» » БИОЛОГИЯ 8 СЫНЫП ҚМЖ ҚЫСҚА МЕРЗІМ ЖОСПАРЫ

БИОЛОГИЯ 8 СЫНЫП ҚМЖ ҚЫСҚА МЕРЗІМ ЖОСПАРЫ

22 октябрь 2016, Суббота
3 750
0

Сыныбы: 8- «А»                                             Уақыты:   

Пәні:  Биология

Сабақтың тақырыбы: Мидың құрылысы, бөлімдері.

Сабақтың мақсаты: Мидың құрылысы мен бөлімдері туралы үйрену

Күтілетін нәтиже: Мидың бөлімдері мен атқаратын қызметтерін талдай алады

Әдіс-тәсілдер:  «Ыстық орындық әдісі», «Ассоциация» әдісі, «ББҰ стратегиясы»

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың     іс әрекеті Ресурстар
5 мин  Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау. Өзін -өзі реттеу. Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу,сабаққа қатысуын түгелдеймін, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін Шаттық шеңберін  құрамын. Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді. Шеңбер болып тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады  
2 мин  Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. 4 шағын топтарға бөлу 1,2,3,4 деп санаймын Оқушылар  1-1, 2-2, 3-3, 4-4 бірлесіп шағын топтарға бөлінеді  . Топ басшыларын сайлайды.  
8 мин Үй тапсырмасын пысықтау                                             Оқушылардың білімдерін анықтау үшін үйге берген сұрақтарды сұрау мақсатында «Ыстық орындық» әдісін пайдаланамын. Смайликтер арқылы өзара бағалауды қолданамын. Оқушылар үй тапсырмасын жұптық жұмыс арқылы орындайды. Өзара бағалау арқылы үй тапсырмасын пысықтайды Оқулық
 15 мин Негізгі бөлім

 

Жаңа сабақ

«Ассоциация» әдісі бойынша әр топтан оқушылар тақтаға шығып мидың бөлімдері, атқаратын қызметтері туралы жазады. Тақырыпты ашу үшін сол жазған сөздерін  постерге түсіруін тарсырамын. Әр топ өздеріне берілген сөздерді постерге түсіреді. Әр топ өз жұмысын басқа топтарға  түсіріндіреді. Постер, түрлі-түсті маркер

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020