» » Еңбекке баулу 1 сынып күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы – 66 сағат, аптасына – 2 сағат 1 апта қосымша демалыс

Еңбекке баулу 1 сынып күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы – 66 сағат, аптасына – 2 сағат \1 апта қосымша демалыс\

08 ноябрь 2016, Вторник
819
0

Еңбекке баулу -1 сынып

 

 

Сабақ тақырыбы: Кіріспе.  «Еңбекке баулу »

Сабақ мақсаты:1Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.2Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой — өрісін дамыту.3Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  жаңа сабақ

Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.

Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау. — Қажетті құрал – жабдықтарын даярлау.- Еңбек туралы білетіндерін сұрау.

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау:Қосымша сұақтар қою.

ІІІ. Негізгі бөлім:Еңбектің түрлері бірнеше блоктар бойынша ұсынылады. Онда әр блоктың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне қарай жұмыс іріктеліп алынады.

Қымбатты балалар!

Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу» оқулығы еңбек сабағындағы көкектің әрі ақылшы досың болатынын айту. — Егер сен гүлге су құйсаң, тал ексең бақта жұмыс етсең, табиғатқа пайда келтіресің.- Еңбекке баулу сабағы:

ІV.Қорытынды бөлім:.Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар.

  1. Үйге тапсырма,бағалау: «Еңбектің наны тәтті»Жалқаудың жаны тәтті мақалын талдау.

 

2.Сабақ тақырыбы:  Өзіне — өзі қызмет ету.

Сабақ мақсаты:  1. Өзіне — өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру 2. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта  отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. 3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке   тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, еңбек құралдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:— Оқушыларды сабаққа даярлау.- Оқу құралдарын түгендеу.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:1. Еңбек деген не? 2. Еңбек адамға не үшін қажет?3. Еңбекке баулу сабағы нені үйретеді?4. еңбектің пайдасы туралы.

ІІІ. Мақсат қою:— Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Өзіне -өзі қызмет ету» деп аталады. Өзіне — өзі қызмет етуге:«Киімді күтіп кию», «Жамау салу», «Түйме қадауды үйрену», «Мектепке дайындалу», жатады.

ІV. Жаңа сабақ: 1. 7 – бет Өзіне — өзі қызмет ету.  Өзіне -өзі қызмет ету – біздің күнделікті атқаратын ісіміз. Ол киімді,төсек – орынды жинаудан басталады.  Біз оқу құралдарымызды күтіп ұстауға, сынып бөлмесінің тазалығын сақтауға тырысамыз. Бұл да өзіне — өзі қызмет ету еңбегіне жатады.Оқулықпен жұмыс жасау.

 

  1. Қорытынды бөлім:— Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету.- Өзіне — өзі қызмет етудің тағы қандай түрін білесіңдер?
  2. Жаңа сабақты бекіту:

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау: Әкемізбен анамыздан өзіне — өзі қызмет етуді үйрету.Мектепке дайындалу.  (әңгімелеу).

 

  1. Күзгі ауыл шаруашылық жұмыстары.Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауылшаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:  1. Күзгі ауыл шаруашылығында өткізілетін жұмыстар жайлы айту  2. Нан туралы айта отырып оқушылардың жан – жақты білімдерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. 3. Нанды қадірлеуге, диқан еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас.

Сабақ әдістемелік тәсілі: әңгімелесу, көрнекілік, сарамандық

Сабақ қолданбалы көрнекілік:  суреттер, нан

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: — Оқушының сабаққа даярлау- Бір-біріне жақсы тілектер айту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өзіне-өзі қызмет ету.Мектепке қалай дайындаласың?Киімді күту. (Тазалықтарын тексеру)

ІІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Күзгі ауыл шаруашылық жұмыстары» деп аталады.Көктемде ауыл шаруашылықта қандай жұмыстар жүргізеді?Күзде ауылшаруашылықта не өзгереді?Балалар, ауыл шаруашылығы еңбегі сендердің үй, бақша өсімдіктері мен үй құстарын, жас төлдерді күтулеріңнен басталады.Ауылдағы, мектеп үлескісіндегі, бау-бақшадағы тигізетін көмектерің де осы еңбек түріне жатады.

ІҮ.Жаңа сабақ:1 Нанның егістіктен дүкенге дейінгі жолы.2Күзде егін орады.3Астықты элеваторға жөнелтеді.4Нан зауытында ұннан нан пісіреді.5Машиналар нанды дүкенге жеткізеді6Дүкенде түрлі нан өнімдерін сатады.

Ү.Бекіту сабағы (практикалық бөлім):1Бидай отырғызу.2Құмыраға топырақ саламыз.3Бидайдың 4-5 дәнегін топыраққа көшіп қоямыз.4Сынып ішінде әлгі отырғызылған бидайға су құйып, жарық жерге қойып, баптап күтеміз.5Бірнеше күн бақылаймыз.

ҮІ.Қорытынды бөлім:1Күзгі ауыл шаруашылығы жайлы не түсіндің?2Нан қайдан келеді?3Бидайды жылдың қай мезгілінде отырғызады?

VIIІ. Үйге тапсырма беру,бағалау:Үйден егістік алқабындағы жұмыс.Суретін салу.11-12 бет оқу.

 

Сабақ № 4. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Үлескідегі жұмыс түрлері.

Сабақтың мақсаты: Үлескідегі жұмыс түрлерімен таныстыру. 2. Еңбек етуге баулу.3. Сана- сезімін дамыту.

Жабдықтау:                        

Сабақтың мазмұны:

 І .Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 ІІ .Мақсат қою: тақырыбын таныстырумақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а)   Түсіндіру.1. Жер жыртылады. Топырақты тырмамен тегістейді. Екі таяқшаға жіпбайлап.үлескінің екі шетіне қадап, атыз тартады.2. Атызға ірі тұқымды қолмен егеді.3. Топырақты қопсытады.4. Көшет отырғызады.5. Көшеттерді суғарып тұрады.6. Күз мезгілінде көкөністерді жинайды.7. Көкөністер менгүлдерді себезгімен суғарады.8. Егіс танаптарында орамжапырақ, қызанақ, картоп, бұрыш сияқты           көкөністерді атыз арқылы суғарады.

Үлескіде қандай жұмыстар істеледі? 2.  Ірі тұқымды қалай егеді?

  1. көкөністер мен гүлдерді қалай суғарады?4. орамжапырақ, қызанақ, картоп, бұрыш өсімдіктерін қалай суғарады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:  Біз нені білдік?

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020