» » Әдебиеттік оқу 2 сынып сабақ жоспарлары

Әдебиеттік оқу 2 сынып сабақ жоспарлары

07 ноябрь 2016, Понедельник
1 336
0

Әдебиеттік оқу пәнінен 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

 

Сабақтың  тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық »

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
  2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту.
  3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, мультимедиялық оқулық

 Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алыңдар.Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?

ІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.

Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:

  1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады?

2.Білім не үшін керек?

3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты?

Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:

1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.

2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:

1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны)

  1. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың?

б/ Дәптермен жұмыс

Ыбырай Алтынсаринның өсиетін дәптерге түсір.

сөздік жұмыс жүргізу.

Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу.

 ІҮ. Түсінгендерін тексеру:

Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?

Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?

Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?

Тауып оқу

 Ү. Қорыту: Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жинау

Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.

 

Сабақтың  тақырыбы: «Малды пайдаға жарату »

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,қанағат туралы әңгімелеу.Әңгімені түсініп оқуға,талдауға үйрету.
  2. Оқушылардың жақсы, адамгершілік  ниет  дамыту.
  3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, мультимедиялық оқулық

 

 Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылардан  өткен сабақтағы өлеңді жатқа айтқызу

«Ата-енең қартайса-

Тіреу болар бұл оқу» өлең жолдарындағы ақын ойын қалай түсіндің?

 

ІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

«Малды пайдаға жарату» мәтінді мәнерлеп, түсініп оқып, мазмұнын ұғындыру

 

*Мәтін кейіпкерлерін ата.

 

Үйшінің  сөздерінен не түсіндің?

 

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

 

 

*СЫЗБАНЫ ТОЛЫҚТЫРУ

 

Үйшінің қарт                                                Үйшінің балаларын

әке-шешесіне                                                оқытып, асырауға  кететін

беретін ақшасы                                             қаражаты

«Борыш»  сөзін басқаша қалай атауға болады?

«Асырау» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

Үйші балаларын оқытып, асырап бағуға беретін ақшасын неге «өсім» деп атайды екен?

 

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

 

Әңгімені  басқаша қалай атауға болады?

 

Бұл әңгіменің алдыңғы өлеңмен байланысы неде?

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

 

ҮЙГЕ: әңгімені  оқып, мазмұнын іңгімелеп айту

 

Сабақтың тықырыбы: Өтебай Тұрманжанов  «Мектеп біздің анамыз»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыра отырып,оның шығармашылығы туралы айту.Өлеңнің негізгі идеясы-білім,білім көзі мектеп,кітап екендігін ұғындыру,білім алуға ынталандыру.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
  2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сөйлеу тілін дамыту.
  3. Оқушыларды білімді болуға, мектеп ережелерін және мектепті өз үйіндей таза ұстауға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер

 Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: Психалогиялық кезең:

 ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?

Қандай өсиет қалдырды?

Өлеңді жатқа сұрау.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ

а/ Ө.Тұрманжанов  туралы түсінік.

Ө.Тұрманжанов 15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылына дүниеге келген.Оның шығармалары өте көп.Балаларға арнап ертегі,әңгімелер жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

 А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:

  1. Өлең не туралы? Сурет пен өлеңді салыстырып көр.

2.Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген??

3.Балалардың көңіл-күйі қандай?

4.оқудың алғашқы күні екенін неден аңғардың?

 Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:

1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.

2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:

1.Өлеңді оқып ақын қолданылған сөздерді пайдаланып,сурет бойынша әңгіме құрастыр.

б/ Дәптермен жұмыс

сөздік жұмыс жүргізу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:

1.Ө.Тұрманжанов туралы не білдік?

2.Күз мезгіліндеігі алғашқы күн қандай мереке?

 

Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып кел.Бағалау.

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020