» » Экология негіздері 0 сынып. Қоршаған дүниемен таныстыру. Мектепалды даярлық тобы. ҚМЖ қысқа мерзім сабақ жоспарлары.

Экология негіздері 0 сынып. Қоршаған дүниемен таныстыру. Мектепалды даярлық тобы. ҚМЖ қысқа мерзім сабақ жоспарлары.

04 ноябрь 2016, Пятница
3 706
0

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы:  Жансыз және жанды табиғат

Мақсат- міндеттері:  Жансыз және жанды табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Экологичның тірі табиғат үшін маңызын түсіндіру, адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Іс — әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

 

Біздің сабақтарымызда табиғат жайында және оны қорғауды оқып үйренеміз. Табиғаттың адам өмірі үшін маңызын білеміз.

Адамдар табиғатсыз өмір сүре ала ма?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі  Балаларға өлі және тірі табиғат болатындығын түсіндіру. Жанды табиғатқа жататындар тұқым шашады, көбейеді, өседі, Жанды табиғатқа адамдар, өсімдіктер, жануарлар жатады.

 

Жансыз табиғат өспейді, тұқым шашпайды, көбеймейді. Қоректенбейтін, қозғалмайтын, сезбейтін, өспейтін нәрселер жансыз табиғатқа жатады. Мысалы: күн, ауа, су, тас, балшық, құм т.б.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн)

Дәмі дежоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

Өмірде одан мол ештене болмайды,

Құшақтасаң, құшағың тек толмайды.  (ауа)

Жанды табиғат пен жансыз табиғатты атап, айырмашылығын айту.

Табиғатты қорғау, оны күту кімнің міндеті?

Әліппе дәптермен жұмыс:

Жасырын тұрған жануарларды ата. Боя.

Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?

Жасырын тұрған суретті тауып бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

 

Қорытынды  Табиғат әртүрлі және қызық. Ол әр адам өмірінде маңызды орын алады. Табиғат адамға сұлулықпен пен жақсы көңіл күй беріп қана қоймайды, сонымен қатар табиғатсыз адамның тіршңлңк етуі мүмкін емес. Балаларды табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.  

Құралдар:  тақырыпқа сай суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы:  Экологиялық белгілер

Мақсат- міндеттері:  Балаларға табиғаттың жанды және жансыз болатыны туралы түсінік беріп, жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері, туған өлке табиғатына сүйіспеншілік және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Іс — әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

 

Балалармен экологиялық белгілер жайлы әңгімелесу.

Қандай экологиялық белгілер білесіңдер?

 

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі  Сабақты эколгиялық белгілер салынған суреттерден бастау.Мысалы: қолмен бұтақты сындыру, музыканы қатты дауысқа қою, гүлдерді, шөптерді аяқпен басу, шыны бутулкаларды сындыру, көбелктерді ұстау, гүлдерді қолмен жұлу, құмырсқаларды аяқпен басу, темекі шоқтарын жерге тастау т.б. Балалар бұл белгілердің экологиялық белгідер екенін айтады.

 

Суретте не бейнеленген?

Әр белгінің мағынасын түсіндір?

Қандай белгі жетпей тұр?

Бос орынға жаңа экологиялық белгі ойластырып, суретін сал.

Суреттерді боя.

Қазақ жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаштың нәзік бүрлерін үзбейді. Жас шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өндірдің бәрі  — тіршіліктің қайнар көзі. «Көк жұлсаң- көктей соласың, қарғыс атады» деп ырымдайды.

Ьыйым сөздер:

— жалғыз ағашты шаппа.

— гүлді жұлма

— құстың ұясына тиіспе, жұмыртқасын алма

— құмырсқаның илеуін бұзба.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Суретте қай баланың ісі саған ұнайды?

Қылығы ұнамайтын баланың суретін сыз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

 

Қорытынды  Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық белгілердің маңызы зор екенін түсіндіру.  

Құралдар:  тақырыпқа сай суреттер

 

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021