» » Дене шынықтыру 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Дене шынықтыру 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

22 апрель 2018, Воскресенье
1 046
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дене шынықтыру
2-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
1-бөлім «Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту» ............................................................. 4
2-бөлім «Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар» ........................................ 11
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 17
3-бөлім «Гимнастика арқылы денені дамыту» .......................................................................... 17
4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары» ............................................................................ 24
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 28
5-бөлім «Денеге түсетін күш пен денсаулық» ........................................................................... 28
6-бөлім «Қозғалыс ойындардың әралуандығы» ........................................................................ 34
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 42
7-бөлім «Топтық ойындар арқылы әлеметтік дағдылар» ......................................................... 42
8-бөлім «Денсаулық және дене белсенділігі» ........................................................................... 49
3
1-тоқсан
1-бөлім «Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене
жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен
тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір
негізгі жолдарын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындаған қиындықтарды анықтайды
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындайтын тәуекелдерді атайды
• Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу
жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі жаттығуға қара. Берілген жаттығуларды орында. Берілген жаттығулар
ағзаға қалай әсер етеді? Туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді анықтауға тырыс.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды талапқа сай орындайды;
− жаттығулар дене бітімін, сымбатын, бұлшық етін нығайтуға ықпал
ететінін айтады;
− жаттығу барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді (қолдың тайып
кетуі, құлап қалу ,аяқпен дұрыс түспеу) атайды;
− туындаған қиындықтарды (дене салмағын ұстай алмауы,тізені
көтере алмауы) анықтайды;
− қатердің алдын алу жолдары (қолды нық ұстау, тізені бүгіп аяқтың
ұшына түсу) туралы ойларымен бөліседі.
4
Тақырып Денсаулық туралы жалпы түсінік
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру
артықшылығын талқылау және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сауықтыру жаттығуларын орындайды және
сипаттайды
• Сауықтыру жаттығуларының ағзаға тигізетін
пайдасы туралы пікірін білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жалпы дамыту жаттығулары кешенін орында. Жаттығулардың ағзаны сауықтыруға
тигізетін әсері, пайдасы туралы ой бөліс.
Жаттығуларды орындау барысында дене бұлшық еттерінде болған өзгерістерді
сипатта.
Дескриптор Білім алушы
− берілген жаттығуларды орындайды;
− дене қозғалысының сауықтыру пайдасын айтады;
− сауықтырудың артықшылықтары туралы әңгімелейді;
− жаттығуды орындау кезіндегі денедегі өзгерісті (бұлшық
еттердің қатаюы, дағдының қалыптасуы) сипаттайды.
5
Тақырып Таңғы жаттығулар жиынтығы
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Дене белсенділігінің алдында денені
шынықтырудың маңыздылығы туралы білімін көрсету
және түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені қыздыру, ширату жаттығуларын
орындайды
• Денені босаңсыту, ағзаны қалпына келтіру
жаттығуларын кешенді орындап көрсетеді
• Денені қыздыру мен босаңсыту жаттығуларының
ерекшеліктерін анықтайды, маңыздылығын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Денені қыздыру, ширату жаттығулары кешенін және ағзаны қалпына келтіру
жаттығуларын жаса.
Бір орында жүру Созылу Секіру Терең дем алу
Денені ширату және босаңсыту жаттығуларын орындау не үшін қажет? Топта
талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− денені ширату жаттығуларын орындайды;
− денені босаңсыту жаттығуларын кешенді орындайды;
− денені ширату (денені қыздыру, дайындау) мен босату (ағзаны
қалпына келтіру) жаттығуларының айырмашылығын анықтайды;
− маңыздылығын түсіндіреді.
6
Тақырып Таңғы жаттығулар жиынтығы
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы
физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасындағы
өзгерістерді анықтайды
• Өз ағзасындағы болған өзгерістерді қадағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жерде сызылған түзу сызықтың бойына (немесе жерге түзу қойылған арқан) тұр.
10-15 секунд бойы сызыққа (немесе арқанға) тиіп кетпей, сызықтың бір жағынан екінші
жағына секір. Арасында 1 минут демалып алып, осы тапсырманы үш қайтара орында.
Жұпта немесе топта еркін секіру жаттығуларын орында.
Дескриптор Білім алушы
− берілген жаттығуды үш қайтара талапқа сай орындайды;
− еркін секіру жаттығуларына қатысады және орындайды;
− ағзадағы өзгерістерді (жүректің жиі соғуы, терлеуі, қызаруы, шаршауы)
айтады;
− өз ағзасындағы өзгерістерді (тыныс алу жиілігінің артуы, әлсізденуі,
басының айналуы т.б.) қадағалай отырып, әрекет жасайды.
7
Тақырып Лақтыру секіру және жүгіру дағдылары
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі
қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының
байланысын анықтайды
• Дене жаттығуларын байланыстыра орындай
отырып, қозғалыс машығын жақсарту жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара және қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын ата.
Гимнастикалық таяқшалармен орындалатын жаттығуларды өзара байланыстыра
отырып орында.
Ұзындыққа бір орыннан секіру жаттығуын орында.
Дескриптор Білім алушы
− қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын атайды;
− гимнастикалық жаттығуларды байланыс реттілігін сақтай отырып
орындайды;
− қозғалыстардың байланысын ескере отырып, секіру жаттығуларын
орындайды;
− қозғалыс машығын жақсарту жолдарын (қолды алшақ/жақын
ұстау; өзі санап жасау, қайталау арқылы т.б) ұсынады.
8
Тақырып Лақтыру, секіру және жүгірудің эстафеталық
элементтері
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Қажет болған жағдайда шығармашылық
міндеттерді талқылау және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әр түрлі дене жаттығуларын орындайды
• Қимыл-қозғалыс дағдыларының сапасын жақсарту
туралы ойымен бөліседі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бір орында тұрып орындалатын қарапайым дене жаттығуларын жаса.
Секіртпемен орындалатын эстафеталық жүгірулерге қатыс.
Топтық жұмыс: Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жолдарын талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуларды бір орында тұрып және реттілікпен орындайды;
− қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру туралы ой бөліседі;
− эстафеталық жарысқа қатысады;
− секіртпемен орындалатын жаттығуларды орындайды;
− қимыл-қозғалыс дағдыларының сапасын жақсарту туралы
ұсыныстарын айтады.
9
Тақырып Лақтыру секіру және жүгірудің эстафеталық
элементтері
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене
қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысу мүмкіндігі
туралы айтады
• Мектепте және мектептен тыс уақыттағы қимыл-
қозғалыс әрекеттерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр спорт түрлеріне қатысты құралдарды анықтап, ата.
• Саған қай спорт түрі ұнайды?
• Онымен қай уақытта айналысасың?
• Мектепте қандай дене қимылдарына қатысты секцияларға қатысатын мүмкіндігің
бар?
• Мектептен тыс уақытта қандай спортпен айналысасың / дене қимылдарын жасайсың?
Дескриптор Білім алушы
− әр спорт түріне қатысты құралдарды атайды;
− өзі ұнататын спорт түрін айтады;
− мектепте қатысатын секция түрлерін атайды;
− мектептен тыс уақытта айналысатын спорт түрін/дене
қимылдарын атайды;
− өзінің дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін сипаттайды.
10
2-бөлім «Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар»
Тақырып Қозғалмалы ойындардың қимыл дағдылар спектрі
Оқу мақсаты 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі
рөлдерді көрсету және атау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің рөлін
анықтайды
• Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзгенің
рөлін айқындайды
• Рөлдердің арасындағы айырмашылықты сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Суретке мұқият қара. Ойынның шартын құрастыр. Рөлдерді анықта.
Құрастырылған ереже бойынша ойынға қатыс. Рөлдермен алмас.
Дескриптор Білім алушы
− ойын шартын анықтайды;
− рөлдердің ережесін бекітеді;
− ойынның рөлін алмастыра отырып, әділ және бәсекелестікте
ойнайды;
− орындаудағы өзінің рөлін (қуушы, қашушы) сақтайды;
− рөлдердің айырмашылығын сипаттайды.
11
Тақырып Доппен қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі
қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының
байланысын анықтайды
• Дене жаттығуларын байланыстыра орындай
отырып, қозғалыс машығын жақсарту жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Доппен орындалатын жаттығуларды жаса.
1. Қашықтыққа тебу:
Жеңіл футбол добын барынша алысқа қарай теп және доптың артынан жүгіріп
жүріп, қайта теп.
2. Биіктік пен қашықтыққа тебу:
Допты ауада жоғарылатып теп.
3. Дәлдік үшін тебу:
Допты конусқа қарай, орындық аяқтарының арасына қарай дәлдеп теп.
Кеңістікте доппен орындалатын жаттығулардың байланысын анықта.
Дескриптор Білім алушы
− допты қашықтыққа тебуді орындайды;
− допты биіктікке тебуді орындайды;
− допты дәлдеп тебуді орындайды;
− қимыл-қозғалыстардың реттілігін сақтай отырып жасайды;
− жаттығулардың байланысын (тебуді) анықтайды;
− тебуді жақсарту жолдарын (аяқты допқа жақын қою, екпін
алып тебу, биіктікке тебуде допты астынан тебу, нысанға
тебуде аяқтың ішкі жағымен тебу, қайталап орындау)
ұсынады.
12
Тақырып Доппен қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада
жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі
білімді нығайтады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзіндік және топтық жұмыс кезінде қимыл-
қозғалыс мақсаттарына қол жеткізуге қатысты
ережелерді атайды және ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жеке жұмыс
Биік конустың төбесіне қойылған үлкен теннис добын алақаныңмен және
ұрғышпен (бита) соғып, доптың ұшу қашықтықтарын өлше. Айырмашылығын анықта.
Ұрғышпен соққандағыдай қашықтыққа жету үшін алақанмен соғуды қалай жаттықтыру
керектігі туралы ойыңды айт.
Топтық жұмыс
Эстафеталық ойынға қатыс. Өз командаңның жеңу немесе жеңілу себептерін
анықта. Қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізу үшін не істеу керектігі туралы ой
бөліс.
Дескриптор Білім алушы
− қолын артқа қарай серпіп, допты алақанымен ұрады;
− ұрғышты нық ұстап, допты бағытына қарай ұрады;
− допты қолмен және ұрғышпен соққан кездегі айырмашылықты
(алысқа ұшуы) анықтайды;
− өз мақсатына қол жеткізудің жолдарын сипаттайды;
− топтық әрекетке қатысады;
− жарыс ережесін сақтап, ойнайды;
− қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізудің жолдарын
ұсынады.
13
Тақырып Қозғалыстар арқылы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Қозғалыс идеяларын, стратегияларын және
жоспарларды талқылайды және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығу құру үшін қозғалыс идеяларын ұсынады
және жоспар құрайды
• Жаттығуды оңтайлы орындау үшін стратегиялар
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Белгіленген кеңістікте допты кедергілер арасымен алып
жүру жаттығуларын орында.
Топтық талқылау.
Допты басқаруға арналған жаттығу түрін ойлап тап. Ойынның ережесін құрастыр және
орындау стратегияларын нақтыла.
Дескриптор Білім алушы
− допты кедергілердің арасымен қолмен алып жүруді орындайды;
− допты аяқпен алып жүруді орындайды;
− допты кедергілерден алып жүруді (алма-кезек ырғыту т.б)
ұсынады;
− оңтайлы стратегиялар (қалай жеңу керектігін, нысанды тез өту
жолдарын) ұсынады.
14
Тақырып Қозғалыстар арқылы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы
оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып,
идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін бекіту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әр түрлі дене жаттығуларын орындау үшін қолайлы
оқыту ортасының қажеттілігін айқындайды
• Түрлі дене жаттығуларын идеяларды, ресурстарды,
кеңістікті ескере отырып орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойынның шартын анықта. Кеңістік пен ресурстарды ескере отырып, ойынға қатыс.
Дескриптор Білім алушы
− ойын барысында қолайлы орта қалыптастырады;
− өзінің және өзгелердің идеяларын ескеріп, ойын шартын
анықтайды;
− өзінің және өзгенің қажеттілігіне қарай кеңістік пен
ресурстарды басқалармен бөліседі.
15
Тақырып Жұптық және топтық жұмыстар
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене
қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысу мүмкіндігі
туралы айтады
• Мектепте және мектептен тыс уақыттағы қимыл-
қозғалыс әрекеттерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бүкіл сыныппен қозғалмалы ойынға қатыс. Ойынның ережесін сақтап ойна.
Мектепте және мектептен тыс уақытта қандай қозғалмалы ойындар ойнайтының туралы
әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
− қозғалмалы ойынға белсене қатысады;
− мектепте және мектептен тыс уақыттағы қозғалыстарын
сипаттайды;
− қозғалысқа қатысу мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
16
2-тоқсан
3-бөлім «Гимнастика арқылы денені дамыту»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене
жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді
түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында туындаған
қиындықтарды анықтайды
• Дене жаттығуларын орындау барысында туындайтын
тәуекелдерді атайды
• Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерде бейнеленген жаттығуларды орында. Жаттығуларды орындау барысында
туындаған қиындықтарды ата. Берілген жаттығуларды орындау барысында қандай
тәуекелдер болуы мүмкін? Олардың алдын алудың жолдарын айт.
Дескриптор Білім алушы
− берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;
− туындаған қиындықтарды (аяқ күшінің әлсіздігі, итеріле алмауы,
салмағын көтере алмауы) атайды;
− орындау барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді (домалау
кезінде мойынның қайырылып қалуы, саусақ буындарына күш
түсуі, қолдың тайып кетуі т.б.) анықтайды;
− қиындықтың алдын алу жолдарын (ретімен, бірқалыпты, бірнеше
рет қайталау, досының көмегімен орындау және т.б) ұсынады.
17
Тақырып Әртүрлі физикалық іс шаралар арқылы күшті дамыту
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Дене белсенділігінің алдында денені шынықтырудың
маңыздылығы туралы білімін көрсету және түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әр түрлі қарқындағы жаттығуларды орындау
барысында денені ширату мен босату
жаттығуларының маңыздылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарапайым денені қыздыру жаттығуларын жаса.
Төмендегі күшке бағытталған дене қозғалыстарын орында.
гантелді 25 рет 25 рет отырып, аяқты 25рет созу аяқты 25 рет тік көтеру
көтеру тұру
Денені қалпына келтіру жаттығуларын жаса.
Денені қыздыру және босату жаттығулары не үшін қажет? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
− денені қыздыру жаттығуларын жасайды;
− күшке бағытталған жаттығуларды орындайды;
− денені қалпына келтіру жаттығуларын жасайды;
− денені қыздыру мен босату жаттығуларының маңыздылығын
айтады.
18
Тақырып Кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі
қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының
байланысын анықтайды
• Дене жаттығуларын байланыстыра орындай
отырып, қозғалыс машығын жақсарту жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген гимнастикалық жаттығуларды орында.
2. Топталудың түрлерін ата және орында.
• Екі тапсырмадағы жаттығулардың байланысын анықта.
• Қимыл- қозғалысты жақсартудың жолдарын ұсын.
Дескриптор Білім алушы
− гимнастикалық жаттығуларды орындайды;
− топталудың түрлерін (отырып, арқаға жатып, аяққа отырып) атайды
және орындайды;
− жаттығулардың байланысын (созылу, иілу) анықтайды;
− жақсарту жолдарын (аяқты түзу созу, қолды нық ұстау, басты тізеге
қою т.б) ұсынады.
19
Тақырып Өрмелеу
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістер
мен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістікте өрмелеудің түрлерін көрсете отырып,
қимыл-қозғалыстағы өзгерістерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Суретте бейнеленген өрмелеу түрлерін орында.
2. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеп жүруді орында.
Жаттығуларды орындау кезінде қимыл-қозғалыста болған өзгерістерді сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
− аяқ пен қолды алмастырып жоғары өрмелейді;
− гимнастикалық орындық үстімен тізерлеп өрмелейді;
− гимнастикалық орындық үстімен аяқ пен қолды алмастыра
өрмелейді;
− гимнастикалық қабырғамен өрмелеп жүру жаттығуын жасайды;
− қимыл-қозғалыстағы өзгерістерді сипаттайды.
20
Тақырып Өрмелеу
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту
үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын
және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің
қозғалыс машығының жақсы және осал тұстарын
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретте бейнеленген жаттығу түрлерін орында. Жаттығуды орындау барысында өз
қозғалыс машығыңның күшті жақтары мен осал тұстарын анықта және сипатта.
Қабырғаға
сатыны ретімен
басып шығу
Гимнастикалық
қабырғамен
көлденеңдеп жүру
Гимнастикалық
қабырғаның бір
бұрышынан жоғарылап
өрмелеу
Денені аяқ
ұшына тұрып
көтеру
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуларды ретімен орындайды;
− өз қозғалысының жақсы жақтарын ( ептілігін, сенімділігін,
орындау үйлесімділігін) көрсетеді;
− өзінің қозғалысындағы осал тұсын (қол мен аяқты дұрыс алмау,
қорқыныш, үйлесімділіктің жоқтығы т.б.) анықтайды.
21
Тақырып Тепе-теңдікті дамыту
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада
жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі
білімді нығайтады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзіндік және топтық жұмыс кезінде қимыл-
қозғалыс мақсаттарына қол жеткізуге қатысты ережелерді
атайды және ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Әр түрлі құрылғыда орындалатын жаттығуларға қатыс. Қозғалыс түрін ата.
2. «Әтештер шайқасы» ойынына қатыс.
Тапсырмаларды орындау үшін қимыл-қозғалыс кезінде нені сақтау қажет? Жұпта ой
бөліс.
Дескриптор Білім алушы
− берілген жаттығуларды әр түрлі құрылғыда орындайды;
− қозғалыс түрін (тепе-теңдікті сақтап жүру) атайды;
− ойынның ережесін сақтап ойнайды;
− тепе-теңдікті сақтау қасиетінің маңыздылығын айтады.
22
Тақырып Тепе-теңдікті дамыту
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді
талқылау және қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің шығармашылық
тапсырмалары туралы ойын айтады
• Қажеттілігіне қарай сындарлы ұсыныс жасайды
Бағалау критерийі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын орында. Өз орындауыңдағы жеке
дағдыларыңды және өзгелердің орындауын жақсартуға қатысты ойыңды айт.
Жұптық жұмыс.
Тепе теңдікті сақтауға қатысты қарапайым жаттығулар ойлап тап.
Дескриптор Білім алушы
− тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды (тізерлеп тұрып
қарама-қарсы жақтағы қол мен аяқты созу, қырынан оң/сол қол
мен аяққа тұру, отырған қалыпта сол аяқ пен оң қолды созу)
орындайды;
− өз орындауындағы жақсы қалыптасқан дағдыларды сипаттайды;
− өзгенің орындауына қатысты ұсыныс жасайды;
− тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын құрастырады.
4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары»
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу
Оқу мақсаты 2.2.7.1 Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір-бірімен
әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзара әрекеттесу барысында адал бәсекелестікті
сақтайды
• Өзінің сезімін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Сыныптастарыңмен бірге «Қызыл жалау» ойынын ойна.
Ойынның шарты:
Ойын алаңының ортасынан сызық сызылады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлі-
неді де, өз жарты алаңында шашыраңқы тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір
басқарушы тағайындалады. Әр топтың алаңының артқы жағынан 2-3 м жерге жалау
тігіледі. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша басталады. Топтың әр ойыншысы
қарсы жақтың жалауын өз жағына жеткізуге тырысады. Ойыншылар өз денесіне
қарсыласының қолын тигізбеуі тиіс және алған жалауды қарсыласына бермеуге тырысуы
керек. Денесіне қол тиген жағдайда немесе ойыншыны ұстап алған жағдайда жалау өз
орнына қайтарылады да, ойыншы сол орында «қатып» тұрады. Топтың қалған ойын-
шылары бір орында қатып тұрған ойыншыға көмекке келіп, қолын тигізу арқылы «жан
бітіруі» керек. Қарсы топтар бір-біріне өз жалауын бермеуге және қарсы жақтың
жалауын алуға тырысады. Ойынға қатысушылар түрлі айла-тәсілдер, амалдар қолданып,
алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобына жалауды бұрын әкелу жағын
қарастырады. Бірақ ойыншыларға белгіленген межелі жерден шығуға болмайды.
Жалауды қарсыласына ұстатпай, денесіне қол тигізбей жеткізген ойыншы немесе
команда ұпай алады.
Топтық жұмыс.
Берілген сұрақтар бойынша ой бөліс.
- Ойын барысында өз тобың үшін қалай әрекет еттің?
- Қандай сезімде болдың?
- Ойын адал бәсекелестікте өтті ме?
Дескриптор Білім алушы
− ойынның ережесін сақтап ойнайды;
− ойын барысында бір-бірімен өзара әрекетке түседі;
− ойын барысында түрлі айла, амалдар қолданады;
− ойынды әділ бәсекелестікте ойнайды;
− өз тобына қатысты жасаған әрекеттері мен сезімін сипаттайды.
24
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене
қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысу мүмкіндігі
туралы айтады
• Мектепте және мектептен тыс уақыттағы қимыл-
қозғалыс әрекеттерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Ұлттық ойын түрлерін ата.
• Жұптық жұмыс.
Мектепте және мектептен тыс кезде қандай ұлттық ойын түрлерін ойнайтындығың
туралы ой бөліс.
• «Аударыспақ» ойынына қатыс.
Дескриптор Білім алушы
− суретте бейнеленген ұлттық ойындарды атайды;
− мектепте және мектептен тыс уақытта ойнайтын ойындарды
сипаттайды;
− «Аударыспақ» ойынының шартын сақтап, ойнайды.
Тақырып Рөльдік сюжеттік ойындар
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Қажет болған жағдайда шығармашылық
міндеттерді талқылау және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің шығармашылық
тапсырмалары туралы ойын айтады
• Қажеттілігіне қарай сындарлы ұсыныс жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Шығармашылық жаттығуларға қатыс. Өзіңнің және басқаның орындаулары туралы
ойыңды айт және қажеттілігіне қарай жетілдіру жолдарын ұсын.
2. Суреттерге мұқият қара. Олардың ойнау тәсілдерінің айырмашылығын анықта.
Берілген ойындардың біріне қатыс.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды талапқа сай (тізерлеп отырып, бөксені көтеріп
итеріліп, алға домалау, топталып аяққа тұру) орындайды;
− өзгенің орындауы туралы ойын айтады, ұсыныс жасайды;
− екі ойынның айырмашылығын анықтайды;
− ойынның шартын сақтап ойнайды.
26
Тақырып Ынтымақтастық және әділ ойын
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Шығармашылық қабілеттерді және идеяларды
түсіндіру және көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында ынтымақтастықты
қалытастырады
• Өзінің қабілеттерін көрсетіп, адал ойнайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Топтық жұмыс
«Шеңберге допты қосу, көбейту» ойыны.
Топтық ойынның идеяларын түсін және ойынға қатыс.
Дескриптор Білім алушы
− топтық ойынның ережесін, идеяларын анықтайды;
− ойында өзінің дағдысын (допты қағып алу, беру) қалытастырады;
− сыныптастарымен түсінушілікті, ынтымақтастықты сақтайды;
− ойынның ережесін сақтап, әділ ұстанады.
27
3-тоқсан
5-бөлім «Денеге түсетін күш пен денсаулық»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене
жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен
тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір
негізгі жолдарын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
• Дене тәрбиесі сабағында қауіпсіздік ережесін
қолданып, оның алдын-алудың жолдарын табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке қарап физикалық қозғалысты ата және туындайтын қиындықтар мен
тәуекелдерді анықта. Жаттығу орындау кезінде қауіпті сәттерді анықта.
Дескриптор Білім алушы
− дене жаттығуларының түрін атайды;
− туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды;
− жаттығу барысындағы қауіпті сәттерді анықтайды;
− қауіпсіздік ережесін сақтайды.
28
Тақырып Белсенді қозғалыс және төзімділік
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы
физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді
анықтап, қадағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген қозғалыстар қандай қасиеттерді дамытады? Қозғалыс әрекеті
кезіндегі ағзадағы болған өзгерістерді сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
− көрсетілген қозғалыстардың қандай қасиеттерді дамытатынын
айтады;
− ағзадағы өзгерістерді сипаттайды.
29
Тақырып Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру
артықшылығын талқылау және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын
талқылап, сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қозғалыс әрекеттерінің түрін және оның жылдамдықты дамытудағы әсерін
анықта.
Дескриптор Білім алушы
− қозғалыс түрлерін атайды;
− жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;
− спорттық эстафетада белсенді әрекет жасайды.
30
Тақырып Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін
дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті
жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің
біліктілігі мен кемшілігін ажырата отырып, өзінің
қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін
дамытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Кіші допты лақтыру жаттығуына қатыс.
бір адымнан допты лақтыру үш адымнан допты лақтыру
Бір адымнан допты лақтыру кезіндегі өзіңнің жақсы жағыңды анықта.
Үш адымнан допты лақтыру кезіндегі өзіңізнің осал жағыңды анықта.
Туындайтын қиындықтар мен тәуекелдер түрін сыныптастарыңмен анықта.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды орындайды;
− негізгі дағды қол мен аяқтың үйлесімді қозғалысын айтады;
− өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктерін анықтап айтады;
− туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді бірігіп анықтайды.
31
Тақырып Дәстүрлі қазақтың жүгіру ойындары
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым
өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе
біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
● Кеңістікте доппен орындалатын жаттығулар
түрлерін көрсете отырып, қимыл-қозғалыстағы
өзгерістерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Көрсетілген жаттығулардың 1, 3, 6 түрін орында.
Доппен орындалатын жаттығулардан кейін қимыл-қозғалыстағы өзгерісті анықта.
Дескриптор Білім алушы
− көрсетілген жаттығулардың орындалу ретін айтады;
− жаттығудың үш түрін орындайды;
− жаттығудан кейінгі қимыл-қозғалыстағы өзгерісті анықтайды.
32
Тақырып Жұптық және топтық ойындар
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде
уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін
көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым дене жаттығуларын бірқалыпты
орындау кезіндегі уақыт пен кеңістіктің
байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Топтық жаттығуды орында. Допты дұрыс траекториямен беру дағдысын дамыт.
Жаттығудағы бірқалыптылық, кеңістік және уақыт ұғымын жұпта анықта.
Дескриптор Білім алушы
− топтық жаттығуды орындайды;
− жаттығудағы бірқалыптылықты анықтайды;
− жаттығудағы кеңістік және уақыт ұғымын анықтайды.
33
6-бөлім «Қозғалыс ойындардың әралуандығы»
Тақырып Көрнекті ойындар
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене
жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен
тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір
негізгі жолдарын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым жаттығуларды орындау кезінде
туындауы мүмкін қиындықтарды анықтайды және
оны жеңу жолдарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жаттығуларды орында.
Гимнастикалық орындықпен жасалатын жаттығулар кезіндегі қиындықтар мен
тәуекелдерді анықта.
Қиындықтар мен қауіп-қатерлердің жеңу жолдарын топта талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды қауіпсіздік ережесін сақтап, орындайды;
− туындаған қиындықтарды анықтайды;
− тәуекелдерді анықтайды;
− қиындықтарды жеңу жолдарын көрсетеді.
34
Тақырып Көрнекті ойындар
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада
жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі
білімді нығайтады
Бағалау критерийі Білім алушы
● Өзіндік және топтық жұмыс кезінде қимыл-
қозғалыс мақсаттарына қол жеткізуге қатысты
ережелерді анықтайды және ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Көрсетілген жаттығуларды орында. Жаттығудың негізгі талабы дененің бұлшық етін
дамыту. Оған қалай жетуге болады жұбыңмен анықта.
2. Командалық іс-әрекетке қатыс. Қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізуге қатысты
негізгі талапты анықта.
Дескриптор Білім алушы
− көрсетілген жаттығуларды орындайды;
− дененің бұлшық етін дамыту жолдарын жұбымен талқылайды;
− командалық іс-әрекетке қатысады;
− қимыл-қозғалыс мақсатына жетуге болатын талаптарды
анықтайды.
35
Тақырып Кіріктірілген ойындар
Оқу мақсаты 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі
рөлдерді көрсету және атау
Бағалау критерийі Білім алушы
● Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің
және өзгенің рөліндегі айырмашылықты анықтайды
және көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойын шартын анықта. Ережені сақтап ойна. Рөлдермен алмас.
Дескриптор Білім алушы
− ойын шартын анықтайды;
− ойынды әділ, бәсекелестікте ойнайды;
− ойында өзінің рөлін ажыратады;
− рөлдермен алмасады.
36
Тақырып Кіріктірілген ойындар
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту
үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын
және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында өзінің
қозғалыс машықтары бойынша күшті жақтары мен
кемшіліктерін анықтайды
• Өзінің қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін
дамытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Көрсетілген жаттығуларды орында. Қозғалыс машықтары бойынша жақсы жақтарыңмен
кемшіліктеріңді анықта.
2. Өзіңнің қимыл - қозғалыстағы кемшіліктерін қалай түзетуге болатыны жөнінде
жұбыңмен талқылап, анықта.
Дескриптор Білім алушы
− шаңғымен таяқсыз итеріліп сырғиды;
− шаңғыда таяқпен итеріліп бір адымды жүрісті орындайды;
− төбешікке «баспалдақ» тәсілімен көтеріледі;
− жаттығудан кейінгі өзінің жақсы жағы мен кемшіліктерін айтады;
− өзінің қимыл кемшіліктерін, түзету қабілеттілігін жұбымен
талқылап, анықтайды.
37
Тақырып Жай жабдықтар арқылы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы
оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып,
идеяларды, ресурстар, кеңістік, білімін бекіту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайлы оқыту ортасын құрып, түрлі дене
жаттығуларын орындайды
• Дене жаттығуларын орындау кезінде идеялар,
ресурстар мен кеңістікті өзінің және өзгелердің
қажеттілігіне қарай бөліседі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Жаттығуларды орында. Жаттығу жасауға қолайлы оқыту ортасы қажеттілігін
сыныптасыңмен талқыла.
2. Ойынның шартын анықта. Ресурстар мен кеңістікті өзінің және өзгелердің
қажеттілігіне қарай бөлісе отырып ойна.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды орындайды;
− қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын талқылайды;
− ойын шартын анықтайды;
− ресурстар мен кеңістікті өзінің және өзгелердің қажеттілігіне
қарай бөліседі;
− ойынды әділ,бәсекелестікте ойнайды.
38
Тақырып Жай жабдықтар арқылы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді
талқылау және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
● Өзінің және басқаларының шығармашылық
тапсырмаларын талқылайды және қорытынды
шығарады
● Орындалған тапсырмаларға өз көзқарасын білдіріп,
сындарлы ұсыныс жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген жаттығуларды орында. Жаттығуларды орындай отырып, секіру дағдыларын
жақсартуға тырыс. Жақсарту үшін не істеу керектігін ақылдас?
Дескриптор Білім алушы
− іс-әрекетке қатысады;
− тапсырманы өз деңгейінде орындайды;
− өзгенің орындаған жаттығуын талдайды;
− өзінің көзқарасын білдіреді және ұсынысын айтады.
39
Тақырып Шабуыл әрекеті арқылы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Қозғалыс идеяларын, стратегияларын және
жоспарларды талқылайды және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
● Талқыланған идея негізінде жоспар құрып,
стратегиясын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Ойынға қатыс. Ойынның шартын анықта. Белгіленген кеңістікте қозғалу арқылы
нысанды басқарып, жоспар құр.
2. Футбол ойынында қарсыласты жеңу стратегиясын команда мүшелерімен ақылдас.
Дескриптор Білім алушы
− ойын шартын анықтайды;
− ойынды әділ, бәсекелестікте ойнайды;
− допты алып жүру дағдыларын көрсетеді;
− идеясын айтып, жоспар құрады.
40
Тақырып Шабуыл әрекеті арқылы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Шығармашылық қабілеттерді және идеяларды
түсіндіру және көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
● Шығармашылық идеяларды талқылай отырып,
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Көрсетілген жаттығулардың түрін орында.
2. Доппен орындалатын тапсырмаларға байланысты ойларыңды тобыңмен бірге талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− көрсетілген жаттығулардың түрін орындайды;
− тапсырмалардың идеяларын өзгелермен талқылайды;
− жаттығудан кейінгі қимыл-қозғалыстағы өзгерісті анықтайды.
4-тоқсан
7-бөлім «Топтық ойындар арқылы әлеметтік дағдылар»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана
дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен
тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір
негізгі жолдарын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындаған қиындықтарды анықтайды
• Дене жаттығуларын орындауда туындауы мүмкін
тәуекелдерді атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жаттығулар кешенін ретімен орындап көрсет.
Жаттығуды орындау барысында туындаған қиындықтарды ата.
Жаттығуды орындау кезінде туындауы мүмкін тәуекелдер туралы ой бөліс.
Туындаған қиындықтарды жеңу жолын талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығудың қауіпсіздік ережесін сақтап, орындайды;
− туындаған қиындықтарды анықтайды;
− туындауы мүмкін тәуекелдерді атайды;
− қиындықты жеңу жолын атайды.
42
Тақырып Комуникативті дағдыларды дамыту
Оқу мақсаты 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі
рөлдерді көрсету және атау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау кезіндегі өзінің
және өзгенің рөлін анықтайды
• Рөлдердің арасындағы айырмашылықты сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Берілген ойынның шартын анықта.
Өзіңнің рөліңді өзгенің рөлімен салыстыра сипатта.
Ойын арқылы қандай қасиеттерді дамытуға болады?
Рөлдерді ауыстырып ойна.
Дескриптор Білім алушы
− ойынның шартын анықтайды;
− рөлдердің арасындағы айырмашылықты сипаттайды;
− ойынның дамытушылық қасиеттерін атайды;
− рөлін ауыстырып ойнайды.
43
Тақырып Жеке шығармашылық қабілет
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі
қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының
байланысын анықтайды
• Дене жаттығуларын байланысын сақтай отырып,
қозғалыс машығын жақсарту жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Тапсырманы орында. Топтық жұмыс кезіндегі негізгі байланыстырушы элементерді
анықта.
2. Жүгіру, допты беру/қабылдау, лақтыру қабілетіңді дамыта отырып, қозғалыс
машығын жақсарту жолдарын талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− берілген тапсырмаларды орындайды;
− ойын барысындағы негізгі байланыстырушы элементерін
анықтайды;
− жүгіру, допты беру/қабылдау, лақтыру қабілеттерін дамытады.
44
Тақырып Жеке шығармашылық қабілет
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде
ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және
көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалмалы ойындар барысында ережені сақтайды
және құрастырылған тәсілдерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Атыспақ» ойынының шартымен таныс.
Ойынның шарты: Топ екі командаға бөлініп, волейбол алаңында тұрады. Ойынның
мақсаты қарсыласын доппен ұрып тигізу. Командалардың артында жолақ сызық сызылған,
оған қарсыластың доп тиген ойыншылары барып тұрады, ол ойыншыны құтқару үшін
командаластары допты жерге, керегеге тигізбей әуелетіп оған берулері керек. Допты
ұстаған ойыншы оны қайтадан өз командасына лақтырып, өзі өз жағына өтеді де ойынды
ары қарай жалғастырады.
1. Допты бостан босқа жерге ұруға болады.
2. Допты қолмен ұстауға болады, егер допты түсіріп алса «дәлізге» барып тұрады.
3. Доппен алаңда жүгіруге болмайды,тек алып жүруге болады.
Ойын 10-15мин өткізіледі, осы кезде қай команданың ойыншылары «дәліздің» ішінде көп
болса, сол команда жеңілген болып саналады.
• Ойынның ережелерін сақта.
• Ойынға қатыс.
• Қарсылас команданы ұту үшін құрастырылған тәсілдерді қолдан.
Дескриптор Білім алушы
− ойынның ережелерін сақтайды;
− қозғалмалы ойынға қатысады;
− ойынды әділ, бәсекелестікте ойнайды;
− қарсылас команданы ұту үшін құрастырылған тәсілдерді
қолданады.
45
Тақырып Шығармашылық - топтық жұмыс арқылы
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен
басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және
қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті
ұсыныс жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орындаған шығармашылық тапсырмалары туралы
ойын айтады
• Шығармашылық жұмыстарға қатысты сындарлы
ұсыныс жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жаттығулардың орындалу ретін ата және орындап көрсет.
Допты лақтырудың жақсарту жолдарын ұсын.
Дескриптор Білім алушы
− берілген жаттығулардың орындалу ретін атайды;
− жаттығуларды орындайды;
− допты лақтырудың жақсарту жолдарын ұсынады.
46
Тақырып Шығармашылық - топтық жұмыс арқылы
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Шығармашылық қабілеттерді және идеяларды
түсіндіру және көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында шығармашылық қабілеттерін
сипаттайды
• Өзінің композициялық идеяларын талқылап және
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қозғалмалы ойынға қатыс. Ойын шартын анықта.
Ойын барысындағы көңіл күйлер мен эмоцияларыңды сипатта.
Өзіңнің композициялық идея, ойларыңды топта талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− қозғалмалы ойынға қатысады;
− ойын шартын анықтайды;
− композициялық идея, ойларын топта талқылайды.
47
Тақырып Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс
Оқу мақсаты 2.1.6.1 Тәуекелдердің туындау мүмкіндігін түсінеді,
қарапайым және өзгертілген дене жаттығуларын жетілдіру
кезінде машықтар мен шеберлікті нығайтады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын жетілдіру кезінде машықтар мен
шеберлікті нығайтады
• Дене жаттығуларын орындауда туындауы мүмкін
тәуекелдерді атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Тапсырмаларды орында. Жаттығуларды бірнеше рет қайталап орында.
2. Жаттығуды орындау кезіндегі туындауы мүмкін тәуекелдерді анықта.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды бірнеше рет қайталап орындайды;
− туындауы мүмкін тәуекелдерді атайды.
48
8-бөлім «Денсаулық және дене белсенділігі»
Тақырып Таза ауадағы дене тәрбиесі (іс-әрекеті)
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене
жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен
тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір
негізгі жолдарын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді айтады
• Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу
жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Жаттығуларды орында. Жаттығуды орындау барысында туындаған қиындықтарды
сипатта.
2. Жаттығуды орындау барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді ата.
● Туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді жеңу жолдары туралы ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуларды орындайды;
− туындаған қиындықтарды сипаттайды;
− орындауда туындауы мүмкін тәуекелдерді атайды;
− қиындықты жеңу жолы туралы ойын айтады.
49
Тақырып Таза ауадағы дене тәрбиесі (іс-әрекеті)
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру
артықшылығын талқылау және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сауықтыру жаттығуларын орындайды
және сипаттайды
• Сауықтыру жаттығуларының ағзаға
тигізетін пайдасы туралы пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Жүру, жүгіру, уақытқа жүгіру жаттығуларының айырмашылығын және сауықтыру
сипатын анықта.
жүру жүгіру уақытқа жүгіру
2. Көрсетілген жаттығуларды орында. Жаттығулардың ағзаға
тигізетін пайдасы туралы жұбыңмен ақылдас.
Дескриптор Білім алушы
− жүру, жүгіру, уақытқа жүгіру жаттығуларының сауықтыру
сипатын анықтайды;
− көрсетілген жатығуларды орындайды;
− жаттығулардың ағзаға тигізетін пайдасы туралы пікірін
білдіреді.
50
Тақырып Жеке және топтық белсенділік арқылы жүгіру қабілеттері
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде
уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін
көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
● Дене қасиетін дамытуға бағытталған жүгіру
жаттығуларын орындауда уақыт, кеңістікті және
бірқалыптылықты анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген эстафеталық жаттығу түрлерін орында.
допты алып жүру допты аяқпен алып жүгіру эстафеталық таяқшамен жүгіру
• Жүгіру мен эстафеталық жүгірудің айырмашылығы қандай? Сипатта.
• Түрлі эстафеталар арқылы қандай қасиеттерді дамытуға болады?
● Эстафета кезінде уақыт, кеңістік және бірқалыптылықты қалай түсінетіндіктеріңді
анықта.
Дескриптор Б і лім алушы
− жаттығуларды орындайды;
− жүгіру мен эстафеталық жүгірудің айырмашылығын сипаттайды;
− жылдамдық, ептілік қасиетін эстафеталар арқылы дамытатынын
айтады;
− эстафета кезінде уақыт, кеңістікті және бірқалыптылықты
анықтайды.
51
Тақырып Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым
өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Биіктікке секіру жаттығуын орындай отырып,
қимыл-қозғалыстың кеңістіктегі өзгерісін
анықтайды
• Динамикада дене жаттығулар түрлерін көрсете
отырып, қимыл-қозғалыстағы өзгерістерді ұғынады,
айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Суретке қара. Биіктікке секіру жаттығуын орында. Жаттығу түрінің орындалу ретін
талқылап, сипатта.
2. Жаттығуларды орында. Ұзындыққа секіру дағдыңды, көрсетілген жаттығуларды
бірнеше рет қайталау арқылы дамыт.
3. Биіктікке, ұзындыққа секіру жаттығуын кеңістік, динамика ұғымдарымен қалай
байланыстырасың? Пікірлесіңдер.
Дескриптор Білім алушы
− көрсетілген жаттығулардың орындалу ретін сипаттайды;
− жаттығуды бірнеше рет қайталап орындайды;
− жаттығулардың кеңістік, динамика ұғымдарымен байланысын
анықтайды.
52
Тақырып Эстафета және қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен
басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және
қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті
ұсыныс жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің шығармашылық
тапсырмалары туралы ойын айтады
• Шығармашылық жұмыстарға қатысты сындарлы
ұсыныс жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Доппен ойналатын эстафетаға қатыс.
Эстафетаның шарты: Команда мүшелері бірінің артынын бірі тұрады. Белгілі бір
арақашықтықта әр команданың алдына доп қойылады. Белгі бойынша бірінші ойыншы
жүгіріп барып, допты алады да, кері қайтып келген соң екінші ойыншыға береді. Жарыс
осылайша жалғаса береді.
• Осы эстафетаны қалай түрлендіруге болады? Топта ой бөліс және идеяңды ұсын.
2. Жеке орындалатын эстафетаға қатыс. Жаттығу түрлерінің дене дамуына қалай
әсер ететіндігін сипатта.
Дескриптор Білім алушы
− доппен орындалатын эстафетаға қатысады;
− эстафетаны түрлендіру жолдарын ұсынады;
− жеке орындалатын эстафетаға қатысады;
− эстафеталық жүгірудің дене дамуына әсерін сипаттайды;
− шығармашылық жұмыстарға қатысты ұсыныс айтады.
53
Тақырып Эстафета және қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада
жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі
білімді нығайтады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзіндік және топтық жұмыс кезінде қимыл-
қозғалыс мақсаттарына қол жеткізуге қатысты
ережелерді сақтайды және шартын құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс.
Суреттерде бейнеленген командалық ойындардың бірінің шартын құр.
Командалық ойынға қатыс.
Доппен жаттығуларды орындай отырып, жеке дағдыларыңды жақсартуға тырыс.
Дескриптор Білім алушы
− командалық іс-әрекетке қатысады;
− ойынның шартын құрады;
− тапсырманы өз деңгейінде орындап, дағдысын
жақсартады.
54

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021