмірі жайлы дерек беретін ескерткіш.
А. Иолығ- Тегін
В. Күлтегін
С. Орхон-Енисей
D. Талас
Е. Балбал тастар
1.3. Түрік қоғамында «тат» деп аталғандар.
А. жоғарғы билеуші
В. ақсүйектер
С. қалың бұқара
D. құл
Е. әскерилер [3]
2. Кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз.
1 Қаған жауабы Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі А
2 Ұлықтар Құлдар В
3 Бұйрықтар мен
тархандар
Жоғарғы билеуші және әскербасы. Оның
билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп
отырады
С
4 Бектер Қарапайым халық Д
5 Қарабұдын Қағанды сайлайтын қаған руынан шыққан
ақсүйектер
Е
6 Таттар Сот істерін атқарған F
7 Түрік «мықты», «күшті» деген мағынаны
білдіреді, билік етуші ашина әулетіне
байланысты айтылды
G
[7]
8
3. Сәйкестендіріп жауабын арнайы ұяшықтарға жазыңыз.
қызметкерлер және қаланың
бай халқы мен қолөнершілері
тұрған бөлігі
VI-IХ ғасырлардағы қаланың құрылысы
1 Билеушілер, ақсүйектер, діни А Рабат
2 Қаланың қамалмен
қоршалған бекіністі орталық
бөлігі. Онда патша сарайы
және әкімшілік басқару
орындары, қала билеушісінің
үйлері орналасқан.
B Сығанақ
3 Қолөнер шеберханалары
орналасқан жұмысшы қала
бөлігі.
C Цитадель
4 Сырдария бойындағы қала.
Қалада- мешіт, моншалар
көптеп салынды. Қытай мен
жапон шеберлері жасаған
мыс, фарфор ыдыстар
табылды.
D Шахристан
5 Сырдария өзені бойында
орналасқан.Қыпшақ
мемлекетінің сауда және саяси
орталығы болды.
E Құйрықтөбе
1- 2- 3- 4- 5-
[5]
4. Берілген деректермен өз біліміңізді қолданып, төмендегі кестеде берілген әр сұраққа 2
дәйекті жауап жазыңыз. Әр дәйекті жауап 1 балмен бағаланады.
«Атлах шайқасы маңызды екі сұрақты анықтады, өркениеттің қайсысы (қытайлықтар
мен мұсылмандар) Түркістанда билік етті?» академик В.Бартольд
Атлах-Талас шайқасы Қазіргі Талас өзені Атлах шайқасы жері
9
Атлах шайқасының тарихи маңызы
1. Сонау екі Хан дәуірінен (б.з.д.206-6.3.220) бері Қытай қорғанының сыртына шыға
бастаған Хан патшалығы шамамен он мың ли (5000 км) Батысқа жылжи отырып, 751 жылы
Атлах-Талас түбіне жеткен қытай экспансиясының қанды жолы біржола тоқтады.
2. Атлах-Талас шайқасының ұлы жеңісіне араб әскерін қарлұқ, түркештер қолдауы
мен жанқиярлық ерлігі арқылы қол жетті. Қанмен бекіген түрік-араб достығының ғұмыры
ұзақ, берекелі болды. Түрік халықтары Алланың хақ діні Исламмен ертерек қауышты.
Түріктер исламды 751 жылдан былай қарай негізінен бейбіт жолмен қабылдап, ислам
мәдениетімен ертерек танысты. Соның нәтижесінде түрік дүниесі Ислам әлемімен рухани
тұтастыққа қол жеткізді. Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әбу
Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина сияқты ұлы тұлғалардың
данышпандық ілімдерін бере алды.
3. Исламды мемлекеттік дін ретінде мойындаған түрік халықтары біртұтас рухани,
мәдени бірлікке қол жеткізу арқылы ұлт ретінде ұйысып, тұрақты, гүлденген мемлекет
болды.
1. Шайқастың
себептері
қандай?
2. Атлах
шайқасының
нәтижесі немен
аяқталды?
3. Бұл шайқаста
көшпелілердің
әскери өнері
қалай көрініс
тапты?
4. Бұл шайқас
туралы
мәліметті
қандай деректер
береді?
5. Атлах
шайқасының
әлем халықтары
үшін
маңыздылығы
қандай?
1
2
[10]
10
Балл қою кестесі
Сұрақ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1
1.1 С 1 -
1.2 В 1 -
1.3 D 1 -
2
С 1 -
Е 1 -
F 1 -
А 1 -
D 1 -
В 1 -
G 1 -
3
1-D
2-C
3-A
4-E
5-B
5
4
Шайқастың туындау себептеріне 2 дәйек
келтіреді
Мысалы: 1) Арабтар Орта Азиядағы
иеліктерге ықпалын күшейту арқылы ислам
дінін таратуды көздеді. (Қазақстанды қоса
алғанда).
2) Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік
қағандығының әлсірегенін
пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб
халифаты иелігіне қауіп төндірмек болды.
2
Нақты түсінік
қалыптастыратын,
құрылымы
әртүрлі
сөйлеммен
жазылған мүмкін
болатын жауаптар
қабылданады.
Атлах шайқасының нәтижелі аяқталуына 2
дәйек келтіреді. Мысалы: 1) араб әскерін
қарлұқ, түркештер қолдап, жанқиярлық
ерлік танытты. 2) Жеңіс түркі халықтарын
қытай құлдығынан, будда дінінен аман
сақтап қалды.
2
Бұл шайқаста көшпелілердің әскери
өнерінің көрініс табуына 2 дәйек ұсынады
Мысалы: 1)түркештер кенеттен
қытайлардың сол қанаты және ту сыртынан
соққы берді. 2) арабтың алдыңғы шебіндегі
атты әскердің шабуылының мықтылығы
2
Шайқас туралы мәлімет беретін 2 деректі
келтіреді. Мысалы: 1) В.В. Бартольд «Атлах
шайқасы екі өркениеттің (қытайлықтар мен
мұсылмандар) қайсысы Түркістанда билік
етеді деген маңызды сұраққа жауап берді».
2) Әл Макдиси «Китаб әл-бәд ва-т-арих»
атты еңбегінде: бес күнге созылған бұл
2
11
соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20
мыңы тұтқынға түсті деп жазады.Қатты
әлсіреген жау Жетісу өңірін тастап кетті.
Сонан кейін мың жыл бойына қазақ жері
қытай әскерінің табанына тапталған жоқ.
Тек 1757 жылы ғана жоңғарларды жер
бетінен құртып жіберген қытайлар Абылай
әскерімен бетпе-бет келіпті...
Атлах шайқасының әлем халықтары үшін
маңыздылығына 2 дәйек келтіреді
Мысалы:
1)Түрік дүниесі Ислам әлемімен рухани
тұтастыққа қол жеткізді. Исламды мем-
лекеттік дін ретінде мойындаған түркі
халықтары біртұтас рухани, мәдени бірлікке
қол жеткізу арқылы ұлт ретінде ұйысып,
тұрақты, гүлденген мемлекеттерге айналды.
2)Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари,
Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби,
Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн
Сина қатарлы ұлы тұлғалардың
данышпандық ілімдерін бере алды.
2
Балл саны 25
12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: Бірінші тапсырма
кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай сәйкестендіру - білу мен түсіну дағдысын
анықтауға арналған;
Екінші тапсырма Ұлы Жібек жолына қатысты тарихи дата мен тарихи тұлғаны және
тарихи оқиғаны кестеге жазу, жазылған тірек сөздерден сөйлем құрастыру-қолдану
дағдысын анықтауға арналған;
Үшінші тапсырма картада Ұлы Жібек жолының екі тармағын, шығыс пен батыс
нүктелері болатын мемлекеттерді және сауда жолының басты аймағы Оңтүстік Қазақстан
мен Жетісу аймағын картада белгілеу- қолдану дағдысына анықтауға берілген;
Төртінші тапсырма дерек мазмұны мен білімге сүйеніп, дамыған орта ғасыр
мемлекеттерін ерте орта ғасыр мемлекеттерімен салыстырып, Х-ХІІІғғ. мемлекеттердің
ерекшеліктерін анықтауға арналған.
13
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*

тапсырма*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
6.2A X ғ. – XІІІ ғ.
басындағы
Қазақстан
6.2.2.2 Ортағасырлық
сәулет өнері
ескерткіштерінің
ерекшеліктерін түсіндіру
Білу және
түсіну 1 1 КТБ 10 7
25
6.4.2.2 Ұлы Жібек
жолының халықаралық
қатынастардың
дамуындағы орнын анықтау Қолдану 2 2-3 ТЖ 10 6
6.3.1.7 Ортағасырлық
мемлекеттердің
ыдырауының негізгі және
жанама себептерін
анықтау
Қолдану 1 4 ҚЖ 20 12
Барлығы - 4 - - 40 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
14
Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақстан тарихы» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Төменде берілген сөйлемдерді Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа-Хатун кесенелері ұяшығына
сәйкесінше орналастырыңыз.
Қажетті мәліметтер:
1. Мемлекетте билік еткен Шах-Махмұд Боғраның қабірінің басына орнатылған, мазар ел
ішінде «Әулие ата күмбезі» деп аталған;
2.Қазақ оюлармен безендірілген, бұл кесенені Қарахан салдырған;
3.Айша бибінің қамқоршысы Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып
тұрған алауды ұстап тұрған;
4.Бұл кесене - махаббаттың символы;
5.Бағаналарына араб әрпімен “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған,
кесенеде 60 түрлі әшекей қолданылған;
6. Кесенеге 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған, төртінші залда төбеге шығатын
баспалдақ орнатылған. Кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы
ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды;
7.Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң, кесене
көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан,16 қырлы конус
жабыны бар. Мұндай төбе жабыны - Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі деп
саналады.
Айша Бибі кесенесі Қарахан кесенесі Бабаджа-Хатун кесенесі
____________________ ________________________ ___________________
[7]
2. Мәтінмен танысып, әр азат жолда халықаралық қарым-қатынастың қандай саласы туралы
айтылғанын анықтаңыз.
Ұлы Жібек жолы дипломатиялық және сауда тамыры қызметін б. з. б. II ғ.
ортасынан атқара бастады. Жібек алтынға теңеліп, халықаралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. 568 жылы түрік қағаны Естеми соғды көпесі
Маниахтың басшылығымен өз елшілігін Константинопольге аттандырады. Византия мен
Түрік қағанатының арасында Иранға қарсы саяси әскери одақ құрылып, сауда келісімі
жасалады. Нәтижесінде 627 ж. қаған Иранға қарсы соғыста қағанат Византияға әскер
аттандырған. Бұл көмек Батыс Түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы беделін
өсірді.
15
Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның асыл тұқымды жылқылары,
Шығыс елдерінен пілдер, арыстандар, қаршыға, бүркіт, Ираннан кілемдер, Византиядан
шыны ыдыстар тасылды.
Батыс пен Шығыс елдері арасында сурет, саз, би өнері, түрлі ойын-сауық түрлері
тарады. Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. Миссионерлер өз
діндерін өзге елдерге енгізуге кірісті. Үндістаннан будда, Сирия мен Ираннан манихей,
зороастризм, христиан діні келсе, Арабиядан ислам діні таратылды.
1-абзац 2-абзац 3-абзац
[3]
3. Төмендегі мәліметтерді кескін картада көрсетіңіз.
-Ұлы Жібек жолының 1 және 2-тармағы; [1]
-Ұлы Жібек жолының шығыс пен батыс нүктелері болған мемлекеттері; [1]
- Ұлы Жібек жолындағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағы [1]
4. Деректер мен өз біліміңізге сүйеніп, мемлекеттердің құлауына әсер еткен факторларды
анықтаңыз.
Қыпшақ мемлекеті. Дешті Қыпшақ даласына жорық жасаған Хорезм ханы Атсыз
қыпшақтарды ойсырата жеңеді, қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп
болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді
жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы,
өкімет билігі үшін өзара әулеттік қырқыстың күшеюі. Бұл жағдайды Хорезм билеушілері,
әсіресе Текеш пен Мұхаммед пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан
16
мен оның інісі Алып-Деректің арасындағы тақ үшін таласты пайдаланды. Көп кешікпей
Хорезм шахы Мұхаммед өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. басында Сығанақ жерін қосып
алады. Ал 1219ж. қыпшақтар жерін Шыңғыс хан бастаған монғолдар басып алады.
Қарахан мемлекеті. XI ғасырдың аяғында Қарахан мемлекеті соғыстармен және
феодалдық иеліктердің бөлшектенуіне байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы
жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген
кидандар немесе қарақытайлар жаулап алды.
Найман мемлекеті. Даян хан мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман
ұлысы екіге бөлінген. 1199 жылы Шыңғысхан найман Бұйрық ханға шабуыл жасап, жеңеді.
1206 жылы моңғолдар Бұқтырма өзенінің бойында Бұйрық бастаған наймандарды тағы да
жеңіп, оны өлтіреді. 1208 жылы Шыңғысхан Бұйрықтың баласы Күшлікхан бастаған
наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісуға
ойысты, кейбіреуі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. 1218 жылы Жетісу жерлері
моңғолдардың қол астына көшкенкенде, наймандар монғолдарға тәуелді болды
Керейлер мемлекеті. Шыңғысхан 1202 жылы Керей елін шауып, жерін жаулап алды.
Шыңғысханнан жеңілген соң, Керейлердің бір бөлігі оған оған тәуелді елге айналды,
кейбіреуі Жетісуға ауа көшіп, көп ұзамай қайтадан Шыңғыс ханға тәуелді болды.
Мемлекеттердің құлауына әсер еткен неігізгі және жанама факторларды маңыздылық
дәрежесіне қарай орналастырыңыз және себебін түсіндіріңіз.
1.______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
2.______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
3.______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
[12]
Мемлекеттердің
ыдырауына әсер еткен
саяси факторлар
1.______________________
_______________________
2.______________________
_______________________
3.______________________
_______________________
Мемлекеттердің
ыдырауына әсер еткен
экономикалық
факторлар
1.___________________
____________________
2___________________
____________________
3.___________________
____________________
Мемлекеттердің ыдырауына әсер
еткен әлеуметтік факторлар
1.___________________________
_____________________________
2.___________________________
_____________________________
3.___________________________
_____________________________
Саяси Экономикалық
Әлеуметтік
17
Балл қою кестесі
Сұрақ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1
Айша бибі кесенесі бойынша толық жауап бергені
үшін
Дұрыс жауабы: 2, 4, 5
3 -
Қарахан кесенесі бойынша толық жауап бергені
үшін
Дұрыс жауабы: 1, 6
2
-
Бабаджа-Қатын кесенесі бойынша толық жауап
бергені үшін
Дұрыс жауабы: 3, 7
2
-
2
Әр азат жол өзіне қатысты тиісті кілт сөзі мен
халықаралық қарым-қатынастың қай саласы екені
дұрыс анықталса, жауап 1 балмен бағаланады.
Дұрыс жауабы:
1-абзац: саяси
2-азац:экономикалық
3-азац:мәдени
3
-
3
Картада Ұлы Жібек жолының 2-тармағын, Ұлы
Жібек жолының шығыс пен батыс нүктелері
болатын екі мемлекетті, Ұлы Жібек жолындағы
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағын дұрыс
анықтап, көрсетсе.Әр жауап 1 балмен
бағаланады.
Жауабы:
1-тармағы: Оңтүстік( Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу арқылы )
2-тармағы:Солтүстік (Орталық және Батыс
Қазақстан)
1
Егер 1-тармағын
көрсетіп, 2-
тармағын
көрсетпесе немесе
керісінше болса,
жауап толық емес
болып
есептелініп, балл
қойылмайды
Дұрыс жауабы:
1.Шығыс нүктесі:Қытай
2.Батыс нүктесі: Византия
1
Дұрыс жауабы:
Ұлы Жібек жолындағы Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан аймағын көрсетсе
1
4
Мемлекеттердің ыдырауына әсер еткен 3 саяси
факторларды анықтайды.
Мысалы:
1.Сыртқы шапқыншылық
2.Мемлекеттің ішіндегі тақ үшін талас
3.Феодалдық иеліктердің бөлшектенуі
3
Нақты түсінік
қалыптастыратын,
құрылымы әртүрлі
сөйлеммен
жазылған мүмкін
болатын жауаптар
Мемлекеттердің ыдырауына әсер қабылданады
еткен 3 экономикалық факторларды анықтайды.
Мысалы:
1.Шаруашылықтың құлдырауы
2.Жұттың болуы
3. Алым-салықтың көбеюі
3
Мемлекеттердің ыдырауына әсер
еткен әлеуметтік факторларды
анықтайды.
3
18
1.Көші-қон үдерісі
2.Билеушінің ақылсыздығы
3. Әлеуметтік теңсіздік
Мемлекеттердің құлауына әсер еткен
факторларды маңыздылық дәрежесіне қарай
орналастырады және не себепті осылай
орналастырғанын түсіндіреді.
Мысалы:
1.Мемлекеттің ішіндегі тақ үшін талас
2.Билеушінің саясаты
3.Жұттың болуы
3
Барлығы 25 балл
19
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут
Балл саны –25 балл.
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Қысқа жауапты қажет
ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: бірінші тапсырма кестеде
берілген ақпараттардың «ақиқат» немесе «жалғандығын» анықтап белгілеу -білу және түсіну
дағдысын анықтауға арналған, екінші тапсырма қазақ халқының рухани мәдениетіне
қатысты ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіру-қолдану дағдысын анықтауға
арналған, үшінші тапсырма Алтын Ордадан бөлінген мемлекеттерді кескін картада белгілеу-
қолдану дағдысын анықтауға арналған, төртінші тапсырма Қазақ атауы қалыптасуы мен
қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтауға арналған кесте толтыруға
берілген.
20
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
тапсырма*

Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
6.3А XIII – XV ғ. І
жартысындағы
Қазақстан
6.3.1.8 Қазақстан
аумағындағы
мемлекеттердің басқару
жүйесінің ерекшеліктерін
анықтау
Білу және
түсіну 1 1 ҚЖ 5 6
15
6.1.1.2 Күй, аңыз, шежіре,
эпостық жырлардың
тарихи дереккөзі ретіндегі
маңыздылығын айқындау
Білу және
түсіну 1 2 ҚЖ 5 4
6.3.1.6 Картаны қолдану
арқылы ХІІІ-ХV
ғасырлардағы
мемлекеттердегі саяси
үдерістерді түсіндіру
Қолдану 1 3 ҚЖ 15 5
6.3В Қазақ
халқының
қалыптасуы
6.1.1.4. «Қазақ»
этнонимінің мағынасын
түсіндіру
Қолдану 1 4 ТЖ 15 10 10
4 - - 40 25 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
21
Мысал үлгілері және балл қою кестесі.
«Қазақстан тарихы» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төмендегі кестеде берілген ақпараттардың «ақиқат» немесе «жалғандығын» анықтап,
(А/Ж) белгісімен белгілеңіз.
№ Тапсырма мазмұны Ақиқат Жалған
1
Түмен (он мың әскер) - түркі-моңғол ұлыстарында болған
әскери-әкімшілік бірлік. Ол өз кезегінде мыңдық пен
жүздікке бөлінген. Түменді түменбегі басқарған.
2
Барұңғар (моңғолша — оң қанат) — оң қанаттағы әскер.
Көшпелілер мемлекетін құрайтын ру-тайпаларды да,
олардан жасақталған әскерді де оң қанаттағылар, сол
қанаттағылар деген топтарға бөлген.
3
Ондаған жүздіктер он мыңдықтар деп аталған. Әр он
мыңдықтың өз әскери тулары болған.
4
Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери-
құқықтық заңдар жинағы.
5
Шыңғыс хан кезінде сол қанат жоңғар, ал оң қанат
барұңғар деп аталған.
6
Шыңғыс хан империяны 90 түмен әкімшілік билікке
бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды.
[6]
2. Кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз.
Дұрыс деп тапқан жауабыңызды сәйкес ұяшыққа белгілеңіз.
№ Ұғым № Анықтамасы
1 Күй А батырлардың, елдің ерлігі жырланатын халық ауыз
әдебиетінің шығармасы
2 Аңыз В ру-тайпалардың, халықтың шығу тегін, таралуын
баяндайтын тарихи жазбаша дерек түрі
3 Шежіре С музыкалық жанр, қазақ халқының аспаппен
орындалатын ұлттық әуендері
4 Эпостық жыр Д қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар
саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер
аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл
мөлшерінің деректілігі басым.
1 2 3 4
[4]
22
3.Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттердің территориясын
кескін картада белгілеңіз.
Қазан хандығы, Батыс Сібір хандығы, Астрахан хандығы, Ноғай Ордасы, Ақ Орда..
[5]
4.Төменде берілген тарихи оқиғаның себебін анықтап, қорытындылаңыз.
Қазақ хандығының
құрылуында Ақ Орда,
Әбілқайыр хандығы мен
Моғолстан маңызды рөл
атқарды.
Қазақ сөзінің мағынасына
қатысты әртүрлі көзқарастар
кездеседі
Қазақ халқының тұрпатында
моңғолоидтік және
еуропоидтік нәсілдің
белгілері кездеседі.
Себебі Себебі Себебі
1.
2.
3.
1.
2.
3.
1.
2.
3.
Қорытынды
[10]
23
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1
ақиқат; 1 -
ақиқат; 1
жалған; 1
ақиқат; 1
ақиқат; 1
жалған; 1
2
С 1 -
D 1
В 1
А 1
3
1
Батыс Сібір
хандығының
территориясын
көрсетеді;
1
Қазан хандығының
территориясын
көрсетеді;
1
Астрахан хандығының
территориясын
көрсетеді;
1
Ноғай ордасының
территориясын
көрсетеді;
1
Ақ Орданың
территориясын
көрсетеді;
4 Ақ Орданың көптеген ру-тайпалары
Әбілқайыр хандығы, ал кейін Қазақ
хандығының құрамына кірген. Әбілқайыр
хандығынан Керей мен Жәнібек бірнеше
рулармен Моғолстан жеріне көшкен.
Моғолстан ханы Есен-бұға оларға Шу мен
Талас өзені арасында жер бөлді.
3
Оқушының
басқа да дұрыс
жауаптары
қабылданады
Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енисей
өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан
көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің
асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан.
Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік
мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ»
деген атаудан шықты дейді;
Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың
ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде
(түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда
«қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген
мағына береді;
3
24
Монғолдардың жаулап алуына байланысты
Қазақстанда антропологиялық процестер де
жаңа өзгерістерге ұшырайды.
Қазақстанға шығыстан келген монғолоидтық
ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен
(сақ, сармат, үйсін т.б.) араласуының
нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами
бастайды. Ол белгілер ерте орта ғасырда (VIIX
ғ.ғ.) тереңдей түседі.Түрік дәуірінде (VIIX
ғ.ғ.) түрік тілдес монғолоидтық ру-
тайпалар арасындағы араласу бұрынғыдан
күшейе түседі.
3
Қортынды: қазақ халқының қалыптасуы ұзақ
процесс. Оған көптеген факторлар әсер етті:
географиялық-шаруашылық, соғыстар мен
шапқыншылықтар, этностық, мәдени. Қазақ
хандығының қалыптасуында Ақ Орда,
Моғолстан және Әбілқайыр хандықтар
маңызды рөлі атқарды.
1
Барлығы 25 балл
25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдертүрінде жауап
береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 5 тапсырмадан тұрады: Бірінші тапсырма
кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай сәйкестендіру - білу мен түсіну дағдысын
анықтауға арналған.
Екінші тапсырма Қазақ хандығының астанасы болған қалалар мен үш жүздің
құрылтайы өткен жерді кескін картада белгілеу-қолдану дағдысын анықтауға арналған.
Үшінші тапсырма XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси
жағдайын талдау- жоғары деңгей дағдысын анықтауға арналған.
Төртінші тапсырма Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың қоғамдағы рөлдерді
сипаттамаларына сәйкес табуға арналған.
Бесінші тапсырма әлеуметтік топтардың қоғамдағы орны мен қызметін сипаттауға
арналған тапсырмалардан тұрады.
26
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
6.4B XVI –
XVII
ғасырлардағы
экономика мен
мәдениет
6.2.2.5 Көшпелілердің
қолданбалы өнер
жетістіктерін сипаттау Білу және
түсіну 1 1 КТБ 5 4 4
6.4A Қазақ
хандығының XVI
– XVII
ғасырлардағы
дамуы
6.3.1.10 Қазақ
хандарының мемлекетті
нығайтудағы рөлін
анықтау
Қолдану 1 2 КЖ 7 3
21
6.3.2.6 Қазақ
хандарының сыртқы
саясатын талдау
Жоғары деңгей
дағдылары 1 3 ҚЖ 13 8
6.3.1.11 Қоғамдық-саяси
өмірдегі сұлтан, би,
батыр, жыраулардың
қызметтерін сипаттау
Қолдану 1 4 КТБ 10 7
6.1.2.1 Қазақ
хандығындағы
әлеуметтік топтардың
орнын анықтау
Білу және түсіну 1 5 ҚЖ 5 3
5 - - 40 25 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
27
Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақстан тарихы» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз.
Дұрыс деп тапқан жауабыңызды сәйкес ұяшыққа белгілеңіз.
№ Ұғым Белгі Анықтамасы
1 Уық А
Халық ауыз әдебиетінде көрініс табатын тұрмыс-салт
жырларының ислам дініне байланысты кең тараған
түрі.
2 Сырмақ В
Киіз үйдің ағаштан жасалған қабырғасы. Шаңырақ
пен керегені жалғап тұратын иінді ағаш.
3 Жарапазан С
Бетіне түрлі түсті дәстүрлі (қошқар мүйіз және т.б.)
ою-өрнектер басылып жасалатын киіз төсеніш.
4 Текемет D
Ақ және қара немесе басқа да түсті киізді оюмен
ойып, түрлі түсті жіппен сырып құрастыратын
төсеніш.
1- 2- 3- 4-
[4]
2. Кескін картада Есім ханның тұсындағы қазақ хандығы, Тұрсын ханның тұсындағы қазақ
хандығы астанасын, Тәуке ханның үш жүздің құрылтайын өткізген жерін белгілеңіз.
[3]
28
3. Кестеде берілген мәтінмен танысып, XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және
сыртқы саяси оқиғаларын талдаңыз.
Мен Шығайдың ұлы Есім ханмын. 1598
жылы ағам Тәуекел хан қайтыс болып,
Қазақ ордасының билеушісі болып таққа
отырдым. Тәуекел хан жанында жорықтарға
қатысып жүріп шыныққан әскербасымын.
Көрші жатқан Мәуереннахр билігі жаңа
әулет аштархани әулетіне өтіп, сол Бұхар
ханы Имамқұлы Тәуекел хан тұсында Қазақ
хандығына өткен Ташкент, Сайрам,
Әндижан жерлерін және Сырдария
бойындағы қалаларды өзіне қарату
саясатын жүргізді. 1603 жылдың күзінде
мен қазақ және қырғыздан жасақталған
қолыммен Айғыржарда бұхарлықтарды
талқандадым. 1611ж. Имамқұлы Қазақ
хандығымен уақытша бітім жасады. Арал
бойында бізге бодан болып отырған
қарақалпақтар да бүлік шығарып, оларды
Сырдария бойынан кейін шегіндірдік.
Осының барлығы аздай, өзімнің туысым
Ташкент аймағын басқартып отырған
Тұрсын Мұхаммед билікке таласуда.
Шығыстан ойраттар жақындап, жиі
шабуылдар жасауда. Мұндай сәтте билік
үшін талас-тартыс хандықты әлсіретеді.
Мен Жалым сұлтанның ұлы Жәнібек
ханның немересі Тұрсын Мұхаммедпін.
Қазақ хандығының құрамындағы
Ташкент аймағын басқарып отырмын.
Мен де хан әулетіненмін және Есімнен
жолым үлкен сұлтанмын. Қазақ
хандығының басқаруға лайықтымын.
Бұхар ханы Имамқұлы маған бұл
жағдайда көмектеседі.
1613 жылы біршама нығайған
Имамқұлы маған қолдау көрсетіп, мен
Ташкентте хан болып сайландым. Мені
осы аймақта тұратын қатаған руы және
ақсүйектері де қолдауда. Мен Ташкентте
өз атымнан ақша шығара бастадым,
халықтан баж, хараж салығын жинатып
отырмын. Осы оңтүстік аймақтағы
саудагерлердің Қазан және Сібір
қалаларымен жемісті сауда жасауына
мүмкіндік жасап бердім. Әскерімнің
саны 100 мыңға жетті.
Ішкі саясат
1.
2.
3.
4.
Сыртқы саясат
1.
2.
3.
4.
[8]
29
4. Әлеуметтік топтардың қоғамдық қызметіне қарай сәйкестендіріңіз.
1. Хан А. Шыңғыс хан ұрпағы, хан бөліп берген ру-тайпаларды
басқарады, оларға жерлерді бөліп береді, хан сайлауына қатысады,
елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтайды.
2. Сұлтан B. Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған,
жерді және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды, бидің
шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді
3. Би C. Қалада тұрады, бұрын малшы болғанмен, туыстары немесе өзі
барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс
аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн
көріске ақша табады.
4. Батыр D. Байдың малын бағады, кедейленіп, қиын жағдайға душар болса,
байдан сауын ала алады, мүлкінен айырылып қалса, туыстарымнан,
басқа малшылардан жылу жинайды, қиын жұмыстар істеу үшін
ағайымдары арасында асар жасайды
5. Малшы E. Мемлекет басшысы, Шыңғыс хан ұрпағы, қараша халықтан
жоғары тұрады, әскерді басқарады, халыққа жер бөліп береді,
бүкілхалықтық Құрылтай шақырады.
6. Жатақ Ғ. Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға
қатысады, сұлтандар бөліп берген жерлерді басқарады, сот билігін
жүзеге асырады, елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты
Құрылтайға қатысады.
7. Қожа G. Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам
дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын
қадағалайды.
1 2 3 4 5 6 7
[7]
5. Төменде берілген әлеуметтік топ өкілдерінің қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттаңыз
жауап беріңіз.
[3]
Әлеуметтік топ өкілдері Қызметі мен қоғамдағы ролі
Төлеңгіттер
Қара сүйектер
Құлдар
30
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 В 1 -
D 1
А 1
C 1
2 Картада Түркістан қаласын белгілейді; 1
Картада Ташкент қаласын белгілейді; 1 -
Картада Қарақұм маңын белгілейді; 1
3 Ішкі саясатта:
Есім ханның ескі жолы заңы;
Есім ханның реформалары;
Есім хан мен Тұрсын ханның билікке таласы;
Қатаған қырғыны;
4 -
Сыртқы саясатта:
Қазақ-бұхар соғысы;
Тұрсын Мұхаммедтің Имамқұлымен одақтасуы;
Ойраттардың шабуылы;
Қазақ әскерлерінің қарақалпақтарды;
Арал маңына ығыстыруы;
4
4 1-E
2-A
3-F
4-B
5-D
6-C
7-G
7
5 Әлеуметтік топ
өкілдері
Қызметі мен қоғамдағы ролі
Төлеңгіттер Хандар мен сұлтандар ауылдарының
төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз
шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді
қазақтың әр түрлі шағын рулары мен
тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ
сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен
өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен,
төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт,
қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды.
Қара сүйектер Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі
бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер»
деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар
жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін
жандар болатын. Өз руының құрамында мал
жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып
жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де,
егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен
айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс
кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі
бөлігін құрады.
Құлдар Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын
қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық
патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды.
Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі
өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына
мүмкіндік бермеді.
3
Оқушының өз
сөзімен
сипаттап
жазған дұрыс
жауаптары
қабылданады
Барлығы 25 балл

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020