» » Қазақ тілі 2 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы-136 сағат, аптасына-4 сағат.

Қазақ тілі 2 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы-136 сағат, аптасына-4 сағат.

30 октябрь 2016, Воскресенье
1 293
0

 Қазақ тілі   

 

№ 1.     Тақырыбы: Сөйлем және сөз

Мақсаты: Сөйлем және сөз туралы 1-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.Сөздік қорларын дамыту Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру,  дыбыс және әріп,сөз және сөйлем

ІІІ. Оқулықпен жұмыс:  Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.

1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу.Қазақстан Республикасының  Конституциясы, Ата заңы қашан қабылданды?

2-жаттығу.Қазақстан Республикасының Конституциясы- Ата Заңы қашан қабылданды? ( жатқа жаттап айту).

Жазбаша жұмыс: 3-жаттығу. Өздігінен көшіріп, әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтап, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

ІҮ. Бекіту.а)4-жаттығу (ауызша) сөйлемді оқып, салыстыру. ә)Сөз туралы не білеміз?

Суретке қарап сөйлем құрауСөз бен сөйлемнің айырмашылығы. б) Ойын «Кім тапқыр»

Ү. Үйге тапсырма:6- жаттығу

 

№ 2     Тақырыбы : Дыбыс және әріп    (5-9 жаттығулар)

Мақсаты: Өткенді қайталай отырып, алған білімдерін еске түсіру,жаттығулар  орындау, Танымдық қабілеттерін дамыту.Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі:  сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  6- жаттығу (суретке қарап әңгіме құру) неше сөйлем,қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Дыбыс, әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?( анықтап, дәлелдеу)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс:  7- жаттығу.Өлеңді жатқа көшіріп жазу./күз, түз / сөздерінің мағынасын түсіндіру.   8- жаттығу .(әріптерді қою, сөйлем құру). «Қарындаш, таяқша, өзекше» сөздеріне дыбыстық талдау  жасау.

Ү. Қорыту.Дыбыс нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстарды ата?Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

ҮІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу. Бағалау

 

№ 3      Тақырыбы : Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар .10-14 жаттығу.

Мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды еске түсіру, алфавит туралы қайталау. Ой-өрісін, сауатын қайталау.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру,өздік жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, алфавит

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. 9 – жаттығу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Көркем жазу.  Әә    Әә    Әә   Әтеш.

Оқулықпен жұмыс: 1) (ауызша)10-жаттығу.Оқып, дауысты дыбыстарды табу,жуан және жіңішке  дауысты дыбыстарды ажырату.

Жазбаша жұмыс: 11 – жаттығу, мақалды жатқа жазу, Жуан дауыстылардың астын-бір, жіңішке дауыстылардың астын –екі рет сыз. 12-жаттығу, суретке қарап сөйлем құрау.

( тиісті әріптерді қою,дыбыстық талдау жасау)

13- жаттығуды сурет бойынша әңгіме құру, талдау, үйде өздігінен жазуға даярлау

ҮІІІ Үйге тапсырма: 13 жаттығу.Бағалау

 

№ 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар

Мақсаты: 1-сыныпта өткен буын және тасымал туралы алған білімдерін қайталау, пысықтау Сауатты көркем жазуға баулу. Білімділікке тәрбиелеу.

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ.  Мақсат қою кезеңі:Буын және тасымал

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:13- жаттығу

ІІІ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу .  Бб     Бб     Бб   Балық, балық.2. Балапан, от, жұмыс, доп сөздерін буынға бөлу.

2). 14-жаттығу.Алфавит ретімен  буынға бөліп жазу. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызу.

.Ши-е, бүл-дір-ген, өр-мек-ші, бүр-кіт, е-мен, ға-рыш, доп, хат, шар, ит, ән-ші,ки-ік , тас, үй,ұя.   (Буынға бөлінбейтін сөздерді анықау, неліктен бөлінбейтінін дәлелдеу)

15- жаттығу (өздік жұмыс. Жатқа жазу, бір буынды сөздерді табу. Көп буынды сөздерді буынға бөлу.)

ІҮ. Бекіту:Жаттығулар орындау. 1) ойын «кім жылдам?»  (көп сөздер ойлап,оны тасымалдап жарысу).

2).16- жаттығу. Ауызша ребусты шешу, тасымалдау.

Ү. Үйге тапсырма:16-жаттығу «Тауық» туралы білетініңді жаз.

Бағалау

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020