» » Жаратылыстану 5-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

Жаратылыстану 5-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

01 май 2018, Вторник
43 575
0

«Жаратылыстану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау
спецификациясы
5-сынып
2
Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .................................................................. 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ......................... 3
3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі .................................................................................................. 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты Тексерілетін оқу мақсатытарды
бөлу ................................................................................................................................................. 4
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері ..................................................... 5
7. Модерация және балл қою ...................................................................................................... 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 27
3
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу
мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жаратылыстану пәні бойынша қазақ тіліндегі негізгі орта білім деңгейіндегі (5-6 сынып) оқу
бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
- заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін;
- энергия көздерін, оның түрлерін және қолданылу салаларын;
- химиялық және физикалық құбылыстарды;
- заттардың жіктелуін біледі.
Түсіну:
- физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі маңыздылығын;
- жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсінеді.
Қолдану:
- тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін
негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді;
- тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу
әдістерін қолданады.
Талдау:
- ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді
талдайды.
Жинақтау:
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттамасы Тапсырмалар түрлері
Білу және
түсіну
- қоршаған әлемнің көп қырлылығын,
табиғи құбылыстар мен үдерістердің
өзара байланысын біледі.
- өлі және тірі табиғатта болып жатқан
кейбір табиғи құбылыстар мен
үдерістердің себептерін;
көптүрлі табиғат құбылыстары мен
нысандарын жүйелеу принциптерін;
жаратылыстану бағытындағы білімнің
адамның көптеген іс-әрекет түрлері
үшін маңыздылығын түсінеді.
КТБ – Көп таңдауы бар
тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану - қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары
мен нысандары жайлы білімнің
жинақталуына және күнделікті өмірде
алуан түрлі практикалық және зерттеу
әрекеттері арқылы алынған білімнің
байланысын қолданады.
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Жоғары
дағдылар
деңгейі
- гипотеза құру және оларды
тексерудің жолдарын ұсынады,
эксперименттер арқылы алынған
мәліметтер негізінде қорытынды
жасайды;
- зерттеу мәселелерін дұрыс алады,
зерттеу жұмысының жоспарын
құрады, бақылаулар мен
эксперименттер нәтижелерін
бағалайды және сипаттайды,
қорытынды шығарады;
- іздеу әдістерін игереді;
- зерттеу қорытындыларын түрлі
формада ұсынады.
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты Тексерілетін оқу
мақсатытарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 30% 40% 30%
II 15% 85% -
III 40% 35% 25%
IV 25% 40% 35%
Барлығы 27.5% 50% 22.5%
5
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір -біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырамаларынан білім алушылар берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс
бір жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер
немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы жоғарғы ұпай алу үшін, есепті
шешудің толық тізбегін ашып көрсетуі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық
бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
7
1 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсыр
ма №*
Тапсырманың
түрі*
Орындалу
уақыты,
мин*
Балл* Бөлімге
берілетін
балл
саны
5.1А
Ғылым
әлемі
5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен
болжамды тұжырымдау
Қолдану 2
2
(a,b)
ТЖ 3 2
7
5.1.3.1 зерттеу жоспарын
құрастыру
Жоғары деңгей
дағдылары
1
2
(c)
ТЖ 3 2
5.1.4.1 нысандар параметрлерін
өлшем бірліктермен анықтау
Білу және
түсіну
1 1 КТБ 2 1
5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша
қорытынды тұжырымдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1
2
(d)
ТЖ 3 2
5.1В Адам.
Жер. Ғалам
5.2.2.2 Жердің құрылысы мен
құрамын атау
Білу және
түсіну
1 3 ТЖ
2 1
13
5.2.3.1 Жер қабықтарын және
олардың құрамдас бөліктерін
сипаттау
Қолдану 1
4
(а,b)
КТБ 4 2
5.2.5.2 шартты белгілерді
қолданып, жергілікті жердің
планын оқу
Қолдану 1 5 КТБ 4 2
5.2.6.1 материктер мен дүние
бөліктерін игеру және зерттеу
тарихын сипаттау
Білу және
түсіну
1 6 ҚЖ 2 1
5.2.7.2 нәсілдік белгілердің
қалыптасу факторларын анықтау
Жоғары деңгей
дағдылары
1
7
(a,b,c,d)
КТБ
6 4
5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу
Жоғары деңгей
дағдылары
1
8
(а,b)
КТБ
7 3
БАРЛЫҒЫ: 11 36 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
8
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Суретте берілген құралды қолдану мақсаты мен анықталатын параметр және оның
өлшем бірлігі дұрыс берілген нұсқаны таңдаңыз.
[1]
2.Оқушы май шамның жануын зерттеу үшін тәжірибе жасады. Тәжірибе сұлбасы суретте
берілген. Суретпен танысып, тапсырмаларды орындаңыз.
a) Оқушы тәжірибесінің мақсатын тұжырымдаңыз.
_______________________________________________________________________ [1]
b) Тәжірибеден күтілетін нәтижені болжаңыз.
Аспап Анықталатын
параметр
Параметрдің өлшем
бірлігі
A
Масса Градус (0С)
B Уақыт Секунд (с)
C Сұйықтықтың көлемі Миллилитр (мл)
D Температура Килограмм (кг)
9
________________________________________________________________________[1]
c) Оқушының зерттеу жоспарының орындалу барысын сипаттаңыз.
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________ [2]
d) Суреттегі екі жағдайды салыстырып, тәжірибе қорытындысы қандай болғанын
жазыңыз.
__________________________________________________________________________
______________________________________________________________________ [2]
3. Жердің ішкі құрылымы бірдей емес.
Жер құрылымындағы жазылмай қалған қабатын көрсетіп оның құрамын жазыңыз.
______________________________________________________________________ [1]
4. Жер беті бөлек қабықтардан тұрады. Суретте жердің сыртқы қабықтары көрсетілген.
(a) Мұхиттың үлкен тереңдігінде және атмосфераның жоғарғы қабатында тірі ағзалардың
санының азаюын түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________________
[1]
(b) Атмосфера қабатының рөлін анықтаңыз.
[1]
5. Әңгімені оқып, бос қалған жерлерге шартты белгілерді қойыңыз:
Біз мектептен 200 метр оңтүстікке жүріп, соқпақ жолдан( ) өтіп, автобусқа отырдық.
Шамамен жарты сағатта жеміс бағына ( ) келдік. Ол жерде демалып, шығыс бағыттағы
соқпақ жолмен жүріп, 100 метр жердегі ойын алаңында доп ойнадық.
[2]
10
6. Жер шарында ұлы географиялық ашылулар ХҮ ғасырдан басталды.
Картада саяхатшының жүзіп өткен жолы көрсетілген. Саяхатшының есімін жазыңыз.
______________________________________________________________________ [1]
7. Үш негізгі нәсілдер жер шарының 88% халқын біріктіреді.
(а) Моңғолоид нәсілін анықтаңыз.
______________________________________________________________________ [1]
(b) Моңғолоид нәсілі екенін дәлелдейтін бір себеп жазыңыз.
______________________________________________________________________ [1]
(c) Моңғолоид нәсілдерінің таралу аймағын жазыңыз.
______________________________________________________________________ [1]
(d) Моңғолоидтардың нәсілдік белгілерінің қалыптастыру себебін бір мысалмен
түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________ [1]
8. (a) Нәсілдердің теңдігін белгілері арқылы дәлелде.
______________________________________________________________________ [1]
(b) Нәсілдердің теңдігі туралы зерттеу жасаған ғалымды атаңыз және оның жұмысын
сипаттаңыз.
_________________________________________________________________________
[1]
(с) Қазіргі әлемде нәсілдер теңдігі үшін жүргізіліп жатқан іс шараларды жазыңыз.
_________________________________________________________________________
[1]
11
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 C 1
2
Мүмкін жауаптар: май шам қандай
жағдайда жақсы жанады / май шам қандай
жағдайда ұзақ жанады;
1
Басқа дұрыс жауап
қабылданады.
Мүмкін жауап:
Май шам жануы үшін оттегі қажет
1
1. Май шамды жазық тақтайша үстіне
орналастыру;
2. Май шамды сіріңке көмегімен
жандыру;
3. Жанып тұрған май шам үстіне
стаканды төңкеру.
1
1
Қорытынды: май шам оттегі болған кезде
жақсы жанады; /май шам жануы үшін
оттегі қажет;/май шамға стаканды
төңкергенде, ол сөніп қалады, себебі,
оттегі жетіспейді.
1
1
3 Ядро қабаты. Темір мен никель 1
4
температура өзгереді 1
су айналымы / энергия сақтау / сыртқы
объектілерден (метиорит, т.б.) қорғаныс /
дыбыстың болуы / күн сәулесін тең
таратады / зиянды сәулелерден қорғаныс
1
Кез-келген дұрыс жауап
қабылданады
5
Соқпақ жол
Жеміс бағы
1
1
6
Фернан Магеллан 1
7
4 1
Терісі сары, шашы салалы,қайратты,жақ
сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, беті
жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш
1 Аталғандардың бірін жазса
Азия 1
Қоршаған ортамен байланысы:
жел жиі соғатын, жазы ыстық, шаң-
тозаңды,құмды- дауылды,қысы аязды,
боранды аймақтарда қоныстанған.
1
Аталғандардың бірін жазса
8
а) Әр түрлі нәсілдерге жататын адамдар
бір-бірінен табиғи ортаға бейімделген
сырт келбетімен ғана ерекшеленеді. Ағза
құрылысы және басқа белгілері бірдей.
1
Басқа дұрыс жауап
қабылданады.
(b) Н.Н. Миклухо-Маклай, нәсілдердің 1
12
теңдігі туралы зерттеді
с) Біздің заманымызда дүние жүзі елдері
нәсілдік кемсітушілікті адамзат
алдындағы қылмыс ретінде
айыпталады;1965ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы
нәсілдік кемсітушілікті түбірімен жою
жөнінде қарар қабылдады.
1
Басқа дұрыс жауап
қабылданады.
Барлығы 20
13
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 8 тапсырмадан тұрады: соның ішінде 1 көп таңдауы бар сұрақтар, 4 қысқаша
жауапты қажет ететін сұрақтар, 3 толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.
Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
14
2–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау
дағдылар
ының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырманың
түрі*
Орындалу
уақыты,
мин*
Балл* Бөлімге
берілетін
балл саны
5.2А
5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық
және газ күйіндегі құрылымын
бөлшектер теориясына сәйкес
түсіндіру
Қолдану 1 1 ҚЖ 3 3
20
5.3.1.3 заттардың қасиеттерін:
тығыздығын, аққыштығын,
жылу және электрөткізгіштігін,
созылғыштығын, иілімділігін
сипаттау
Қолдану 1 2 ҚЖ 4 3
5.3.1.4 физикалық және
химиялық құбылыстарды
ажырату
Қолдану 1 3 ҚЖ 3 2
5.3.2.2 қоспалардың түрлерін
сипаттайды және бөлу әдістерін
ұсыну
Қолдану 2 4-5
ТЖ 5 3
ТЖ 10 3
5.3.2.4 еріген заттың массалық
үлесін есептеу
Қолдану 1 6 ТЖ 10 4
5.3.2.5 заттарды ерігіштігі
бойынша, металдар және
бейметалдарға жіктеу
Қолдану 1 7 ҚЖ 2 1
5.3.3.1 кейбір табиғатта түзілген
және жасанды жолмен алынған
заттарға мысалдар келтіру
Білу және
түсіну
1 8 КТБ 1 1
БАРЛЫҒЫ: 8 38 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
15
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Жаратылыстану» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Заттың сипаттамасы мен оның агрегаттык күйін сәйкестендіріңіз:
Агрегаттық күйі
А
В
С
Заттың сипаттамасы
Бөлшектер арасындағы ара – қашықтық
аз, белгілі бір ретпен орналасқан
1
Бөлшектер бір- біріне жақын орналасқан,
еркін қозғалады
2
Бөлшектердің арасында өзара тартылыс
күштері өте әлсіз, алшақ орналасқан
3
Жауабы:
А_________________________
В_________________________
С_________________________
[3]
2. Кестеде алюминийдің кейбір қасиеттері көрсетілген.
Қасиеттері:
жақсы электр өткізгіш
жақсы жылу өткізгіш
қайнау температурасы жоғары
балқу температурасы жоғары
қатты
жылтыр
16
(a) Электр желісіндегі сымдарды дайындау үшін алюминийдің қандай қасиетін
пайдаланады? Кестені пайдаланып көрсетіңіз.
алюминий сымы
_____________________________________________________________________________
[1]
(b) Кастюрль және ыдыстар дайындау үшін алюминийдің қандай қасиетін қолданады?
Кестені пайдаланып көрсетіңіз.
Алюминий кастрюлі
1) ___________________________________________
2) ___________________________________________
[2]
3. Суреттерде біздің айналамыздағы әр түрлі құбылыстар көрсетілген. Осы суреттегі
құбылыстарды қандай құбылыс түріне жатқызуға болады?
Сөйлемді толықтырыңыз.
1.
Сіріңкенің жануы, бұл _______________құбылыс
болып табылады.
2.
Қардың еруі , бұл__________________ құбылыс
болып табылады.
17
3.
Темірдің таттануы – бұл ________________ құбылыс
болып табылады.
4.
Темірдің магнитке тартылуы - бұл ________________
құбылыс болып табылады.
[2]
4. Қоспаға келтірілген мысалдар мен оны бөлу әдістерін сәйкестендіріңіз.
1 A
2 B
3 C
1___________
2___________
3___________
[3]
5. Өзіңіз білетін қоспа түрін атаңыз және осы қоспаны бөлу әдісін ұсыныңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[3]
6. Арман екі стакан алып, бірінші стаканға екі қасық, ал екінші стаканға бір жарым қасық
қант салды. Стакандағы судың массасы 200 грамм, ал бір қасық қанттың массасы 5 грамм.
Әрбір стакандағы қанттың массалық үлесін анықтаңыз.
[4]
18
7. Белгісіз А және В заттары берілген.
А заты ұнтақтәрізді, сары түсті, жылу мен электр тогын өткізбейді, суда батпайды.
В заты пластикалық, жылу мен электр тогын жақсы өткізеді, жылтыр, суда батпайды.
Заттардың сипаттамасы бойынша қайсысы металл және бейметалл болып табылады.
Металл ............ Бейметалл .............
[1]
8. Табиғатта барлық заттар кездесе бермейді, ол заттарды жасанды жолмен алуға болады.
Жасанды жолмен алынған затты көрсетіңіз.
A. су В. тас тұзы С. саз D. полиэтилен
[1]
Балл қою кестесі
№ Жауаптары
Балл
Қосымша
ақпарат
1. А – 2
В – 3
С – 1
1
1
1
әрбір дұрыс
жауапқа 1 балл
беріледі
2. а) электр тогын жақсы өткізеді 1 «жақсы өткізгіш»
деп жазса
b) жылуды жақсы өткізеді қабылданбайды
балқу температурасы жоғары
2
3. 1- химиялық
2-физикалық
3-химиялық
4-физикалық
2
химиялық
құбылысқа -1 балл
физикалық
құбылыс -1 балл
4. 1 Күкірт пен темірдің қоспасы: B магнитке
тарту
2 Шай мен судың қоспасы: C буландыру
3 Су мен құмның қоспасы: A тұндыру
1
1
1
5. Су+құм+тұз 1 Басқа дұрыс жауап
(мысал)
қабылданады
Фильтр арқылы құмды бөлу,
конденсация/буландыру арқылы суды/тұзды
бөліп алу
2
19
6. 4,76% ≈ 5 %
3,61% ≈ 4 %
M (ерітінді) = m (су) + m (қант)
Х = m (қант) * 100 / m (ерітінді)
1
1
1
1
бүтін сандар
қабылданады
7. металл- В
бейметалл - А
1
8. D 1
Барлығы: 20
20
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 7 тапсырмадан тұрады: соның ішінде 1 бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын
сұрақтар.
3 қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, 3 толық жауапты қажет ететін
тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
21
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсыр
ма №*
Тапсыр
маның
түрі*
Орындалу
уақыты,
мин*
Балл* Бөлімге
берілетін
балл
саны
5.3АТірі және
өлі
табиғаттағы
үдерістер
5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ
қасиеттерін сипаттау
Білу және түсіну 1 1 КТБ 2 1
10
5.4.2.2 тірі ағзалардың
құрылымдық деңгейлерін
сипаттау
Қолдану 1 2 ҚЖ 6 3
5.4.2.5 фотосинтез үдерісін
түсіндіру Білу және түсіну
1
3 (а) КТБ 2 1
5.4.2.7 фотосинтездің жүруі
үшін қажетті жағдайларын
зерттеу
Жоғары деңгей
дағдылары
3(b,c) ҚЖ, ТЖ 10 5
5.3В Энергия
және
қозғалыс
5.5.1.1 энергия түрлерін
ажырату
Білу және түсіну
1 4
ҚЖ 2 1
10
5.5.1.6 энергияның өзара
айналымына мысалдар
келтіру
Білу және түсіну ҚЖ 3 1
5.5.1.2 температура мен жылу
энергиясын ажырату
Қолдану 1 5 ТЖ 3 2
5.5.1.5 жылулық ұлғаюды
сипаттау
Қолдану 1 6 ТЖ 4 2
5.5.2.3 денелер қозғалысының
себебін анықтау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 8 4
БАРЛЫҒЫ: 7 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
22
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Жаратылыстану» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Тірі ағзаларға тән қасиеттердің дұрыс қатарын көрсетіңіз
Жауап
нұсқалары
Тірі ағзалардың қасиеттері
А жасушадан тұрады құрылысы
молекулалы
тыныс алады қоректенеді
В тыныс алады бөліп
шығарады
өзін- өзі
реттейді
тітіркенеді
С өзін- өзі реттейді қоректенеді құрылысы
молекулалы
тыныс алады
D құрылысы
молекулалы
жасушадан
тұрады
тыныс алады бөліп
шығарады
[1]
2. Тірі ағзалардың тіршілік деңгейлерін атаңыз.
1_______________ 2_______________ 3_____________ 4______________
[2]
3 (а) Cуретті қолдана отырып,автотроф ағзалардың жарық
энергиясын көмірқышқыл газы мен судан оттегін түзу үшін
пайдаланатын үрдісін анықтаңыз:
A. тыныс алу
B. булану
C. фотосинтез
D. фототропизм
[1]
23
(b) Аталған үрдіске қатысатын заттар тобымен олардың атаулары арасындағы сәйкестікті
анықтаңыз:
Заттар тобы Атауы
а) үрдіске қажетті заттар 1) оттегі
b) үрдіс нәтижесінде түзілетін заттар 2) көмірқышқыл газы
3) су
4) хлорофилл
5) органикалық заттар
6) тұздар
Жауабы:
Заттар тобы
а b
[3]
(с) (i) Cуреттегі тәжірибеге назар аударыңыз. Осы үрдіске қажетті жағдайларды (2-4),
анықтаңыз.
1 _Су 2 ____________________________
3 ___________________________ 4 ____________________________
[1]
(ii) Осы жағдайлар (жағдайдың бірі)аталған үрдіске қалай әсер ететін тұжырымдаңыз:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
[2]
24
4. Суретте берілген жағдайларда қандай энергия түрленулері болатындығын анықтаңыз.
[2]
5. Суретте температуралары әртүрлі A және B екі дене берілген.
А және В денелерінің ішкі энергияларын
салыстырыңыз. Тең болады ма? Себебін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________ [2]
6. a) Суретті сипаттаңыз.
_____________________________________________________________________[1]
b) Термометр резервуарындағы сынаптың және ыдыстағы судың көлемі неліктен
артқанын түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________[1]
a
b
c
700С 200С
1
2
3
25
7. Тұрақты жылдамдықпен қозғалып келе жатқан пойыздың жоғарғы сөресінде
тыныштықта жатқан доп төменге қарай құлады.
a) Доптың қозғалыс траекториясын сызыңыз.
[2]
b) Доп неліктен құлағанын түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________________ [2]
Балл қою кестесі
№ Жауабы Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2
2.1 жасушалық деңгей; 2.2 ұлпалық деңгей;
2.3 мүшелік деңгей; 24 мүшелер жүйесі; 2
2 дұрыс жауапқа 1
балл; 4 дұрыс
жауапқа 2 балл.
3
(а) С 1
(b) а – 2, 3, 4, 6; в – 1, 5.
3
2 дұрыс жауапқа 1
балл; 4 дұрыс
жауапқа 2 балл;
6дұрыс жауапқа 3
балл;
(с)(i) Жылу, көмірқышқыл газы, жарық
1
2-3 жағдай
көрсетілсе,бір балл
(ii) Жарық фотосинтезді арттырады/
жарықсыз фотосинтез жүрмейді;су
жеткіліксіз болса фотосинтез тежеледі;
көмірқышқыл газының мөлшері ауа
құрамындағыдай болу қажет, фотосинтез
үшін оптимальды температура 25-30o C
2
4
Энергия түрлерін ажыратады (a- жарық; b-
электр; c- химиялық) 1
Энергия бір түрден екінші түрге айналуын
анықтайды ( 1 - химиялыққа; 2-жылу
энергиясына; 3 –механикалыққа)
1
5
Ішкі энергиялары тең болмайды, себебі,
температуралары әртүрлі 1
Температурасы жоғары дененің ішкі
энергиясы да жоғары
1
6
Суретте ыдыстағы судың температурасы
артқанда термометрдің көрсеткіші де, судың
көлемі де жоғарылағаны көрсетілген.
1
26
Температура артқанда, заттардың көлемі
жылулық ұлғаяды. Сондықтан термометрдің
резервуарындағы сынап пен ыдыстағы судың
көлемі артты.
1
7
Оқушы доптың траекториясы ауырлық күші
әсерінен өзгеретінін анықтап, қозғалыс
траекториясын тармағы төмен қараған
парабола түрінде сызады
2
Пойыздың қозғалыс жылдамдығы
өзгергендіктен, доптың да жылдамдығы
өзгерді. Бұл инерция құбылысы
2
Оқушының ойы
ескеріледі.
Барлығы 20
27
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 6 тапсырмадан тұрады: соның ішінде 1 бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын
сұрақтар.
3 қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, 3 толық жауапты қажет ететін
тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
28
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тарау Тексерілетін оқу мақсаттары Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі *
Орындауға
кететін
уақыт,
мин*
Балл* Тарау
бойын
ша
балл
Экология
және
тұрақты
даму
5.6.1.1 экожүйенің құрамдас
бөліктерін анықтау
Білу және түсіну 1 1 КТБ 1 1 16
5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу. Қолдану
1
2 (a) ҚЖ 2 3
5.6.1.4 табиғи және жасанды
экожүйелерді салыстыру
Қолдану 2(b) КЖ 6 1
5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат
дүниелеріне жіктеу
Қолдану 1 3 ҚЖ 5 5
5.6.3.1 ҚР экологиялық
мәселелерін атау
Білу және түсіну
1
4 a ҚЖ 3 2 4
5.6.3.2 өз аймағының экологиялық
мәселелерін зерттеу
Жоғары деңгей
дағдылары
4b (i)(ii) ҚЖ,ТЖ 7 3
5.6.3.3 ҚР Қызыл кітабының
маңыздылығын анықтау
Білу және түсіну 1 5 ҚЖ 3 1
Әлемді
өзгертетін
жаңалықтар
5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми
жаңалықтарға мысалдар келтіру
Білу және түсіну
1
6 a ҚЖ 3 1
5.7.2.1 болашақ ғылыми
зерттеулер үшін зерттеу
идеяларын ұсыну
Жоғары деңгей
дағдылары
6 b ТЖ 10 3
Барлығы: 6 40 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
29
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Экожүйенің құрамдас бөліктерінің дұрыс қатарын анықтаңыз.
продуценттер консументтер редуценттер
А жасыл өсімдіктер жануарлар бактериялар,саңырауқұл
ақтар
В бактериялар,саңырауқұлақтар жануарлар жасыл өсімдіктер
С жануарлар бактериялар,
саңырауқұлақтар
жасыл өсімдіктер
D жасыл өсімдіктер бактериялар,
саңырауқұлақтар
жануарлар
[1]
2. a) Суретте берілген экожүйе түрлерін анықтаңыз:
А В
А _____________________________________________________________________
В _____________________________________________________________________
[1]
b) Берілген жоспар бойынша экожүйе түрлерін салыстырыңыз:
Салыстыру сипаты А В
Энергия түрі
Реттелу жолдары
Түр құрамы
[3]
30
3 Суретте берілген тірі ағзалар патшалықтарын анықтаңыз (1-10).
Бактериялар ____________________________________
Протистер ____________________________________
Саңырауқұлақтар __________________________________
Өсімдіктер __________________________________
Жануарлар ____________________________________
[5]
4(а) Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелерді атаңыз. (кемінде екеу)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
(b) (і) Cіздің аймағыңызда аталған экологиялық мәселелердің қайсысы кездеседі?
__________________________________________________________________________
[1]
(іі) Өз аймағыңыздың экологиялық мәселелерін шешудің жолдарын ұсыныңыз.
_________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
[2]
5. Не себепті кітап «Қызыл кітап» деп аталды?
__________________________________________________________________________
[1]
6. (а ) 1895жылы В.К. Рентген рентген сәулеленуін ашты. Бұл барлық заттарға енуге
қабілетті көзге көрінбейтін сәуле. Адам өмірінде осы сәулелерді қолдану аясын атаңыз.
_______________________________________________________________________________
[1]
b. Әлемді өзгертетін ғылыми ашуларға үш мысал келтіріңіз және олар қайда
қолданылатынын көрсетіңіз
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
[3]
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
31
Балл қою кестесі
№ Жауабы Балл Қосымша ақпарат
1 А 1
2
А жасанды
В табиғи
Жасанды Табиғи
энергия күн және
қосымша адамның
әрекетімен
қолданылатын электр
шамы.
Күн энергиясы
Адам реттейді Өздігінен реттеледі
Бірдей түрлерді
қамтиды
Көптүрлілік
3
3
Бактериялар 2,8
Протистер 4,7
Саңырауқұлақтар 5,6
Өсімдіктер 9, 10
Жауарлар 1,3
5
4
(а)
Оқушы Қазақстан республикасында кездесетін
экологиялық мәселелерді атайды: Семей
ядролық полигонының зардаптары, Арал
теңізі,ауаның ластануы т с с
2
(b)і
Оқушы өз аймағындағы экологиялық
мәселелерді атайды
Мыс: Арал теңізінің тартылуы
1
(іі)
Өз аймағындағы экологиялық мәселелердің
шешу жолдарын өз жас ерекшелігіне
байланысты ұсынады;
Мыс: Сырдария мен Амудария өзенін
қадағалау, жасанды жолмен су толтыру
2
5
Себебі қызыл түс дабыл/қауіп білдіретінін
көрсетеді.
1
6
(а)
Медицинада рентген сәулелері ауыруды дұрыс
анықтауға және обыр ісікті емдеу үшін
қолданылады.Рентген сәулелері арқылы адам
денесін «жарықтандырып»,нәтижесінде
сүйектердің кескінін алуға болады.
1
Басқа дұрыс жауап
қабылданады.
6(b)
Bluetooth жеке компьютер,ұялы
телефон,сандық
фотоаппарат,клавиатура,тышқан,құлаққаппен
байланысты орнатады.
3
Басқа дұрыс жауап
қабылданады.
Барлық балл саны 20

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021